ӘБУ ӘЛИ ХУСЕЙН ИБН АБДАЛЛАХ ИБН СИНА (АВИЦЕННА)

ӘБУ ӘЛИ ХУСЕЙН ИБН АБДАЛЛАХ ИБН СИНА (АВИЦЕННА)
(16 тамыз, 980ж. Бұхараның жанындағы Афшана (Тәжікстан) – 18 маусым, 1037ж.)

– энциклопедист-ғалым, философ, дәрігер, астроном, ақын әрі саяси қайраткер.
Ибн Сина өзінен кейін зор шығармашылық мұра қалдырып кетті:
ертедегі деректерге қарасақ, ол 456 жуық еңбек жазды, бірақ бізге дейін оның 240 кітабы ғана жетті, ол еңбектер поэзия мен философиядан бастап, геология және астрономиямен аяқталып, білімнің барлық саласына арналған. Үлкен атаққа Ибн Сина дәрігер, ғалым және фармацевт ретінде ие болды. Ол бар болғаны 57 жыл өмір сүрсе де, оның өмірі мен дарыны осы уақытқа дейін аңызға айналып келеді. Оның өзі жазған (ол оның алғашқы 30 жылын қамтиды) және оның шәкірті Джурджани жалғастырған өмірбаяны сақталған. Иран мемлекетіндегі Исфахан атты қалада философия және медицина саласы бойынша дәріс алып, өз білімін жетілдіреді.

Философиялық шығармалары:

18- томнан тұратын «Айығу кітабын» жазды.
Ол ғасырлар бойы Шығыс пен Батыс дәрігерлері үшін баға жетпес көзіне айналған еді. Ибн Синаның философиялық шығармасы – он сегіз бөлімнен тұратын «Айығу кітабы» логиканы, физиканы, математиканы және философияны қамтыған. Арабтар әлемінде Ибн Синаның аты аса құрметпен аталды. Оны бірде «Философтардың патшасы» деп атаса, енді бірде оны «Дәрігерлердің атасы» деп атады.

Философиялық көзқарастары:

Философияда Фараби бағытын жалғастырғанымен, Ибн Сина араб перипатетизмінің негізін қалаушы болды. Оның болмыс туралы ілімі материяны мәңгі жаратылыстан тыс құбылыс ретінде қарастырды. Алайда бұл қағиданы діни көзқарастармен байланыстыруға мәжбүр болған. Мысалы, ол Құдайдың бар екендігіне шүбә келтірмейді. Дүние шындықтың мүмкіндігі ғана екенін айтады. Ол уақыттан тысқары Құдайдың жағдай туғызуына байланысты шындыққа айналады. Адамның рухын Ибн Сина дененің бейзаттық формасы ретінде қарастырады. Денелердің қайта тірілуі мүмкін емес дейді.
Ибн Сина жалпы ұғымдар (универсалилер) мәселесін өте қызық жағдайда шешкен. Оның ілімі бойынша, жалпы ұғымдар үш ұдай өмір сүреді: біріншіден, заттарға дейін, құдыреттің ақыл-ойында, екіншіден, заттың өзінде, себебі ол сол заттың мәні және үшіншіден, заттан кейін адамдардың санасында.
Таным теориясында Ибн Сина әл-Фарабидің жолын қуып, оны одан әрі дамытуға атсалысады. Дегенмен, кейбір мистикалық тұжырымдарға бай негізгі тәсілдердің бірі ретінде ол Құдай шапағатын мойындап, ұсынады. Жалпы алғанда, Ибн Сина философиясы – Аристотельді исламның негізгі қағидаларымен ұштастыра отырып, оларды өзара ынтымақтастырмақ болған ілім. Ол әл-Фарабиден кейінгі философия тарихында өзіндік із қалдырған араб тілді мұсылман философиясының ірі өкілдерінің бірі.
Жас Ибн Сина сол кездегі атақты дәрігер Абу Сахлем Масихимен танысып, ғылыми хат жазысып тұрды, ортағасырлық Шығыстағы ғалым-энциклопедист Абу Райхан Бирунимен қақтығысып қалатын. Он жеті жасқа қараған кезде, Ибн Сина дәрігер ретінде Бұхарада үлкен атаққа ие болып, Бұхарадағы эмир сарайына шақырылды. Нух ибн Мансур ұзақ уақыт бойы ауырды, оны емдеген сарай маңындағы дәрігерлер оған ешнәрсемен көмектесе алмады. Ибн Сина аз уақыт ішінде басқарушыны емдеп шығарды, ол эмирдің жеке дәрігері болып сайланды, сарай кітапханасын пайдалануға рұқсат алды, ол Таяу Шығыстағы ең жақсы және бай кітапхана еді. Мүмкін, дәл сол Бұхара кітапханасында оның медицина бойынша қорытынды еңбегін жасау идеясы туындаған шығар. Бірақ ол кезде ғалымның ойлағанының бәрі орындала бермейтін. 900-ші жылдардың соңында Бұхара соңғы тыныш күндерін бастан өткізеді. Мемлекет жан-жаққа бөлініп, қарахандықтар, түркі көшпелі тайпалары астананы жаулап алды. Қала тоналып, кітапхана жанып кетті… 1002 жылы әкесі қайтыс болған соң, Ибн Сина Хорезмнің астанасы Гурганджыға (қазір Үргеніш) көшіп келеді. Жергілікті басқарушы шах сарайындағы Мамун Академиясына пікір таластыру үшін келген ғалымдарға жақтау көрсетті. Ибн Синаның соңынан Хорезмге Бируни мен Масихи келді. Біраз жыл ғалымдар тыныштық тауып, ғылыммен шұғылдануға мүмкіндік алды. Көрші Газна мемлекетінің сұлтаны Махмуд басқарушы Хорезмнің бай жерін басып алғысы келді, 1008 жылы ғалымдарды оның астанасына қоныс аударуын талап етті. Ибн Сина мен дәрігер Масихи сұлтанға барудан бас тартып, түнде қарақұм құмы арқылы қашып кетті. Аңыз бойынша үшінші күн жол жүріп келе жатқанда, дауылға тап болып, адасып, сусыз және тамақсыз қалады. Масихи шөл далада өледі. Ибн Сина оны көмеді де, өзі әзер дегенде құтылып шығады. Сұлтан Махмуд Газневи барлық қалаларға Ибн Синаның сыртқы түрін суреттеп адамдар жібереді. Кімде-кім данышпан дәрігердің тұрақтаған жерін көрсетсе, үлкен сый алатын болды. Сол кезден бастап Ибн Синаның өмірі Иранның түрлі қалаларында бітпес қаңғырумен өтті.
Ғалым Хамадан және Исфаханда өмір сүрді, онда ғылыми шығармашылықпен айналысты, нысана қызметімен шұғылданып, сондағы эмирлердің сарай маңындағы дәрігері болды. Ибн Сина басынан өткізген жағдайлар қиын болды. Бірнеше рет қуғынға ұшырап, абақтыға жабылды. Үйін тонаған кезде, ғалымның көптеген еңбектері жоғалып кетті. Кейбір жұмыстарын Ибн Сина ұзақ жол жүрген кезде, ат үстінде отырып жазды. Өзінің күш-жігері және ғажап жадысы арқылы, қажетті әдебиетті пайдалану мүмкіндігінен айрылса да, Ибн Сина ғылыми, әдеби және дәрігерлік қызметін тоқтатпады. Өмірдің қиын соқпақтары денсаулығына әсер етіп, 1037 жылы 18 маусымда қайтыс болды. «Өлімнің түйінін анықтауға» талаптану, құпияны ашу, ауруды жеңіп шығу, адамдардың өмірін жеңілдету үшін, барлық мүмкін болатын нәрселерді жасау, Ибн Синамен алға басты, ол өзінің медицина бойынша басты еңбегі «Китабуль-Канун фит-тыбб» (Дәрігерлік ғылымның ережесі) жазып шықты. Бес томдық энциклопедия «Дәрігерлік ғылымның ережесі» Ибн Синаға дүниежүзілік атақ әперді, медицина тарихында атағы жайылған кітап болды. Еңбек оның мазмұны мен дәл құрылымымен ерекшеленді.
«Дәрігерлік ғылымның ережесі» грек, үнді және ортаазиялық медицина білімін және тәжірибесін талдау және жүйелеуді ғана көрсеткен жоқ. Ибн Синаның қызметі дәрігерлік тактикаға жаңаша болып енгізілді. Бұрын медицина ғылымына белгісіз жаңа мәліметтерді «Ереженің» әрбір бетінен кездестіретін болды. Ибн Сина көрінбейтін жұқпалы аурулардың қоздырушысы туралы ғылыми болжамды алға тартты, бұлар ауа және су арқылы тарайтын, 800 жыл өткеннен соң ғана француз Пастер ғалымның қоздырушы микроб туралы бұл жұмбағын дәлелдеді. Ибн Сина тамыр туралы оқуды шығарды, оған әлі бір нәрсе қосу қиын болды. «Тамыр толқын тәріздес немесе ұршық тәріздес, екі соғу, ұзақ, дірілмен, қысқа, аз, баяу, құмырсқаның илеуіндей болуы мүмкін. Тамыр сонымен қоса жұмсақ, аласа, ара тәріздес, жуан, бос, қызу, күйгелек болады» — деп айтылған «Ережеде». Ибн Сина бірінші болып чума, холера (оба), сары ауру туралы жазды, олардың шығу себептерін, нышандарын талдап шықты, мұндай ауыр ауруларды, менингит сияқты, асқазан жарасы, диабет және көптеген басқа аурулардың емдеу әдістерін талдап қарастырды. Ол көздің бұлшық еттерінің құрылысын анық түсіндіріп берді. Бәрі оған дейін көз фонарик тәрізді, ерекше сәуле шығарады деп ойлайтын: бұл сәулелер затқа шағылысып, кері кетеді және кескін береді. Ибн Сина көздің бұлағы хрусталь деген пікірді теріске шығарды, заттың кескінделуі көз торы арқылы көрінеді. «Дәрігерлік ғылымның ережесінде» Ибн Сина ерекше назарды баланы тәрбиелеу мен тамақтандыруға, физикалық жаттығулар мен дұрыс тамақтануға аударады. Ибн Синаның еңбегінің соншалықты жоғары болғаны, ол «Ережені» жазып біткен соң, ол дүние жүзінің барлық елдерінде медицина энциклопедиясы болды. XII — ғасырдың өзінде араб тілінен латын тіліне аударылып, көптеген қолжазбамен тарады. XV-ғасырда кітап басып шығаруды ойлап тапқан соң, бірінші басылымның бірі болып «Ереже» басылып шықты. Еуропада жиі басылып шығуы жағынан Библиямен бәсекелесті, ал ол бар болғаны 40 рет басылып шықты. XVII — ғасырдың соңына дейін «Дәрігерлік ғылымның ережесі» студент-дәрігерлер үшін және Еуропада дәрігер үшін жетекші болуда, Шығыс елдерінде де негізі оқулық болып қалды.

Философиялық афоризмдері:

 Дене құрылысының үйлесімін бірқалыпты ұстау дегеніміз – тағам мен сусынды талғау, дәрет тәртібін мұқияттау, киім мен ауа тазалығын сақтау, дене мен рух бірлестігін естен шығармау, ұйқы тәртібін бұзбау.
***
 Дене шынықтыру жаттығуларымен шұғылдансаң, дәріге пысқырып та қарамайсың.
***
 Өз бақытын бағалай білмеген адам бақытсыздыққа ұшырайды.
***
 Қимыл көптеген дәрінің орнын басу мүмкін, бірақ бірде-бір дәрі қимылдың орнын баса алмайды.
***
 Медицина – саулықты сақтау, науқасты кеселден айықтыру үшін адам тәнін зерттейтін ғылым.
***
 Дәрігерде үш қару бар, олар: сөз, өсімдік, пышақ.
***
 Егер ұзақ өмір сүргің келсе … онда ұнтақталған грек жаңғағы аралас балды үзбей жей бер.
***
 Дене шынықтыру жаттығулары әр адамның жасына, әл-ауқатына сәйкес әрқилы болуы қажет. Орта жастағыларға салт атпен қыдыру тиімді болса, күш-қуаты кеміген кекселерге жаяу жүрген пайдалы. Сондай-ақ бозбалаға қолайлы тағам қарттарға зияны болуы ықтимал.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *