БАЛАНЫ БАЛДАН ТӘТТІ ДЕМЕҢІЗ
Баланы балдан тәтті демеңіз,
Асырауы белгісіз.
Әйелде де жақсы көп,
Жан жолдасқа бергісіз.
Төбесі биік үйіңде,
Төрт күн тұрарың белгісіз.
Қазы-қарта, жал-жая,
Күнде жерің белгісіз.
«Бақыттымын» демеңіз,
Бақ тұрары белгісіз.
Алты баланы бір әке асырайды,
Алты бала бір әкені асырай алмайды.
Ал, әлеумет бұған не дерсіз?