XIX-ғ. – XX-ғ. БАСЫНДАҒЫ ДІНИ ФИЛОСОФИЯ

XIX-ғ. – XX-ғ. БАСЫНДАҒЫ ДІНИ ФИЛОСОФИЯ

XX-ғасырдың бас кезіндегі қоғамдық-саяси ойдың ең басты бағыттарының бірі діни философия болды. Бұл бағыттың өкілдері – Николай Бердяевтің, Сергей Булгаковтың, Павел Флоренскийдің және т.б. ойшылдардың есімдері әлемге белгілі. Олардың шығармашылығына XIX — ғасырдағы орыс философиясының дәстүрлерімен қатар (славянофильдерден бастап Феодор Достоевский мен Владимир Соловьевқа дейін), әр түрлі мистикалық және пессимистік көңіл-күйлерге толы сол дәуірдің өзі де үлкен ықпалын тигізді.
Орыстың діни философиясында сыртқы әлемнің танымдылығы туралы көзқарас кеңінен таралған. Бұл көзқарас өзінің шеткі формасында, дәлірек айтқанда обьектті сол күйінде интуитивті тікелей пайымдау ілімі формасында көрінеді.
Орыстың діни философиясындағы бүтіндік танымға ұмтылу мен нақтылықты терең сезіну сезімдік тәжірбиенің бар әралуандығымен қатар, болмыс құрылысына терең енуге мүмкіндік беретін тылсымдық тәжірбиеге де сенумен тығыз үйлеседі. Орыстың діншіл философтары жоғары құндылықтарды бізге ашып беретін адамгершілік және эстетикалық тәжірбиелерге, интеллектуалдық интуицияға сенумен қатар, ең алдымен адамның Құдаймен және оның патшалығымен байланыс орнатуға мүмкіндік беретін мистикалық діни тәжірбиеге де сенеді.
Орыс философтарының пікірінше, философияның басты міндеті тәжірбиенің барлық алуан түріне сүйенетін бүтін тұтастық ретіндегі әлем туралы теорияны жасап шығару болып табылады. Бұл мәселені шешуде діни тәжірбие бізге ең маңызды деген мәліметтерді бере алады. Тек соның арқасында ғана біз өзіміздің дүниетанымымызды барынша толықтырып, ғаламдық өмір сүрудің құпия мәнін аша аламыз. Бұл тәжірбиені назарға алған философия міндетті түрде діни философияға айналады. Христиан діні діни тәжірибие саласындағы ең жоғарғы және ең толық жетістіктермен ерекшеленеді (Ғабитов Т. Философия./ Орыс философиясы. «Раритет», — Алматы: 2004. 62-63 бет). Жалпы, орыс арасынан шыққан әйгілі философиялық тұлғалар философия ғылымында өздерінің лайықты орындарын тапты.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *