СӨЖ жоспарлау, ұйымдастыру және басқару
Оқу -тәрбие үрдістерін, СӨЖ қоса жоспарлау, ұйымдастыру және басқару үшін міндетті негізгі құжаттар төмендегідей:
— мамандарды дайындаудың құрылымдық маңызын анықтайтын әрбір мамандық бойынша типтік оқу жоспары;
— жұмыс оқу жоспары;
— пәндер бойынша типтік және жұмыс оқу бағдарламалары;
-талаптары оқытудың соңғы мақсаты ретінде қаралатын мамандардың біліктілік мінездемесі
СӨЖ тиімді басқару бұл үрдісті нақты жүйелі ұйымдастыруға негізделеді. Ұйымдастыру жүйесі жоғары оқу орнындағы оқыту үрдісін белсендіруге және тиімділігін арттыруға бағытталған өзара байланысқан шараларды білдіреді.
СӨЖ ұйымдастыру деп төмендегідей құрылымды дайындау бойынша шаралар жиынтығын түсінеміз:
— басқару;
— жоспарлау;
— бақылау;
— ынталандыру;
— материалды-техникалық және әдістемелік қамтамасыз ету;
— СӨЖ жүйелілігі мен тиімділігін арттыру.
Студенттерді оқытудың дәстүрлі әдістемесінде шынайы шығармашылық жұмысқа жұмылдырмайды, күрделі міндеттерді өздігінен шешу қабілеттерін дамытпайды. Көбінесе, олар білімді дайын күйінде алады, оны есінде сақтайды және қайтадан шығарады, яғни студент оқытылушы және тәрбиеленуші болып қалады, ол- қоршаған ортаны меңгеру үрдісінің субъектісі емес, объектісі болып қалады.
Студент белсенділігінің төмен болуы – оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудағы негізгі кемшілік болып табылады.
Кредиттік жүйе оқытудың тиімділігі көп жағдайда студенттердің қаншалықты өз бетінше ізденіс жүргізгендігімен анықталады. Пассивті түрде оқытушының берген материалын қабылдап, есте сақтап қана білімді адам болуға болмайды.
СӨЖ оқу жоспарына енуі, яғни оны оқу жұмысының ерекше түрі ретінде регламенттеу жоғарғы мектептің оқу үрдісін ұйымдастырудағы принципиалды жаңа сатысын сипаттайды, сондықтан оны жүзеге асыру жүйелілікті талап етеді.