Әдістер


Бағдаршам

Әр бір оқушыда бағдаршам түстеріне сәйкес карточкалар таратылған. Мұғалім олардың сабақты меңгергендеріне байланысты карточкаларды көтеруін сұрайды.
• Жасыл карточка көтерген оқушылар – барлығын түсінді. — Не түсіндіңіз?
• Сары және қызыл карточка көтергендер- күмәнім бар: — Сіздерде қандай сұрақтар бар?
• Қызыл карточка көтергендер: — түсінбедім- Сіздерге не түсініксіз?
Бұл жүйе арқылы тақырыпты пысықтауға немесе әлі де жетілдіру керектігін білуге болады.

Бір минуттық эссе
Бірминуттық эссе – тақырып бойынша пысықтаудың біржүйесі.Эссе жазу үшін мұғалім бірнеше сауал қояды.
• Бүгінгі білгеніңнің ең маңыздысы?
• Қай сұрақтар сен үшін түсініксіз?
Сабақ соңында, келесі сабақта қай тақырыпты өтетіндігі жайлы хабарлайды

Сөздік үлгісі
(еске салу)
Ұстаз оқушыларға сөздік үлгі береді, (подсказка) көмектесушілер жауап құрады.
Мысалы: Негізгі идея (ұстаным немесе процесс) _______ болып табылады, өйткені________т.с.с.


Қате түсінікті тексеру
Ұстаз қатысушыларға қандайда бір ұстанымның (идея) талдауларының қате болжамдарын немесе әдеттегі қате түсініктерді әдейі береді. Сонан соң ол қатысушылардан айтылғандармен келісетіндігін немесе келіспейтіндігін, өздерінің көзқарастарын айтуларын сұрайды.

Оқушылармен жеке әңгімелесу
Ұстаз оқушылармен олардың деңгейі мен түсініктерін байқау үшін жеке әңгіме жүргізеді.
Үш минуттық үзіліс (пауза)
Ұстаз қатысушыларға сабақтың идеясы жайлы ойлануына, алдыңғы өткен тақырыптармен, білімімен және тәжірибесімен байланыстыруға, сонымен қатар түсінбеген жерлерін анықтауға үш минуттық үзіліс береді.
Температураны өлшеу
Бұл әдіс оқушылардың тапсырманы дұрыс орындап жатқандықтарын тексеру үшін қолданылады. Ол үшін оқушылардың іс-әрекеттері тоқтатылады және ұстаз «Біз не істеп жатырмыз?» деген сұрақ қояды. Оқушылардың осы сұраққа жауап беруіне қарай мұғалім олардың тапсырманың негізгі шартын түсінгендіктері немесе оны орындау барысы жайлы мағлұмат алады. Кейбір жағдайда ұстаз жұптардың немесе топтардың бірінен тапсырманы қалай орындап жатқандықтары жайлы айтып берулерін ұсынады. Ал қалғандары оларды бақылап, өздері не істеу керегі жайлы түсінік алады.


Қысқа-тест
Қысқа-тест қатысушылардың нақты білімін, шеберлігін және дағдысын, яғни қандайда бір материалдың нақты мағлұматтарын білетіндігін бағалайды. Бұл тестті:
• Берілген көп жауаптардың ішінен
• Дұрыс немесе қате жауап ішінен таңдау арқылы
орындайды.
Элективтік тест (таңдаулы)
Мұғалім әрбір оқушыға «А,В,С,Д» әріптері бар карточкаларды таратып шығады да олардан дұрыс жауаптарын карточкаларын көтерулері арқылы білдірсін дейді. Ұстаз міндетті түрде оқушыларға ойлануға 20 секунд беруі қажет. Ұстаз қатысушылармен жауаптардың әр түрлі нұсқаларын талқылап, оларға өздерінің таңдауларын түсіндіріп берулерін ұсынады. Олардың жауаптары оқушылардың оқытылған тақырыптың түсінгендіктері және деңгейлерін байқатады. Соған орай мұғалім тақырыпты тағы бір түсіндіру керек пе, әлде жалғастыра беру керек па соны анықтайды.
Формативті тест
Мұғалім оқушыларды ерікті түрде бірнеше топтарға бөлді. (әрбір топта 4-5 оқушыдан). Әрбір қатысушы сұрақтары бар бір бет және жауап жазуға бір бет алады. Әр кіші топтардағы қатысушыларға тесттағы сұрақтарды талқылауларына уақыт беріледі. Оқушылар талқылаудан кейін әр біреуі жеке жауап парақтарын толтырады. Әрбір оқушының ұпайлары жеке есептелінеді.



Күнделікті өзін-өзі бағалау журналы
Күнделікті өзін-өзі бағалау журналы мұғалім оқушылардың сабақ барысында қабылданған білімін, дағдылары мен шеберліктерін бағалауға және оларды қандай әдіспен жүзеге асырғандарын қадағалау үшін құрылады. Күнделік ұстазға оқушылардың алға жылжу деңгейлерін және соған сәйкес білімдерін әрі карай жетілдіруі үшін жәрдемдеседі.

Формативті сұрау
Бұл әдіс презентациядан кейін бірден немесе қандайда бір сабақтағы тексеруге арналған. Мұғалім «Неге? Қалай? Қайтіп?» деген қосымша нақтылау сұрақтарын қояды.
— Олар несімен ұқсас әлде айырмашылығы қандай?
— Мінездемесі қандай______?
— Ондағы негізгі идеясы, тұжырымдамасы қандай?
— Сіз қандай идея немесе қосымша мағлұмат қоса аласыз?
— Сіз қандай қорытынды жасай аласыз?
— Сіз не істеуді ұсынасыз?
Қандай әдістер мен тәсілдерді қолдануға болады?
Жаңа материалды қабылдауларын тексеруге арналған жаттығулар
Мұғалім «Болжау», «Түсіндіру», «Айтып беру», «Бағалау» деген төрт терезеден (шаршы) тұратын кесте құрады. Жаңа материалды түсіндіріп болған соң ол оқушылардан берілген шаршылардың бірін таңдауларын ұсынады. Бұл арада мұғалім әрбір оқушыға бұл әдіс арқылы өтілген тақырып бойынша өздеріне өздері тапсырма алып, орындайтындығын түсіндіріп өтуі қажет. Сонан соң олардың шаршыларды таңдауларына қарай мұғалім сұрақтар қояды.
Мысалы: Егер оқушы «Айтып беру» деген шаршыны таңдаса, мұғалім оған «Жаңа материалдағы негізгі идеяларды атап шық» деген тапсырма береді.


Болжау Түсіндіру

 

Айтып беру Бағалау

 

 

 


.Ішкі және сыртқы шеңбер
Оқушылар ішкі және сыртқы екі шеңбер құрады. Балалар бір-біріне қарама-қарсы тұрып, өтілген тақырып бойынша бір-бірлеріне сұрақтар қояды. Сыртқы шеңберде тұрған оқушылар ауысып өздеріне жаңа жұптар құрады. Сөйтіп сұрақтар қою істері әрі қарай жалғаса береді.

Бір сөйлемде барлығын айтып беру
Оқушылардан оқытылған тақырып бойынша «Кім? Не? Қайда? Қашан? Неге? Қалай?» деген сұрақтарға жауап беретін бір-ақ сөйлем құруларын ұсынады.

Жазбаша түсініктеме (жазбаша кері байланыс)
Бағалаудың міндетті бір элементі – кері байланысты ұсыну. Оқушылардың жазба жұмыстарын тексеру кезінде мұғалім бағалау өлшемдеріне қарай өз түсініктемелерін жасайды және жеткен нәтижелерінің деңгейін бақылайды. Түсініктемелері анық және түсіндіре білуі керек. Жазба жұмыстарын тексере отырып, дұрыс жерлерін бір түспен, ал әрі қарай жетілдіру керек жерлерді екінші бір түспен белгілеп қоюға болады. Жазба жұмыстарға түсініктеме бергенде еске салу, ой айту немесе мысалдар көрсетуге болады.

 

 


Сөздік бағалау(ауызша кері байланыс)
Бағалау түрінің ең көп тараған түрі:
Мұғалім оқушыны жаттығуларды жақсы орындағаны үшін мақтады, осылайша ауызша кері байланыс орнатты. Осыған орай оқушылар берілген материалды немесе мағлұматты сәтті ұққандары жайлы түсінуіне болады. Мұғалім оқушыға жаттығуды орындағандағы қателерін көрсетеді. Ол оның жұмысына ешқандай белгі қоймайды, бірақ оны бағалайды. Нәтижесінде оқушылар жетістікке жетулері үшін одан әрі биік нәтижелерге жетуі керек деп ұйғарады.

Өзін-өзі бағалау.
Бұл әдісте қатысушылар өздерінің білімдері жайлы мағлұмат жинайды, оларды талқылап, алға жылжуларына қорытынды жасайды. Өзін-өзі бағалауды жүргізгендегі міндетті шарттары – оқушылардың оқытылатын тақырыпты өтер алдында және жұмысты орындар алдында олар барлық жұмысты бағалау межелерімен (критерий) таныс болулары қажет.
Екі жұлдыз және тілек (бірін-бірі бағалау)
Бұл әдіс оқушылардың шығармашылық жұмыстарын, яғни шығарма, эсселерін бағалауға қолданылады. Мұғалім, оқушыларға сыныптастарының жұмыстарын тексеруді ұсынады. Оқушылар бір- бірінің жұмыстарын тексеру кезінде олар жұмыстарды бағаламайды, ал ондағы екі оң сәтті анықтап және бағыт береді. Олар «Екі жұлдыз» — бір сәт, яғни толыққанды жұмыс, ал екінші бірі «Тілек», мұнда одан әрі жұмысты толықтырулары қажет.

 

«Рефлексиялық нысана» техникасы әдісі

Тақтаға секторларға бөлінген нысана салынады. Әр секторларда рефлексия кезеңіндегі параметрлі сұрақтар жазылады.Айталық, мазмұнның сарапшылығы, пішіннің және сабақтың беру әдісін сарапшылығы, педагогтың қызметінің сарапшылығы, өзінің қызметінің сарапшылығы. Қатысушы белгілерді секторларға алған бағаның нәтижесі бойынша орналастырады: орталыққа неғұрлым жақын қойса соғұрлым ондыққа жақын; неғұрлым шетке қойса соғұрлым нөлге жақын. Содан кейін қысқа сараптама жасалынады.

«Арал» әдісі
Эмоционалдық тұжырымдамалық карта үлкен ақ қағазға «арал» бейнесінде салынады (қуаныш, көңілсіздік, қорқыныш, күту, қанағаттану, Бермуд үшбұрышы және т.б) Сабақтың соңында немесе аптаның соңында оқушылар өздерінің көңіл-күйлерін, эмоциональдық көңіл-күйлерін тақтада ілініп тұрған тұжырымдамалық «арал» картасына маркермен (фломастермен) сурет салу арқылы немесе кеме суретін ілу арқылы бейнелейді.

«Жаттығу» әдісі
Қозғалыс арқылы рефлексиялық сарапшылықты ұсынамыз. Ұсыныстың мынандай қозғалыстары:
— жартылай отыру — өте аласа сарапшылық, жағымсыз қатынас;
— отыру, яғни тізелерді аз бүгіп отыру — орта сарапшылық, немғұрайлы қатынас;
— әдеттегі қалыпты тұрыс, қолдары тігістерде ұстау — қанағаттанарлық сарапшылық, байсалды қатынас;
— қолдарын шынтақтарға қойып көтеру — жақсы сарапшылық, жағымды қатынас;
— қолдарын жоғары көтеріп, алақандарын соғу және аяқтарының ұшымен тұру – өте жоғары сарапшылық, мәз-мейрамдылық қатынас.

 

 


«Плюс-минус-қызықты» әдісі
Уақытқа қарай бұл жаттығуды ауызша да, жазбаша да орындауға болады. Жазбашаорындағанда үш бағанды кестені толтыру ұсынылады. «П»-«плюс»- бағанына сабақтағыұнағанын, ақпарат және жұмыс пішінін яғни, оқушының өзіне жағымды әсер ететін немесежалпы мақсатқа жетуге тиімді болады деп есептелгені жазылады. «М»-«минус» бағанына сабақта ұнамағанын,түсінбегенін, жағымсыз әсер еткенін немесе оқушы алған ақпаратты керекемес деп есептегені жазылады. «Қ»- «қызықты» бағаны оқушылар сабақта алған әуесқой деректерді және тағы да нені білгісі келетінін мұғалімге сұрақ түрінде дайындайды.

«Көп нұсқалы жауаптарды қажет ететін сұрақтар» әдісі
— Не себепті қиын болды?
— Сабақта нені білдім, қандай жаңа нәрсе үйрендім?
— Сабақта сіздердің болжамдарыңыз орындалды ма?
— Бүгінгі сабақтан не алдыңыз?
— Сабақ сіздерге қандай ой тастады?

«Рахмет…» әдісі
Сабақтың соңында мұғалім әр оқушыға бір оқушыны таңдатып алып,ынтымақпен жұмыс жасаған балалар бір-біріне ілтипатын білдіріп,ынтмақтастықты түсіндіреді. Мұғалім мадақтау
сөзінен кейін ең аз мадақтау естіген балаға қошеметін білдіреді.

«Бүйір журналы» әдісі
Ақпараттың тіркелу түрінде сөздің кілті, графикалық модельдер, қысқа сөйлемдер, бекіту сұрақтары болады. «Бүйір журналын» оқушы жүргізеді, онда тақырыптың кілті, байланысы
болуы мүмкін, сол арқылы оқушы негізгі сұрақ тудырта алады.

 


«Күнделік» әдісі
Күнделіктің түрлері: кәдімгі көркемді альбом күнделігі, екі бөлімді күнделік бір жағында бақылау нәтижелері, дәйек сөздер, екінші жағында түсініктеме және т.б. Эссе мен «бүйір журналынан» айырмашылығы күнделік ұзақ мерзімді жүргізіледі мұнда оқушылар өздерінің ойларын сабақтан алған әсерін, іс -әрекеттерін салыстырмалы түрде жазады «Бөліп жинаған» рефлекция деп те айтуға болады.

«Үш «Ж» және Бір «Ә» әдісі
Мұғалім оқушыларға сабақта өздеріне ұнаған үш жақсы кезеңді таңдап алу ұсынылады, ал оқушы болса сабақты жақсарту үшін өзінің бір әрекетін ұсыну қажет.

«Сөз соңында менің айтарым»…» әдісі
Оқушыларға дәйекті түрде жауап беруге үш сұрақ беріледі.
-Сабақта сіздердің болжамдарыңыз қаншалықты орындалды және бұл үшін кімге рақмет (мұғалімнен басқа)?
-Не түсініксіз неліктен?
-Мен және біз болашақта нені күтеміз?

«Парталас көршіңе бір сөз таңда» әдісі
• Сен жарайсың.
• Сабақтағысеніңжұмысыңа мен қанағаттанамын.
• Сеніңмүмкіндігіңодандазор.

«Оқушылар СҰРАҚТАРЫН қалдырады» әдісі
Мысалы: Жаңа тақырыпты оқыған кезде не туралы білгіңіз келеді?, Білімді бағалау үшін мұғалімнен немесе басқа оқушылардан сұрау. Алдағы уақытта біліміңізді жақсартқыңыз келетін біліу/түсінбеу саласын көрсету. Қабілеттері шамалы оқушыларды «Не» сұрау есімдігін пайдаланып сұрақ қоюға, ал қабілеттері барынша дамыған оқушыларды «Егер де …, не болады?» деген үлгіде сұрақ қоюға ынталандыру.

 

«Пайыз» % әдісі
Сабақ аяғында сабақ тақырыбы қаншалықты түсінгендерін пайызбен көрсетеді. Мәселен, 0% түк түсінбедім, 50 % түсінген сияқтымын, әлі де көмек қажет, 75 % түсіндім,
100% өте жақсы түсіндім.
«20 секунд» әдісі
Мұғалім түйінді сұрақ қойып 20 секунд ішінде ойлануды ұсынады. (Бұл әдіс барлық оқушының өз жауабы туралы ойлануға мүмкіндік береді. Мұғалім сұрақ қойған соң 1-ші секунд ішінде жауабын сұрай бастайды, түсіну қабілеті жоғары 4-6 оқушы бірден жауап ұсынады. Ол басқа оқушылардың өз ойын білдіруіне мүмкіндік берілмейді). Орта және жоғарғы сынып оқушыларына талқылау барысында бір-бірлерінің ойлау үдерісін тежемеу үшін өз жауаптарын (идеялар, жеке сөздері) қысқаша түртіп алу ұсынылады.
«Үшминуттік кідіріс»
Мұғалім сабақ тақырыбының негізгі идеясын анықтап, өткендегі сабақпен байланыстырып, түсініксіз жерлерін анықтау мақсатында сабақта үшминуттік кідіріс береді.
ƒ-Мен ………. деген өз ойымды өзгерттім.
ƒ-Мен …………. туралы көп білдім.
ƒ-Мені …… таң қалдырды.
ƒ-Мен … сездім.
-Мен………… басқаша қарайтын болдым.

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *