Азаматтарды әскери-техникалық және басқа да мамандықтар бойынша даярлау

Азаматтарды әскери-техникалық және басқа да
мамандықтар бойынша даярлау

1 Бөлім.Жалпы талаптар

10. Азаматтарды әскери-техникалық және басқа да әскери мамандықтар бойынша даярлау Заңға сәйкес жүргізіледі.
11. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі «Әскери-техникалық мектебі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі — ҚР ҚМ арнайы ұйымдары) білім алушылармен әскери міндет және ерікті тәртібі негізде жасақталады.
12. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментімен оқу жылына әскери бөлімдердің әскери-техникалық мамандарға (1-қосымша) және әскери оқытылған резервті (2-қосымша) жұмылдыру қажеттілігіне сәйкес әзірленетін әскери-техникалық және басқа да әскери мамандықтар бойынша даярлау жоспарларын белгілейді.
13. Жоспарланатын кезеңге (үш жылға) арналған – өтеусіз негізде әскери-техникалық және басқа да әскери мамандарды даярлау жөніндегі жоспарлар ҚР ҚМ мүдделі құрылымдық бөлімшелерімен келісіледі, оны ағымдағы жылғы 20 ақпанға дейінгі мерзімде Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары –Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы бекітеді және ҚР ҚМ мамандырылған ұйымдарына, жергілікті әскери басқару органдарына және жоспарлы кезеңге арналған шығыстарды жоспарлау және жұмысты ұйымдастыру үшін бюджеттік бағдарламалар іс-шараларының тиісті жауапты орындаушыларына жеткізіледі.
14. ҚР ҚМ мамандандырылған ұйымдары жергілікті әскери басқару органдарымен бірлесіп, әскери оқытылған резервті, әскери-техникалық және басқа да әскери мамандарды даярлау жоспарынан үзіндіні алғаннан кейін кезекті оқу жылына оқу-жаттығу взводтарын жасақтау жоспар-кестесін (3-қосымша) әзірлейді.
15. Азаматтарды медициналық куәландырудан өткізуді олардың әскери қызметке жарамдылығы (жарамсыздығы) туралы қорытындысымен медициналық комиссиялар денсаулық жағдайы бойынша әскерге шақырылуға жататын азаматтарды іріктеуді «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидасын және Әскери-дәрігерлік сараптама органдары туралы ережені бекіту туралы» 2015 жылғы 2 шілдедегі № 373 (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 5 тамызда № 11846 болып тіркелген) және «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында қызмет ету үшін адамдар денсаулық жағдайының сәйкес келуіне қойылатын талаптарды бекіту туралы» 2013 жылғы
29 қаңтардағы № 37 (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылғы 15 ақпанда № 8336 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрықтарына сәйкес жүргізеді.
16. Әрбір әскерге шақыртылғандарға (әскери міндеттілерге) медициналық куәландыру картасы атаулық тізіммен (4 қосымша) ҚР ҚМ мамандандырылған ұйымына жіберіледі.
17. ҚР ҚМ мамандандырылған ұйымдарын жасақтау аумақтық және эксаумақтық қағидат бойынша жүзеге асырылады.
18. Бұрын сотталған немесе қылмыстық жауапкершіліктен ақталмайтын негіздер бойынша босатылған немесе оларға қатысты қылмыстық істер қозғалған әскери міндеттілер ҚР ҚМ мамандандырылған ұйымдарға оқу үшін жіберілмейді.
19. Оқу үшін қабылданған азаматтар әскерге шақырылушылар (әскери міндеттілер) деп аталады. Әскерге шақырылушылар (әскери міндеттілер) қатарынан саны 24-30 адам болатын оқу-жаттығу взводтары жасақталады, олар өзіне 8-10 адамнан тұратын оқу-жаттығу бөлімшелерін қамтиды.
20. Әскерге шақырылушыларды жиналу пунктінен ҚР ҚМ мамандандырылған ұйымдарының орналасу орнына дейін тасымалдау бойынша шығындар сонымен бірге әскери-техникалық және басқа да әскери мамандықтар бойынша тегін негізде даярлау бағасына қосылады.
21. Оқыту үшін іріктеп алынған және жіберілген азаматтарды жасақтаушы жергілікті әскери басқару органдарының өкілдері атаулы тізімдер бойынша ҚР ҚМ мамандандырылған ұйымдарына береді.
22. Әскерге шақыртылғандардың (әскери міндеттілердің) атаулы тізімдері екі данада жасалады. Тізімдердің бірінші данасы әрбір әскерге шақыртылғандардың (әскери міндеттілердің) медициналық комиссиядан өту нәтижелері туралы медициналық парақтарының көшірмесімен бірге ҚР ҚМ мамандандырылған ұйымдарына беріледі, тізімдердің екінші данасы тиісті жергілікті әскери басқару органдарында сақталады.
23. ҚР ҚМ мамандандырылған ұйымдарының әрбір әскерге шақырылушысымен (әскери міндеттімен) оқытуға шарт (5, 6 қосымшалар) жасалынады.
24. Әскери-техникалық және басқа да әскери мамандықтар даярлау бойынша азаматтарды оқыту мерзімі даярлау бағдарламасы бойынша алатын мамандыққа байланысты белгіленеді.

2 Бөлім.Ақысыз негізде әскерге шақыртылғандарды әскери-техникалық және басқа да мамандықтар бойынша даярлау процесін ұйымдастыру

25. Өтеусіз негізде әскери-техникалық және басқа да әскери мамандықтар бойынша даярлауға денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамды, жасы он жеті жас алты айдан жиырма алты жасқа дейінгі мерзімді қызметке әскерге шақырылуға жататын азаматтар тартылады.
Іріктеліп алынған әскерге шақыртылғандарға психологиялық зерделеу өткізіледі.
26. Өтеусіз негізде азаматтарды даярлау жергілікті әскери басқару органдарының жолдамасы бойынша жүргізіледі.
Оқу жылы жылдың қаңтар айында басталады және өзіне әскери-техникалық және басқа да әскери мамандар даярлаудың екі кезеңін қамтиды, тек көлік құралдары жүргізушілерін даярлаудан басқа:
1 кезең – 15 қаңтардан бастап (көктемгі әскерге шақыруға);
2 кезең – 15 маусымнан бастап (күзгі әскерге шақыруға).
Сонымен бірге, көлік құралдары жүргізушілерін даярлау тек оқу жылының бір мезгілінде жүзеге асырылады.
27. Комиссия хаттамасына тек әскери-техникалық және басқа да әскери мамандар даярлау бойынша өтеусіз негізде оқытылатын азаматтар ғана енгізіледі.
28. Оқыту үшін азаматтарды жіберу жергілікті әскери басқару органдарының бұйрықтарымен ресімделеді, онда тізімдік құрам, оқыту мерзімі, мамандар ол бойынша азаматтар оқытылуға тиіс.
29. Өтеусіз негізде оқытылатын әскерге шақырушылар (әскери міндеттілер) әскери-техникалық және басқа да әскери мамандар даярлау қозғалысын есепке алу журналында есепке алынады (7-қосымша).
30. Көлік құралдарының жүргізушілері ретінде даярлау үшін тағайындалған азаматтар, одан басқа белгіленген қолданыстағы заңнамалық тәртіппен медициналық қараудан өтеді.
31. Жергілікті әскери басқару органдары өтеусіз негізде ҚР ҚМ мамандандырылған ұйымдарында оқытылатын әскери-техникалық мамандар және басқа да әскери мамандармен уақтылы және сапалы жасақтау үшін толық жауапкершілікте болады.
32. Әскери-техникалық және басқа да әскери мамандықтар бойынша оқыту үшін азаматтарды іріктеу сабақтар басталғанға дейін он күннен кешіктірілмей аяқталады. Іріктеу аяқталғаннан кейін жергілікті әскери басқару органдары оларға нұсқама (8-қосымша) береді, сондай-ақ олардың негізгі жұмыс орны бойынша хабарламаларды жолдайды.
33. Оқу бағдарламаларына сәйкес даярлықтан өткен азаматтар әскери қызметке шақырылады немесе әскери міндеттілердің запасына қабылданады.

3 Бөлім. Әскерге шақыртылғандарды (әскери міндеттілерді)
ақысыз негізде әскери-техникалық және басқа да мамандықтар бойынша даярлау процесін ұйымдастыру

34. Өтеулі негізде әскери-техникалық және басқа да әскери мамандықтар бойынша даярлауға мыналар тартылады:
келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеру үшін денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамды әскери міндеттілер;
әскери оқытылған резервті даярлау бағдарламасы бойынша оқыту үшін жасы жиырма төрт жастан бастап жиырма жеті жасқа дейін, денсаулық жағдайы бойынша жарамды немесе шектеулі жарамды, оның ішінде әскери қызметке шақыру кейінге қалдырылған азаматтар.
Әскери-техникалық және басқа да әскери мамандықтар бойынша өтеулі негізде оқуға түсу үшін азаматтарды жинау балама негізде халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы немесе жергілікті әскери басқару органдары Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің мынадай бұйрықтарымен бекітілген «Азаматтарды әскери-техникалық және басқа да әскери мамандықтар бойынша даярлау туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігініңмемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 170 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» 2016 жылғы 22 қантардағы № 21 (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінін нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде 2016 жылғы 11 наурызда № 13440 тіркелген) «Азаматтарды әскери-техникалық және басқа да әскери мамандықтар бойынша даярлау туралы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» 2016 жылғы 24 ақпандағы № 86 (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінін нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде 2016 жылғы 28 наурызда № 13540 тіркелген) арқылы жүзеге асырылады.
35. Өндірістен қол үздіре отырып, өтеулі негізде даярлықтан өтетін азаматтардың оқу кезеңінде жұмыс орны (лауазымы) сақталады.
36. Ақысыз негізде оқыту үшін іріктеліп алынған әскерге шақыртылғандарды (әскери міндеттілерді) жіберу құрама тізімге сәйкес жүзеге асады.
37. Өтеулі негізде оқытылатын азаматтардың оқыту үшін төлеуі есеп айырысу ҚР ҚМ мамандандырылған ұйымның шотына аудару жолымен жүргізіледі.
Әскери-техникалық және басқа да әскери мамандарды оқытуға бағалар Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарының атынан уәкілетті орган бекітеді.
38. Әскери оқытылған резерв бағдарламасы бойынша оқытылатын әскерге шақырылушылар (әскери міндеттілер) қабылданғаннан кейін далалық киім-кешекпен және басқа да заттай мүлікпен қамтамасыз етіледі, ол оқуды бітіргеннен кейін зат қапшығына (сөмкесіне) салынады, мөрленеді және әскерге шақырылушының (әскери міндеттінің) жауапкершілігіне беріледі.
Әскер қатарына шақырылушы жылына екі рет мөрленген зат қапшығын (сөмкесін) жергілікті әскери басқару органдарына ұсынады.
39. Ерекше кезеңде Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында оқытудан өткен азаматтар жергілікті әскери басқару органдарының командасы бойынша зат қапшығымен (сөмкесімен) белгіленген орынға келуге міндетті.

4 бөлім. Әскери-техникалық және басқа да мамандықтар бойынша даярлау процессін ұйымдастыру
40. Әскери-техникалық мамандарды оқытуды қамтамасыз ету үшін ҚР ҚМ қажетті оқу қару-жарағын, әскери техникасы мен әскери-техникалық мүлікті ҚР ҚМ мамандандырылған ұйымдарының жедел басқаруына беріледі. ҚР ҚМ алынған қару-жарақ, әскери техника және әскери-техникалық мүлік Қорғаныс министрлігі мамандандырылған ұйымдарының басшылары оларды пайдалануға, техникалық жай-күйіне және сақталуына тікелей жауап беретін Қорғаныс министрлігі мамандандырылған ұйымдарының лауазымды адамдарына бекітіп береді.
Қару-жарақты, техниканы және мүлікті қабылдау, оларды Қорғаныс министрлігі мамандандырылған ұйымдарының ішінде басқа лауазымды адамдарға беру (жұмыстан босатылуына, іссапарға, демалысқа кетуіне, науқастануына байланысты) басшының бұйрығымен тағайындалатын комиссияның актісі бойынша жүргізіледі.
41. Әскери-техникалық мамандарды даярлау үшін жедел басқаруға берілетін автомобильдердің, шынжыр табанды тартқыштардың, броньды транспортерлердің, автомобиль крандарының, агрегаттардың, аппаратураның және басқа да техника мен мүліктің маркалары мен саны штатқа табельдермен айқындалады.
42. Жүргізу және оқу үдерісін қамтамасыз ету үшін арналған автомобильдерге, шынжыр табанды тартқыштарға және арнайы машиналарға әскери нөмірлік және тану белгілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығымен көзделген белгілер салынады.
43. Қару-жарақ, техника мен мүлік жұмыс істейтін жай-күйде, толық жабдықталған, техникалық құжаттамасымен, жұмыс күйінде тапсырылады.
44. Әскери-техникалық мамандарды даярлау үшін ҚР ҚМ мамандандырылған ұйымдарына берілетін қару-жарақты, техника мен мүлікті тасымалдау әскери тасымалдаулар үшін белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Тасымалдауларды төлеу ҚР ҚМ әскери тасымалдауларға арналған шығыстар ерекшелігі бойынша осы мақсаттар үшін бөлінетін ақшалай қаражат есебінен жүргізіледі.
45. Қару-жарақты, техника мен мүлікті жабдықталым органдарының және әскери бөлімдердің базаларынан, қоймаларынан (жөндеу зауыттарынан, шеберханалардан) жөнелту оларды ҚР ҚМ мамандандырылған ұйымдарының өкілдері қабылдағаннан кейін жүргізіледі. Жүктің шағын партиялары алушының көлігімен тасымалданады. Жекелеген жағдайларда ҚР ҚМ жабдықталым органдары бастықтарының нұсқауы бойынша ҚР ҚМ мамандандырылған ұйымдарының оқу кабинеттеріне (сыныптарына), зертханалары мен парктеріне қару-жарақты, техника мен мүлікті орнату (монтаждау) үшін мамандар бөлінеді.
46. Қару-жарақты, әскери техника мен әскери мүлікті пайдалану Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері жабдықталым органдарының қолданыстағы тәлімдемелеріне, басшылықтары мен нұсқаулықтарына сәйкес жүзеге асырылады.
Қару-жарақты, техника мен мүлікті пайдалану (жұмыс, қызмет) мерзімдері Үкіметтің қаулыларымен бекітілген қолданыстағы нормаларымен және ҚР ҚМ басқа да басшылық құжаттарымен айқындалады.
Әскери техниканы, қару-жарақ пен аппаратураны пайдалануды және жөндеуді ұйымдастыру машиналарды пайдалану мен жөндеудің жылдық және айлық жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады, оларға ҚР ҚМ мамандандырылған ұйымдары басшыларының орынбасары қол қояды және басшы бекітеді.
ҚР ҚМ мамандандырылған ұйымдарында қару-жарақты, әскери техника мен мүлікті пайдалануды, жөндеуді және оларға қызмет көрсетуді жоспарлауды жұмыстың осы учаскесі үшін жауапты лауазымды адамдар орындайды.
47. Сәулеленуі бар радиоэлектрондық құралдардағы (барлық мақсаттағы) жұмыстар Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабы айқындаған жиіліктерде, шақырулар мен бағыттар бойынша жүргізіледі.
48. ҚР ҚМ мамандандырылған ұйымдарына өтеусіз уақытша пайдалануға берілген қару-жарақты, техника мен әскери-техникалық мүлікті күрделі және орташа жөндеу жабдықталым органдарының нарядтары бойынша белгіленген жөндеуаралық нормаларға сәйкес ҚР ҚМ жөндеу органдарында (зауыттарында, базаларында, шеберханаларында) жүргізіледі.
ҚР ҚМ мамандандырылған ұйымдарының автомобиль, броньды танк техникасы мен мүлкін ағымдағы жөндеуді өз күштерімен және құралдарымен дайын агрегаттарда жүргізеді.
49. Қолданудың, киюдің, пайдаланудың, жарамдылықтың белгіленген мерзімдері өткеннен кейін жарамсыз (шекті) жай-күйге келген мүлікті есептен шығару және кінәлі адамдарға жатқызылғаннан басқа, мерзімінен бұрын жарамсыз (шекті) жай-күйге келтірілген және жоғалтылған мүлікті есептен шығару «Әскери мүлікті есепке алу және есептен шығару ережелерін бекіту туралы» 2005 жылғы 28 шілдедегі № 787 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес жүргізіледі.
50. Оқу құжаттамасын сақтау мерзімдері:
1) жоспарлау құжаттары – 1 жыл (жылдық және айлық жұмыс жоспарлары, оқу-жаттығу взводтарының (бөлімшелерінің) сабақ кестелері, оқу-жаттығу взводтарының (бөлімшелерінің) бағдарламаны өту жоспар-кестелері, әскери-техникалық және басқа да әскери мамандарды даярлаудың жылдық жоспарлары);
2) есепке алу құжаттары – 3 жыл (сабақтарды есепке алу, әскерге шақырылушылардың (әскери міндеттілердің) жұмыс істеудегі агрегаттардағы (аппаратурадағы) жұмысын есепке алу, қауіпсіздік техникасы жөніндегі нұсқау берулерді есепке алу журналдары, педагогикалық кеңес, пәндік комиссиялар отырыстары хаттамаларының кітабы, практикалық сабақтарды есепке алу жеке кітапшалары);
3) әскерге шақырылушыларды (әскери міндеттілерді) әскери ант қабылдауға келтіру атаулы тізімі – 5 жыл;
4) есептілік құжаттары – 15 жыл.
51. Ақылы негіздегі даярлау бағдарламасын аяқтағаннан кейін әскерге шақырылушылар (әскери міндеттілер) Қазақстан Республикасы Президентінің 1992 жылғы 25 тамыздағы № 870 жарлығымен бекітілген әскери ант қабылдау тәртібі туралы Ережеге сәйкес әскери ант қабылдайды.
52. ҚР ҚМ мамандандырылған ұйымдары тиісті бөлімдер командирлерімен және мекемелер бастықтарымен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары әскери бөлімдерінің, әскери оқу орындары мен мекемелерінің далалық оқу-жаттығу базасын пайдалана алады.

5 Бөлім. Бітіру емтихандарын тапсыру процессін ұйымдастыру

53. Оларды оқыту аяқталғаннан кейін әскери-техникалық және басқа да әскери мамандарды даярлау сапасын тексеру үшін бітіру емтихандары өткізіледі. Емтихандарды тапсыруға оқыту бағдарламасында көзделген оқытудың толық курсынан өткен, барлық пәндер бойынша оң бағалар мен сынақтар алған әскерге шақырылушылар (әскери міндеттілер) жіберіледі.
Бітіру емтихандарына дайындық өткізуге және оларды тапсыруға арналған оқу уақыты әскери-техникалық және басқа да әскери мамандар даярлаудың бағдарламасымен және оқу жоспарларымен айқындалады.
54. Бітіру емтихандарын қабылдау үшін емтихан комиссиялары құрылады. Комиссияның төрағасы болып бекітіліп берілген әскери бөлімнің немесе мекеменің өкілі тағайындалады.
Комиссияның құрамына басшылығы және оқытушылар құрамы, жергілікті әскери басқару органының және ҚР ҚМ мамандандырылған ұйымдарының орналасқан жері бойынша гарнизон әскери жол полициясының өкілі енгізіледі.
Бітіру емтиханы комиссиясының дербес құрамы, оның жұмысының мерзімдері мен тәртібі ҚР ҚМ мамандандырылған ұйымдары басшысының бұйрығымен жарияланады. Комиссия жұмысын жоспарлау мен тәртібін комиссия төрағасы белгілейді.
55. Әскери-емтихан комиссиясы жұмысының қорытындылары актімен (әрбір мамандық бойынша) ресімделеді, онда емтихандардың нәтижелері, сондай-ақ әскери-техникалық және басқа да әскери мамандарды даярлауды ұйымдастырудағы кемшіліктер, оны жақсарту жөніндегі ұсыныстар көрсетіледі. Акт жергілікті әскери басқару органымен келісіледі және Басқарма басшылығымен бекітіледі (9-қосымша).
56. Бітіру емтихандарында оқыту бағдарламасының барлық пәндері (бөлімдері) бойынша оң қорытынды бағалар алған әскерге шақырылушылар (әскери міндеттілер) осы мамандықтар бойынша оқуды бітіргендер деп саналады.
Науқастануына немесе басқа да дәлелді себептерге байланысты бітіру емтихандарын тапсырмаған әскерге шақырылушылар (әскери міндеттілер) кезекті оқу-жаттығу взводтарымен (бөлімшелерімен) емтихандарға жіберіледі.
57. Бітіру емтихандарын тапсырған әскерге шақырылушыларға (әскери міндеттілерге) ҚР ҚМ басшысының қол қоюымен және мамандандырылған ұйымдарының мөрлерімен расталған тиісті мамандықтар бойынша ҚР ҚМ мамандандырылған ұйымдарын бітіргені туралы белгіленген үлгідегі куәліктер немесе сертификаттар беріледі.
Өтеулі негізде оқытылатын, бітіру емтихандарында «қанағаттанарлықсыз» деген баға алған әскерге шақырылушыларға (әскери міндеттілерге) әскери оқытылған резервті даярлау бағдарламасы бойынша оқуды аяқтағаны туралы сертификат берілмейді.
Өтеулі және өтеусіз негізде оқытылатын әскерге шақырушылар (әскери міндеттілер) «қанағаттанарлықсыз» баға алғандар Басқару басшысының бұйрығымен тағайындалған күні қосымша емтиханға жіберіледі.
58. Көлік құралдарын жүргізумен байланысты мамандықтар бойынша даярлықтан өткен әскерге шақырылушылар (әскери міндеттілер) одан басқа емтихан қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру туралы 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен бекітілген(2015 жылғы 5 қаңтардағы № 10056 нөмірімен нормативтік құқықтық актісі мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген) сәйкес жол полициясы органдарында емтихандар тапсырады.

6 Бөлім. Әскери-техникалық және басқа да мамандықтар бойынша оқыту процессін аяқтау

59. Әскери-есептік мамандықты әскери билет берген кезде әскери оқытылған резервті даярлау бағдарламасы бойынша оқытуды аяқтағаны туралы сертификатқа және алынған мамандыққа сәйкес жергілікті әскери басқару органдары береді.

7 бөлім. Азаматтарды әскери-техникалық және басқа да мамандықтар бойынша даярлық процессімен қамтамасыз ету

60. Азаматтарды әскери-техникалық және басқа да мамандықтар бойынша даярлық процессімен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі бекіткен азаматтарды әскери-техникалық және басқа да мамандықтар бойынша даярлау басшылығына сәйкес ұйымдастырылады және қамтамасыз етіледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *