ОРМАН – ТОҒАЙ ЖЕР СЫНЫ

ОРМАН – ТОҒАЙ ЖЕР СЫНЫ

Орман-тоғай жер сыны,
Бетеге-жусан бел сыны.
Көк орай шалғын – жер сыны,
Қару-жарақ қол сыны.
Азық-түлік жол сыны,
Атақты ер – ел сыны.
Екі баспау – ер сыны [1,117-б].

 


* * *
Ақыл — адамды аздырмайтын ем,
Білім – таусылмайтын кең.
Адамның басшысы – ақыл,
Жетекшісі – талап.
Шолғыншысы – ой,
Жолдасы – кәсіп,
Қорғаны – сабыр.
Қорғаушысы – мінез [1,117-б].

* * *

Ағасы бар адам – дұшпанға құрған ауыңдай,
Атасы бар адам – бұлақ суындай.
Әкесі кімнің бар болса – асқар биік тауыңдай.
Інісі бар адам – қашырады жауыңды-ай.
Келін, бала-шағасы – пісіп тұрған қауындай.
Алыстан іздеп дос келсе, ықыласпен тос оны,
Сүйерменің болмаса, жан-жағыңа қаранған [1,118-б].

* * *
Төрт нәрседен қашық қыл:
Тәубесіз адамға жолықтырма,
Арамзадан бала берме.
Бейшара әйелден аулақ қыл,
Ашулы-қиялды қылма [1,118-б].

* * *
Ел адамымен сөйлесең – ауыл-аймағын айтады,
Кент адамымен сөйлессең – үйіндегі жиғанын айтады.
Қыр адамымен сөйлессең – бота мен тайлағын айтады.
Әйелменен сөйлессең – құрт-майы мен қаймағын айтады.
Тексіздермен сөйлессең – қай-қайдағыны айтады [1,118].

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *