ӘБДІМӘЛІК НЫСАНБАЕВ

ӘБДІМӘЛІК НЫСАНБАЕВ
(01 мамыр, 1937ж. Қызылорда облысы Сырдария ауданы Қарауылтөбе ауылы)

– ғалым, философия ғылым докторы (1977), профессор (1980) ҚР ҰҒА академигі (2003), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым мен техника қайраткері (1994), Қырғыз Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1995).
Қазіргі Қорқыт-Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін бітірген (1960). 1960-61 жылы ССРО ҒА-ның Химия ғылымдары институтында аға лаборант, 1961-76 жылы Қазақстан ҒА-ның Философия және құқық институтында кіші ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер, ғылым философиясы және методологиясы бөлімінің меңгерушісі. 1990 жылдан Философия және құқық институтының (қазіргі Философия және саясаттану институты) директоры. Сонымен қатар 1997-2003 жылы «Қазақ энциклопедиясы» баспасының Бас редакторы қызметін қоса атқарды. 2005 жылы «Философ Нысанбаев» атты деректі фильм шықты.

Философиялық шығармалары:

– диалектика және таным теориясы, ғылым философиясы мен методологиясы, қазақ және түркі философиясы, әлеуметтік және саяси философия, саясаттану және мәдениеттану мәселелеріне арналды. Ол 570-тен астам ғылыми, ғылыми-сараптамалық, ғылыми-әдістемелік еңбектер, соның ішінде 30 монография, жеке кітаптар мен оқу құралдарын жазған. Бірқатар еңбектері 25 шет тілдерінде жарық көрген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *