Шамшәдин КЕРІМ,
филология ғылымдарының докторы, профессор,
Нұр-Мүбарак университетінің проректоры
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҒҰЛАМАЛАРДЫҢ ҚОЛЖАЗБАЛАРЫН ЖИНАУ, ЗЕРТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
/АС-СЫҒНАҚИДІҢ ҚОЛЖАЗБАЛАРЫ НЕГІЗІНДЕ/
Қазақстанда араб тіліндегі ислами қолжазбалар аз деп жатады. Бірақ дін ғылымын, ислам философиясын, араб тілінің теориясы мен лексиографиясын дамытуға үлес қосқан ғұламалар, ғалымдар баршылық. Алайда, олардың еңбектерінің қолжазбаларын әлемнің түпкір-түпкірінен іздеуімізге тура келеді. Сондай мән берер, зерттеуге лайық дүниелердің бірегейі қазақ жерінде дүниеге келіп, араб тілінде көлемі жағынан Әбу-Наср әл-Фарабиден кейін көп жазған Хусейн бин Әли бин Хажжаж бин Әли Хусам ад-Дин ас-Сығнақидің (1314 жылы дүниеден өткен) еңбектерінің қолжазбалары болмақ.
Ас-Сығнақи – ислам ғылымдарының дамуына үлкен қосқан, өнімді еңбек етіп, артында өшпес мұра қалдырған көрнекті тұлға.Шетел кітапханаларында жүргізген зерттеулерміз оқымыстының еңбектерінің ауқымды екенін, 17 томнан асатынын көрсетіп отыр.Араб елдерінде оқымыстының өмірі мен еңбектері хақында 3 докторлық диссертация қорғалып, еңбектерінің 8 томы жарық көрді.
Әл-Хусейн бин Әли бин Хажжаж бин Әли Хусам ад-Дин ас-Сығнақи — исламтану, фиһқ, усул-фиһқ, ақида саласында жемісті, мол еңбек сіңірген үлкен дін оқымыстысы әрі, араб тілі жайлы қалам тартқан лингвист тұғын.
Ол ең алдымен, өз заманының танымал исламтанушысы, ханафи мәзһабы бойынша шариғат ғалымы. Оның араб грамматикасы жайында да екі еңбегі сақталған. Қуанарлығы сол – ғұламаның қолжазбалары жоғалмай, біздің заманымызға аман-есен жеткен. Бұл ғұлама еңбектерін тиянақты зерттеуге жол ашады.
Қазір ас-Сығнақи шығармалары қолжазбаларының Түркияда, Мысырда, Сауд Арабиясында, Өзбекстанда, Германияда, Үндістанда сақталғаны анықталып отыр. Ғылым жанашыры, мемлекет қайраткері, экс-премьер-министр И.Тасмағамбетовтың тікелей араласуымен Каир қаласынан төрт кітабының қолжазбасы елімізге алдырылды. Бұл қолжазбалар қазір Ұлттық кітапханамызда тұр. Осы бағалы жәдігерлерді біздің университеттің мысырлық ұстаздары, ғылым докторлары Мұхаммад Махфуз, Ата ас-Сынбати, Махмұд Фуад менің (Ш.Керім) өтінішіммен оқып, сипаттап шықты. Осы қолжазбаларды жан-жақты саралап, тексеру нәтижесінде 2006 жылдың сәуірінде Ұлттық кітапханада оқымыстының өмірі мен шығармашылығы хақында конференция ұйымдастырдық.
Оның еңбектері әлем кітапханаларында өте көп. Мәселен, К.Брокельман оқымыстының бір ғана еңбегінің «ән-Ниһая» қолжазбаларының төмендегідей нұсқаларының бар екендігіне тоқталады:
1.Липзиж 1- 459; Алтатикан 3- 1346;Үндістан кітапханасы 1-218; Қылыш Әли паша-440-442; Сулеймания-557-566; Александрия,әл-фиқһи ханафи-70; Каир 1-3/148; Пинкибор-19/1/1634; Патина-1/94 /1,685/-бет. Ал бұл тізім біздің жұмысымыз нәтижесінде әлқайда кеңейді.
Ас-Сығнақидің «ән-Ниһаясының» Түркияда сақталған қолжазба нұсқалары тоқталсақ: І.Сүлеймания кітапханасында нұсқалары:
1 -Жаруллаһ: 0809, 1 т., 161 парақ; 2- Жаруллаһ: 0810, 3.т., 212 парақ; 3- Жаруллаһ: 0900, 2.т., 387 бет; 4- Жаруллаһ: 0811,5. т., 196 парақ; 5 Жаруллаһ: 0812, 280 парақ; 6-Жаруллаһ:0813,1.т.,358 парақ; 7-Дамад Ибраһим: 0613,5т., 264 парақ; 8-Дамад Ибраһим: 0611, 1-2 т.; 9-Дамад Ибраһим: 0612,302 бет ; 10-Дамад Ибраһим: 0614, 1-2 т.; 11- Әсәд Әфенді: 0666, 317 парақ; 12- Фатиһ: 01981, 3-4 т. 317 парақ; 13-Фатиһ-01982, 1-4 т., 407 парақ; 14- Фатиһ, 01984, 2.т., 309 парақ; 15- Фатиһ, 01987, 311 парақ; 16-Фатиһ-01988, 3.т., 419 парақ; 17-Фатиһ, 01989, 1-2 т., 504 парақ; 18- Фатиһ, 01991, 269 парақ; 19- Фатиһ, 01994, 294 парақ; 20- Фатиһ, 01995, 2-4 т., 185 парақ; 21- Фатиһ: 01999, 3-4 т., 236 парақ; 22- Фатиһ: 01989, 7 т., 207 парақ; 23- Фатиһ-02001, 3 т., 316 парақ; 24-Фатиһ: 02002, 267 парақ; 25- Фатиһ: 02003, 174 парақ; 26- Фатиһ: 02004, 358 парақ; 27- Фатиһ: 02005; 28- Исмиһан Сұлтан: 0161,3. т., 460 парақ; 29-ИсмиҺан Сұлтан: 0153, 5 т.; 30-Исмиһан Сұлтан: 0166, 3-6 т., 348 парақ; 31-ИсмиҺан Сұлтан-0163,1-2 т., 393 парақ, 32-Казиде Меһмед, 0211,2 т., 316 парақ; 33-Карачелебизаде: 0145, 561; 34-Карачелебизаде: 0147, 5-6 т., 316-419 парақ; 35- Килич Али Паша: 0440, 3 т., 211 парақ; 36-Килич Али Паша: 0441, 4 т., 393 парақ, 37-Килич Али Паша: 0442,5 т., 281 парақ; 38-Килич Али Паша: 0443, 1-2 том, 294 парақ; 39-Лалели: 01086, 176 парақ; 40- Лалели: 01087, 381 парақ; 41-Лалели: 01088, 333 парақ; 42-Маһмуд Паша: 0216, 1-2 т., 509 парақ; 43-Месиһ Паша: 048, 15 парақ; 44-Месиһ Паша :049, 16 парақ; 45-Месиһ Паша: 031, 50 парақ; 46-Раисукуттаб: 0365, 847 парақ; 47-Серуз: 0823,3 т., 329 парақ; 48-Серуз: 01067, 4 т., 366 парақ; 49-Серуз: 0647, 194 парақ; 50- Сулеймения- 0557, 1-10 т., 297 парақ; 51- Сулеймания-0558, 460 парақ; 52- Шеһид Али Паша: 0875, 399 парақ, 53-Йазма Бағишлар: 099, 278 парақ; 54-Йени медресе: 01819, 234 парақ; 55-Йозхат: 0566, 333 парақ; 56-Йозхат, 0261, 249 парақ; 57-Йозхат: 0262,261 парақ; 58-Йозхат, 0262, 260 парақ; 59-Йозхат: 0272, 305 парақ; 60-Һалет Ефенди: 0116,7 т., 226 парақ; 60-Һамидиие, 0528, 1-2 т.
ІІ. Баязид дәулет кітапханасы. 1-Йеллииуддин әфенди: 01315, 1т., 207 парақ; 2-Йеллииуддин әфенди: 01316,2. бөлім т.,344 парақ; 3- Йеллииуддин әфенди: 01317, 2.т., 393 парақ; 4- Йеллииуддин әфенди: 01318, 3. т., 323 парақ;
5-Баязид: 02074,36 парақ, 6- Баязид: 03078, 158 парақ; 7-Мерзифонлу К.М. /туйаток/: 0226, І-VІІ. т., /ІV. әр т. /258-255-272-279-261-246 парақ/; 8-Мерзифонлу К.М. /туйоток/: 0233, 789 парақ; 9- Мерзифонлу К.М. /туйаток/: 0223,275 парақ;
Баязид Дәулет кутубханасы: 1 – Мерзифонлы Кара:34 Деv Меr 233-18898, 789 парақ; 2- Мерзифонлы Кара: 34 Деv Меr 232-18897, 275 парақ; 3- Мерзифонлы Кара: 34 Деv Меr 285-18952, 202 парақ;
ІІІ.Стамбул университеті мәркәз кітапханасы: 04585,8 т.,
ІV.Нуросмания кітапханасы: 1- 01766- 2 т., 403-497 жұп парақ; 2- 01768, 2 т.,508-582 жұп парақ;
V. Купрулу Йазма әсер кітапханасы:1-Фазил Аһмед Пача: 0505, 141 парақ; 2-Фазил Аһмед Пача :0621,454;3- Фазил Аһмед Пача: 0622,11. т.,428 парақ;
VІ. Едерни Селимия кітапханасы:1- 0636;2- 0640;3-0641; 4-0642; 5-0643; 6-0644;7-0645;8- 0646; 9- 0647; 10- 0490,1-2 т.,219+ 229 парақ.
VІІ. Адана ил халық кутупханасы:1- 575,366 парақ; 2- 1082, 360 парақ; 3- 1137,330 парақ;
VІІІ. Амасия Баязид ил халық кутупханасы:1- 221- 01,1.т./408 парақ/;2-221-02.
ІХ. Миллат кітапханасы:1- Фейзуллаһ әфенди: 0899,308 парақ; 2- Фейзуллаһ әфенди: 0904,385 бет; 3-Фейзуллаһ әфенди: 0896, 343 парақ; 4-Фейзуллаһ әфенди: 0897, 349 парақ; 5-Фейзуллаһ әфенди: 0898, 308 парақ; 6-Фейзуллаһ әфенди: 0900, 315 бет; 7-Фейзуллаһ әфенди: 0905,341 парақ; 8-Фейзуллаһ әфенди: 0901,321 парақ.
Х.Д.І.Б. Ыстамбул Муфтулуғу кутубханасы: 1-0149,1 т./І+310 парақ/; 2-0150,2.т. /323 парақ/.
ХІ.Милли кутубханасы-Анкара:1-03 Gеdik 17364-17367-17368; 2- 05 Ва 221/1, 408 парақ; 3-05 Ва 221/2, 494 парақ; 4-55Нк 933,370.
ХІІ. Маніса ил халық кутубханасы: 1- 45 Нк530,342 парақ; 2-45Нк 528, 245 парақ; 3 -16 На386, 274 парақ;4- 45Нк542,217.
ХІІІ. Бурса Інебей йазма есер кутубханасы: 1- 16На378, 147 парақ; 2-16На386, 274 парақ; 3- 16На390, 285 парақ; 4- 16На 378, 147 парақ; 5- 16На 390, 285 парақ. Сирия Араб Республикасындағы Хафиз Асад Ұлттық кітапханасындағы сақталған «Ән-Ниһая» нұсқаларының нөмірі – 11029, 70 парақ: нөмірі – 16875, 3 бөлім, 233 парақ, нұсқа хижра бойынша 732 (1332) жылы жасалған.
Францияда сақталған нұсқалары Франция Ұлттық кітапханасы:1-Du Ryer/Coislin, 177 парақ;2- Renaudot/Saint-Germain-des-Pres,484,223 парақ.
Өзбекстанның Шығыстану институтында сақталған нұсқалары: 1- Р 3265, ширек көлемінің екіншісі,
352 парақ; 2-Р 4758, екінші жартысы 760 парақ;3-Р 8369, соңғы том, 492 парақ; 4- Р 6046,574 парақ; 5-Р 6739, екінші жартысы,428 парақ;6-Р 5943, бірінші жартысы, 644 парақ; 7-Р7909, бірінші том, 437 парақ.
Әсіресе, ғұлама еңбектерінің оның өз қолынан шыққан түпнұсқаларын айқындау ғылым үшін маңызды. Хайр ад-Дин аз-Зирикли «әл-Аалам»/ /2,247/ атты кітабында: «әл-Кәфи» -әл-Бәздәуидің «Усул л-Фиһқына» жасалған шарх,оның автордың өз қолымен жазған нұсқасы бар, үлкен том, Дамаскідегі Арабия кітапханасында сақталған, оның соңғы бетін/көшірмесін алдым» /2,247-б/ деген. Қолжазба хижраның 706 жылы аяқталған. Фахр ад-Дин Мухаммад Қанит сол кітаптың бір суретін алу үшін ар-Риядтаты патша Файсалдың ислами оқулар және зерттеулер орталығы арқылы әрекет қылғанын, бірақ маған «Дамаскіден кешіріңіз суретті аламайсыз, өйткені аталмыш кітап Ахмад Ғубайд кітапханасына көшірілген» деген жауап келгенін жазады. Біз 2011 жылы қаңтар айында Сирияға қызмет сапарымызда Ахмад Ғубайд кітапханасын іздестірдік, бұл кітапхана – дүкен жеке адамдікі екен, алайда оның мекен жайында барғанымызда иесінің де, оның ұрпақтарының өлгендігі, ал кітапхана – дүкенінің жабылғандығын білдік, ал ондағы мұралардың қайда ешкім білмейтін болып шықты. Демек араб елдерінде жеке қолдарда қолжазба мұраларының бар екендігін, олардың ішінде ас-Сығнақидің мұраларының бар екендігіне көзіміз жетті. Біз «әл-Кәфидің» І-ІІ томдарының/219+229 парақ/ ас-Сығнақидің өз қолынан шыққан тағы бір нұсқасын Түркияның Сүлеймания кітапханасынан ұшыраттық /Жаруллаһ, 0490/. Рас бұл көлемді еңбекті жан-жақты зерттеген Фахр ад-Дин Сайд Мухаммад Қанит 2001 жылы Сауд Арабиясы Корольдігінің астанасы әр-Риядта алғы сөз, түсініктермен бірге 5 том етіп бастырды. /3/. Фахр ад-Дин Қанит кітаптың алғы сөзінде «әл-Кәфидің» нұсқаларына тоқталып, сипаттама бергенімен, біз тапқан түпнұсқа осы қатарда аталып өтілсе де, автордың өз қолымен жазылған түпнұсқа екендігі айтылмаған. Түркияның «Бурса бөлге» кітапханасында «әл-Кәфидің» 0215 нөмірімен ас-Сығнақидің өз қолымен жазылған тағы бір нұсқасының сақталғанын анықтадық.
Ас-Сығнақидің «әл-Муассал фи шарх ал-Муфассалы» туралы докторлық диссертация жазған Ахмад Хасан Ахмад Наср еңбектің екі нұсқасына тоқталады, оның біріншісі Түркияның Сәлим аға кітапханасында 1167 нөмірмен сақталған, зерттеуші бұл нұсқаны автордың өз қолынан шыққан нұсқа болуы керек деген болжам айтып, кейбір беттерінің суретін ұсынған, өкініштісі сол қолжазбаның жазылған уақыты мен нұсқаны жасаушының аты-жөні көрсетілген беттері жетпеген/4,68/. Алайда, қолжазба беттерінің суреті мен өзіміз анықтаған ас-Сығнақидің қолдарын салыстыра қарағанымызда екі адамның қолы екенін байқадық.
Әл-Қураши «әл-Жауаһир әл-мудиясында» ас-Сығнақидің 711 жылы Халаб қаласында қазылардың қазысы/қади әл-қудат/ Наср ад-Дин Мұхаммед ибн Омар ибн Абдул-Азиз ибн Һибатуллаһ ибн әл-Адим ибн Әби Жарадамен кездескенде ражаб айының бірінші күні өз шархымды бастан-аяқ өз қолыммен көшіріп жазып бергендігі туралы өз сөзін келтіреді/5/. Абду Аллаһ Осман Әбд ар-Рахман Сұлтан Түркияның Купрулі кітапханасында «ан-Ниһаяның» екі бөлімді қолжазбасы сақталғандығы, біріншісі 621 нөмірлі 454 парақ, екіншісі 622 нөмірлі 428 парақ екендігін және қолжазба соңында «711 жылы ражаб айының бірінші күні» жазылғандығы туралы мәліметтің бар екендігін келтіреді де, одан әрі зерттеуші бұл уақыттың Наср ад-Динге «ан-Ниһаяның» көшіріп берген уақытына дәл келетіндігін, демек Купрулі кітапханасындағы нұсқаның ас-Сығнақи жасаған сол нұсқа болуы мүмкін деген болжам айтады/6,81-бет/. Бірақ аталған кітапхана каталогіндегі осы нұсқаны жасаушы Исмаил б. Ахмад, 621 нөмірлі қолжазбаның 950, ал 622 нөмірлі қолжазбаның 956 жылы жазылған» деген анықтамаларға сенсек, бұл нұсқа автор дүниеден екі ғасырдан соң көшірілген, яғни зерттеуші Абду Аллаһ Осман Әбд ар-Рахман Сұлтанның жоғарғы пікірі күмән туғызады.
Әл-Хорезмидің «ат-Тахмир» атты кітабы туралы зерттеуінің алғы сөзінде Әбду ар-Рахман әл-Усайимин «ат-Тахмирдің» ас-Сығнақи қолымен жасалған нұсқасының екендігін, Түркияның Сәлим аға кітапханасында 1167 нөмірмен сақтаулы екендігін, бұл нұсқаны К.Брокельманның Илм ад-Дин ән-Әндалсусидікі деп жаңылыс көрсеткенін, оның бұлай қателесуіне «Кашф аз-Зунунда» ән-Әндалусидің шархын «әл-Муассал» деген дерегіне сүйенуі себеп болған дейді/7/. Ас-Сығнақидің «ат-Тасдид фи шарх «ат-Тамһид ли қауаид ат-Таухид» атты еңбегі туралы сөз етпекпіз. Оқымыстының ақида, кәләм саласындағы бұл туындысы ас-Сығнақи туралы дереккөздерде, еңбектерде тек аталып өткені болмаса, әлі арнайы зерттелмеген, басылмаған, тек қолжазба күйінде сақталып келеді. Ақида — сенім жүйесі, ал кәләм ақидаға қатысты мәселелерді зерттейтін сала.
Мұхи ад-Дин Әбу Мұхаммед Әбд әл-Қадр бин Әбил Уфа әл-Курайши әл-Ханафи (1293-1373) «әл-Жауаһир әл-мудия фи табақат әл-Ханафия» (Ханафия мәзһабы ғұламаларының топтары жайлы жарық жұлдыздар) атты атақты туындысында ас-Сығнақи туралы айта келіп: «оның әл-Макхулидің «Тамһидіне» шархы бар, бұл үлкен том (еңбек), оны көрдім, менде бар, өзімдікі»,-/5/дейді.
Ас-Сығнақидің «ат-Тасдиді» -ан-Насафидің еңбегіне жасалған түсіндірме. Әбу Муиин ан-Насафи (437/1047- 508/1114) — әл-мәтуридия ақидалық мектебінің ең көрнекті өкілі болып есептеледі, ол негізінен кәләм ілімімен шұғылданған, мутакаллим ретінде танылған. Доктор Фатуллаһ Халиф: «имам Әбу Муиин ан-Насафи – әл-мәтуридияны қорғағандардың ең ірісі, ол әл-матуридиялар арасында әл-Бақлани, ашарилар арасындағы әл-Ғазали сынды,оның «Табсиратул-Әдила» атты кітабы ең құнды туынды. Ол әл-мәтуридия ақидасын танып-білудегі әл-Мәтуридидің «әт-Таухидінен» кейінгі ең мәнді қайнаркөз болып бағаланады, онда әл-мутуридия ақидасы мейлінше кеңейтіліп берілсе, «ат-Тамһиді» қысқартылып ұсынылған кітап,одан басқа «Бахрул-кәләм» деген еңбегі кәләмдағы аса маңызды мәселелерді қозғайтын ықшамдалған кітап»,-деп жазған /8,97-б/. Оның « ат-Тамһидін» доктор Әбд ул Хайи Қабул 1987 жылы Каирде «Тамһид усул-уд Дин» деген атпен алғы сөз, түсініктерімен бастырып шығарған/9/. «ТамҺид» сөзі араб тілінен аударғанда «жеңілдету, кіріспе», яғни кітап аты «Дін негіздеріне кіріспе» деп тәржімеленеді.Ан-Насафидің бұл еңбегі қысқартылып «ат-Тамһид» деп те аталады. Жалпы кәләм ілімі ертеден түрлі аттармен аталғанын көреміз. Мәселен, «әл-фиқһ әл-әкбәр»/ең үлкен фиқһ, «усул ад-дин»/ дін негіздері», «ат-Таухид»/Аллаһтың жалғыздығы туралы ілім/, «кәләм» /сөз/, «илму ақида»/ақида ілімі».
Сонымен ғұламаның «әт-Тамһид ли қауаидат-таухиды» «әт-Тамһид фи усулуд-дин» деп те аталады.Осы еңбекке ас-Сығнақидің жазған шархы толық «ат-Тасдид фи шархи «әт-Тамһид ли қауаидат таухид», қысқаша «ат-Тасдид» делінеді, «тасдид» сөзі араб тілінде «бағыт беруші» деген мағынада, яғни «Таухид қағидаларына кіріспе» кітабына түсінуге көмекші деген.
Біз бұл еңбегімізде «Тасдидтің» қолжазба үш нұсқасын салыстыра зерделемекпіз,оның біреуі Египеттің «Дарул-кутубтан» «Кітаптар үйінен» алдырылған. ҚР Ұлттық кітапханасының сирек кітаптар қорында сақталған көшірмесі, екеуі Түркияның Сүлеймания кітапханасындағы екі нұсқасы. Зерттеуімізге өзек болып отырған қолжазбаларды шартты түрде 1,2,3 нұсқа деп аламыз.
Осы үш нұсқаның ішінде Түркияның Сүлеймания кітапханасындағы Жаруллаһ 1207 нөмірлі қолжазбаға кеңірек сипаттама бермекпіз. Бұны бірінші нұсқа деп алдық. Әрине, Түркияда сақталған ас-Сығнақидің «ат-Тасдидінің» Сүлеймания кітапханасында басқа да қолжазба нұсқалары бар. Олар: Сүлеймания кітапханасы: Жаруллаһ: 516; Сүлеймания кітапханасы: Х.Хүсни Паша: 407; Сүлаймания кітапханасы: Амжазаде Хусейн /Түяток/ 309; Сүлеймания кітапханасы: Әсед Әфенди: 3893. Сондай-ақ Түркияның Баязит мемлекеттік кітапханасында туындының бір нұсқасы 3078 нөмірмен, Әтиф Эфенді йазма әсер кітапханасында 1282 нөмірмен сақтаулы.
1207 нөмірлі қолжазбаға тоқталсақ,сыртындағы аталуы: «Китабу-т Тасдид фи шарх Тамһид мин илми калам ала усул Ашари мин асл ас сүнна уа ал-жамаат»- Сүнна мен ал-жамаат Ашари тәсілімен кәләм саласындағы «Тамһидті» түсіндіруге көмекші кітап», алайда, Ашари мектебі деп қате берілген.
Парақтар саны: 225 парақ (үлкен)
Жазылған беттер саны: сыртқы беті қосып есептегенде, 448 бет.
Беттегі қатарлардың орташа саны: 21 қатар.
Қатардағы сөздердің орташа саны: 14 сөз:
Нөмірлеу: Жоғарыдағы сол жағында.
Нөмер: Сілтемеде 1207 деп жазылған (сол жақ).
Қолжазбаның басы: ( الحمد لله الذى لا يتحرى لحامد حمده إلا بالتوفيق على نعمه المتوالية ولا / يتدنى لشاكر شكره إلا بالتحقيق لمننه المتوافية ……….. )(4 сурет).
Шексіз нығметтеріне тауфиқ берілген адам ғана шүкірлігін орындай алатын Аллаһ тағалаға мадақ болсын. Қолжазбаның аяғы: Фиқһ ғалымдары бір ауыздан 3 мәселені келіскен. Олар: Міндет, тыйым салынған, мүбәһ. (225 сурет)
Қолжазбаның қорытындысы: Шарх 221-бетті: «Аллаһқа жалбарына отырып аяқтадым. Ол Рақымдының Рақымдысы»,-деген сөзбен аяқтаған. Және توفنى والحقنى بالصالحين, деп дұға еткен. Кейін: «Аллаһым маған білім алуға және амал етуге нәсіп ете көр, надандық пен адасудан сақта, істі бітіруші Аллаһқа мадақ және Оның елшісі Мұхаммедке салауат болсын. Ол жомарттардың құдайы, Аллаһ дұрыстықты жақсы білуші және қайтатын жер Ол жақ»,-деген дұға сөздермен бастаған.
Қолжазба 740 жылы сафар айында көшіріліп аяқталған .Яғни біздің жыл санауымыздың 1339 жылына сәйкес келеді. Қолжазбаны көшіруші- Хасан Әли Бадр.
Қолжазба тараулары Әбу әл-Муиин ән-Насафидің «әт-Тамһид фи усул әд-дин» (Дін негіздеріне кіріспе) кітабының тараулары мен бірдей, төмендегідей бір тәртіппен бөлінген :
• Шындық пен ғылымды дәлелдеу – 8- б.
• Әлемнің жарытылуын дәлелдеу – 18- б.
• Әлемнің пайда болғаны туралы — 29- б.
• Жаратушының бірлігін дәлелдеу — 31- б.
• Жаратушының «ежелгі» (القدم) барын дәлелдеу — 34- б.
• Әлем жаратушысының «акциденция» (العرض) емес екенін дәлелдеу — 36-б.
• Әлем жаратушысының «атом» (جوهر) еместігін дәлелдеу-37-б.
• Әлем жаратушысы «дене» (الجسم)емес екенін дәлелдеу — 39 -б.
• Аллаһты сүретпен, түспен және иіспен сипаттаудың мүмкін емес екені туралы – 42- б.
• «Ұқсастыруды» (التشبيه) дәлелдеу – 44- б.
• Аллаһ тағаланың мекені бар деген сөзді жоққа шығару -51-б.
• Аллаһ тағаланың сипаттарын дәлелдеу -57- б.
• Аллаһ тағаланың сөйлеу сипатын дәлелдеу — 64- б.
• Аллаһ тағала жаратылмаған- 74- б.
• Аллаһ тағаланың қалау сипатын дәлелдеу- 83- б.
• Жаратушы әлемді даналықпен жаратты- 84 -б.
• Аллаһ тағаланың көру сипатын дәлелдеу — 85- б.
• Пайғамбарлықтың рас екендігін дәлелдеу- 97- б.
• Әулиелер кереметтері бар екендігін дәлелдеу бөлімі- 120- б.
• Адамның шамасы келетін амалдар-122-б.
• Құлдардың амалдары жаратылыс екендігін дәлелдеу — 134 -б.
• Пайда болып жатқан нәрселердің бәрі –Аллаһтікі- 164- б.
• Өлтірілген адам тек ажалымен өлетіні туралы – 164-б.
• Ризқ-несібе – 166- б.
• Күнәлар Аллаһ тағаланың қалауымен істелетіні туралы–167-б.
• Тағдыр туралы бөлім-176- б.
• Тура жол мен адасу туралы- 179 -б.
• Аллаһтың алдында жақсысын Аллаһ қана біледі- 180- б.
• Қабір азабының бар екендігін дәлелдеу- 183 -б.
• Мұсылмандардың ішіндегі пасықтарға ескерту – 186-б.
• Шапағаттың барын дәлелдеу- 195 -б.
• Иманның ақиқаты туралы – 197- б.
• Мұсылмандарға имам болуға лайықты адам туралы – 206- б.
Жазылған әдісі: көбінесе, қолжазба «ән-насх» әріптерімен жазылған және сирек «әр-риқға» әріптерімен жазылған жерлер кездеседі. Қара сыямен жазылған, тек: وقوله، القول، قلت، وقول، قال، قال الشاعر، شعر، وأما العقل، يقول العبد الضعيف белгілі сөздер ғана бүкіл қолжазбада қызыл сыямен берілген. Бұл өзінің сөзі мен ән-Насафидің сөзінен ажырату үшін істегені болса керек, бұл көшірушінің ғылыми адалдығын және объективтілігін көрсетеді.
Жазылған мәтін бойынша бір неше ескертпе бар:
Бірінші ескертпе: قوله сөзі үш парақта: 166, 169, 213 қара сыямен, ал қалғанында қызыл сыямен жазылыпты.
Екінші ескертпе: асты қызыл сызықпен сызылған сөздер мен тіркестер қолжазбаның көп жерінде кездеседі. Бұны шарх жазған адам белгілі ойды білдіру үшін жасаған.
Үшінші ескертпе: екі дербес бетке нөмір қойылмаған, сонымен қатар осы беттердің әрқайсысы бір-бір параққа орналасқан, қолжазбаның басқа беттері сияқты әр параққа екі беттен орналаспаған. Бұл екі беттің көшірмелерінің нөмірі: 174, 175.
Төртінші ескертпе: қолжазбаның көп жерінде «һамзатул қатғ» және «алифул уасл» жазылмаған.
Бесінші ескертпе: қолжазба османдық жолмен түсірілген, жазуы Құран Кәрімдегідей, мысалы, (الصلاة) сөзі (الصلوة) деп жазылған.
Қолжазбаның шеті: парақтың оң жағы мен сол жағында, сондай-ақ үсті мен астында шамамен 3 см орын қалған. Оларда сілтеме жасалып жатқан ғылыми материалға байланысты парақтың төрт жағынан ескертпелер берілген. Сілтемелер кейбір жерде түзу, кейбір жерде курсив шрифтымен ұсынылған. Осыдан ас-Сығнақидың сілтеме жазуда тұрақты бір жолды ұстанбағаны аңғарылады.
Бұдан өзге Түркияның Сүлеймания кітапханасындағы 309 нөмірлі қолжазбаның автордың өз қолымен жазылған түпнұсқа екенін анықтадық. Нұсқа хижра жыл санауы бойынша, 706 жылы мухаррам айының екінші бейсенбісінде,сегізінде аяқталған.Бұл біздің жыл санауымызша, 1306 жылға сәйкес келеді, бұл кезде ас-Сығанақи тірі болған. Демек бұл нұсқаны автордың өз қолынан шыққандығымен аса бағалы,қымбат деп санаған жөн.
Қолжазбаның аты: «ат-Тасдид шарх Тамхид мин илми-л кәләм». Мұқаба қызғылт және жасыл,онда алты дөңгелек бар, оған ешнәрсе жазылмаған.
Мұқабасының ішкі бетінің жоғары сол жақ шетінде «мәлік/король/ әл-Әбд Фақир уа ражи әл Әфу мин әл- мәлик әл-кәбир/үлкен корольден/ Мұхаммад әл-Жамал әл-Қадир … Әфу Әллаһ әнһу биминһи уа карамаһу/Аллаһ оған кешірім жасап, кереметіне бөлесін/. Әмин», -деген сөздерді оқи аламыз. Бұл сөз қолжазбаның кімге тиесілі екенін аңғартып тұр.Ал оң жағы бос, сол жақ ортасында қолжазбаның аты мен иесі жазылған, сол жақтың төменірек тұсында кітапхананың мөрі қойылып, 309 санымен нөмірленген. Осы мұқабада үлкен мөр мен сол жақ жоғарысында орташа мөр бар, үлкен мөрді 71, 147, 147-беттерден, ал орташа мөрді 109-беттен көре аламыз. Сондай-ақ екі кішкентай бас бармақ таңбасының айналасында сөздер жазылған.
Парақ саны — 176, әр парақ екі беттен, жазылған беттер саны -375 бет, 103- бет бос. Бір беттегі орташа жол саны- 20 жол, бір жолдағы орташа сөздер саны-15. Парақтардың жоғары жағына рет саны қойылған,бұл сандар қолжазбаға ұқсамайтындықтан автордан басқа адам қойған деп шамалаймыз. Қолжазбаның соңындағы: «Аллаһтың әлсіз құлы — ас-Сығнақи,оны Аллаһ бұл дүниедегі және ақиреттегі әртүрлі кемшіліктерден сақтасын, 706 жылы,бейсенбі күні, мүхаррам айының 8 күні аяқталды», «Бұл еңбекті жазып бітірген соң оған «ат-Тасдид фи шарх тамһид» деп атадым. Көптеген зерттеулерден кейін аты өзіне сай болсын деп ойладым. Аллаһ тағала жақсылармен жолықтырсын, жанымды иманымен алсын деген ерекше дұғамен мейірімді Аллаһ тағалаға жалбарына отырып, кітабымды тамамдадым»,-деген жолдар нұсқаның ас-Сығнақидің өз қолымен жазылғандығын айғақтайды. Негізгі мәтіннен кейін соңында қосымша екі бет және бар.
Қолжазба негізінен насх, ішінара әр-руқат әріптерімен қара сиямен жазылған. Сөйлемдердің басын оқырман көңілін аударту үшін үлкен қою сызықпен білгілеген.Ән-Насафидің сөзін айқындап тұру мақсатында үлкен әріптермен, һа әрпін ұзындау етіп жазған.
Жоғарыдағы сипаттаған нұсқамен автордың қолынан шыққан нұсқаны салыстырғанымызда екеуіндегі мәтіндерінің сәйкестігін байқадық. Ғалымдар анықтағандай, біздің заманымызға ас-Сығнақидің өз қолымен жазылған басқа да қолжазбалары жетіп отыр, сол себепті осы құнды жәдігерліктерді әлі салыстыра зерттеу қажет.
Парақтардың оң жағынан 3 сантиметрге, сол жағынан 2 сантиметр, кейде тақырыптың мәнділігіне байланысты төрт жағынан ескертулер берілген. Кейбір ескертулер әдеттегідей қисық жазылған. Қосымша ескертулер біркелкі емес, мәселен,34,50, 56, 60, 64-беттер. Ең үлкен қосымша 102-бетте. Бұл қосымшалардың негізгі мәтінмен келіспеушілігі, қолы, сиясы,түрі, сызықтары өзгешелеу болғандықтан автордан басқа кісі жазған деп тұжырымдаймыз.
Тақырыптары жоғарыдағы 1 қолжазбамен сәйкес болғандықтан қайталап жатуды артық санадық.Осы тұста екі қолжазбаның соңында да еңбектің жазылып біткен мезгілін көрсететін жоғарыда айтып өткен «706 жылы, бейсенбі күні, мүхаррам айының 8 күні аяқталды»,-деген сөз бар екенін тағы да қайыра айту артықтық етпейді.
Ал Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының сирек кітаптар бөліміндегі Египеттің «Дарул-кітабынан»/Кітаптар үйінен/ алдырылған ас-Сығнақи еңбектерінің қолжазбалары көшірмелері арасындағы «ат-Тасдидтің» 3 мәтінін жоғарыдағы 2 нұсқамен салыстырғанда, желісі бір болғанымен, мүлде басқа екеніне көз жеткіздік. Осыған қарап, бұл атымен, ұқсастығына қарап ас-Сығнақиге қателікпен телініп жүрген өзге туынды деген түйінге келдік. Қолжазбаны хижраның 1125 жылы сафар айының 17 –інде /яғни 1712 жылы/Салих бин Әбд Фаттах әл-Балбиси жасаған.
Әрине, әлем кітапханаларында сақталған араб тілі мен исламға қатысты қолжазбалар толық каталогка салынып, айналымға түсіп үлгерген жоқ. Алда ас-Сығнақидің өз қолымен жазылған талай дүниеліктер табылатынына күмән жоқ. Біз қазір әлем кітапханаларында сақталған бабымыздың мұраларын түгендеп, нұсқаларын анықтап, олардың көшірмелерін алу үстіндеміз. Нұр-Мүбарак университетінде араб тілінде жазған қазақстандық оқымыстылардың еңбектерін жинап, оларға зерттеу жұмыстарын жүргізудеміз.