XX- ҒАСЫРДАҒЫ БАТЫСТЫҢ ФИЛОСОФИЯСЫ

XX- ҒАСЫРДАҒЫ БАТЫСТЫҢ ФИЛОСОФИЯСЫ

Философия дүниені қиял, ой түрінде қамтиды. XX-ғасырдағы батыстың философиясы классикалық емес ойлау мен классикалық философия принциптері арасындағы қақтығыс олардың парасатқа қатынасынан басталды. Әрине, бұл кездейсоқтық емес. Парасат проблемасы классикалық философияның өзегі десе де болады. Бұл философия өкілдерінің ұйғаруы бойынша ақыл-санаға жан-жақты талдау қажет, өйткені табиғатқа, қоғам тарихына, азаматтық іс-әрекетке ішкі саналылық, парасаттылық тән. Сөйтіп сана жөнінде әңгіме қозғау ол философияның терең тамырлы мәселелерін талқылау болып табылады. Жаңа дауір философиясы ақыл-ойлы кеңінен зерттеді. Өйткені, адам санасынан тыс, одан басқа, жоғары тұрған сана жоқ.
XIX ғасырдың 40-50 жылдарында Маркс пен Энгельс дәл осындай пікірді қуаттады. Бірақ маркстік пікірге қарама-қарсы пікірлер де сол кезде қалыптаса бастады. Бұл бағытты қолданғандар саналылықты жақтамады. Олар, керісінше, санасыздықты, ретсіздікті, кездейсоқтықты дәріптеді. Өйткені, олардың пікірнше, дүниеде ешқандай реттілік, қисындылық жоқ. Ол антогонизмге негізделген. Олай болса, ол ретсіз, түсініксіз, тобыр дүниені реттеп, қисындап түсіну мүмкін емес. Бұл пікірдің уәкілдері: неміс филсофтары Ф.Ницше, дат философтары С.Кьеркегор, әсіресе неміс философтары А.Шопенгауэр, О.Шпенглер. Бұл сияқты философтар болмыстың өзіндік заңдылығы бар екенін, оны санасыздық, ақылсыздық, интуинтивизм, ерікті, былайша айтқанда, соқыр сезімге негізделген қара күшке сену пайда болды.
Әрине, солармен қатар саналылықты қолданғандар да болды (неотомизм). Ең алдымен олар адамның тегі ғарыштан жаратылған деп түсіндірді. Адамзат тіршілігі ғарыш өлшемімен белгілендігі жан-жақты талқыланды. Одан соң адамды ерекше әлеуметтік атом іспетті өзіндік сипаты бар дамыған құбылыс деп тану қажет, деді. Бірақ космизм теориясынан екі түрлі бастама, екі бағыт туындайды. Оның бірі – фантастикаға тіреледі. Екіншісі – жаратылыстану ғылымымен тікелей және тығыз байланыстырады.
Бірақ бұл пікірден К.Маркс ғылыми жолға түсті, ал марксшіл еместер басқа бағыт ұстады. Соңғысына жататындардың бірі – А.Шопенгауэр. Ф.Ницше алғашында Шопенгауэрді қолдады, бірақ кейіннен «билікке жету еркі» теориясынан уағыздады. «Неліктен алғашқы жабайы тоғай ағаштары бірімен-бірі таласады, күреседі?» — деп сұрақ қоя отырып, оған «билік үшін, үстемдік жүргізу үшін», — деп жауап қайтарады.
Сонымен, XX-ғасыр философиясында санасыздық, ақылсыздық проблемасына классикалық философияда кезінде саналылыққа, санаға баға берілгенімен, бірақ оған керісінше баға берілді (Кішібеков Д.,Сыдықов Ұ. Философия. «Қарасай», —Алматы: 2008). Оның күрделілігі сол, ғылым бірнеше философиялық бағыттарға бөлініп кетті.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *