ҚАЙТА ЖАҢҒЫРУ КЕЗЕҢІНІҢ ФИЛОСОФИЯСЫ

ҚАЙТА ЖАҢҒЫРУ КЕЗЕҢІНІҢ ФИЛОСОФИЯСЫ

XV ғасырда басталған бұл дәуірге Шығыс пен Батысты сауда жолымен байланыстырып келген Жібек жолы Шыңғысхан басқыншылары Орта Азия, Таяу Шығыс, Шығыс Европа елдерін жаулап алған соң өз маңызын жойып, Батыстың Шығысқа жол іздестіруі және жаңа географиялық ашылымдарға байланысты су жолдарының дамуына себеп болды. Сол іздестіру нәтижесінде Америка ашылды, оңтүстік Африка арқылы Үндістанға, Қытайға су жолы ашылып, ірі теңіз саяхатшылары қайтадан Батыс пен Шығыс арасындағы сауда жолын жандандырды. Соған сәйкес, енді сауда жолдары сөнген Орта Азия мен Таяу Шығыс орнына Португалия, Испания, кейін Нидерланды мен Англия дамыған ірі елдерге айналды. Бұл елдерде бұрынғы ғасырлар бойы замоктарда орналасқан феодалдық ыдыраушылық орнына бір орталыққа бағындырылған корольдік үкіметтер келді. Алыстағы әр елдермен араласу – ол елдердің тілін, мәдениетін білуді қажет етті. Шығыс пен батыс байланысы мәдениеттің, ғылымның дамуына жеткізді. Жан-жақты білімді адамдар дүниеге келді. Осы дәуірде олар орта ғасырлық діни ұғымдар мен схоластикаға негізделген идеология шеңберін бұзып, ертедегі грек-рим мәдениетіне бет бұрды.
Соған сәйкес ғылым өкілдері инквизиция жасаған сұмдық азаптарға қарамастан табандылық пен ерлік көрсетіп, жаңалықтар ашты. Мәселен, протестантизм дінінің бастаушысы Кальвин испандық дәрігер Серветті адам денесінде қан айналымы болтынын ашқаны үшін, тірідей екі сағат шыжғырып өлтіртті. Сондай-ақ инквизиция Джордано Бруноны Рим алаңында тірідей өртеп өлтірді. Өлер алдында Джордано былай деп өсиет қалдырды: «Мейлі мені өртеп өлтірсін, бірақ менің өлімім адам баласын жарқын болашаққа апаратын жолдарға бөгет бола алмайды». Николай Коперник өлім табытына жатар алдында: «Бәрібір жер айналып тұр» деген екен. Бұл кезде ғалымдар Жер Күнді айналып қозғалатын гелио-центрлік жаңалық ашты. Пантеистік, Натурфилософиялық бағыттың негізін Николай Кузанский салды. Ол философтяның негізгі мәселесін идеалистік тұрғыдан шешті. Дүниенің бәрін, адамды да Құдай жаратты, деді, бірақ пантеистік пікірді дамыта отырып, сайып келгенде, ол Жаратушының рөлін жоққа шығарды. Өйткені, пантеизм құдайды табиғатпен алмастырды. Ол кеңістіктің шегі бар, дүниенің жаратылған уақыты бар деген схоластикалық діни пікірге күмән келтірді, дүниенің шексіздігін ауғыздады. Таным алдымен сезімнен басталады, одан соң оны ойлаумен толықтырады. Бұл екі процесс ұдайы бірлікте, ақыл (Интеллект) бәрінен жоғары тұрады деп есептеді (Кішібеков Д., Сыдықов Ұ. Философия. «Қарасай», —Алматы: 2008).
Сондай-ақ, Қайта Жаңғыру кезеңінің философиясында реформациялық бағыт та кең өріс алып, бірнеше тұлғалар тарих сахнасына шықты.. Олар (М.Лютер, Ж.Кальвин, У.Цвингли және Т.Мюнцер) шіркеулік идеологияны, дінге сенушілер мен Шіркеу арасындағы қатынасты қайта қарастыру, өзгертуді мақсат етті. Оған басты себеп: феодализм дағдарысы, сауда-өндірістің дамуы, феодалдық ыдыраудың әлсіреуі және европа мемлекеттерінің қалыптасуы.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *