ЭПИКУР

ЭПИКУР
(б.д.д. 342/341ж.ж. Самос – б.д.д.271/270ж.ж. Афина)

— көнегрек философы, материалист. Афинадағы эпикуреизмнің негізін қалаушы.

Философиялық шығармалары:

«Эпикурдің бағы», оның жазған 300-ге жуық еңбегінің тек аздаған бөліктері ғана сақталған. Оның философиясы үш бөліктен тұрады: табиғат пен ғарыш туралы ілім («Физика»), таным туралы ілім («каноника») және адам, оның мінез-құлқы туралы ілім («эстетика»).

Философиялық көзқарастары:

Оның пікірінше, атомдар – дүниенің алғашқы бастамасы. Оларға, Демокрит атаған қасиеттерден басқа, көлем, салмақ сияқты мәнді қасиеттер тән. Салмақтың арқасында атомдар еркін «құлайды» және жолдан ауытқиды. Осылай «өздігінен еркін ауытқитын атомдар» – қозғалыстың себебі және қайнар көзі. Солардың арқасында атомдар өзара байланысқа түсіп, жекелеген денелер пайда болады. Космоста сансыз көп жекелеген әлемдер бар.
Осы әлемдердің арасындағы бос кеңістікте мәңгі өлмейтін, бақытты құдайлар өмір сүреді. Олар әлем және адамдар жағдайын ойламайды. Өмірге келіп және одан кететіндер тек тіршілік иелері мен жан ғана. Жан жіңішке, жеңіл, домалақ және тынымсыз атомдардан тұрады. Табиғатты танып-білу басты мақсат емес. Бірақ табиғат туралы білім адамдарды соқыр сенім мен діннен босатуға және өлім алдындағы қорқынышты жеңуге мүмкіндік береді де, олардың бақытқа және шаттыққа кенелуіне жағдай туғызады.
Бақыт пен шаттықтың мәні құмарлықта жатыр. Адам үшін құмарлықтың қайсысының болса да жамандығы жоқ, бірақ көп түрлі құмарлықтың ішінде рухани құмарлықтың орны ерекше, себебі ол басқалардай емес, өте тұрақты және сыртқы әсерлерге тәуелді емес. Адамдар ақылдың күшімен және ешқандай жаманшылық бұза алмайтын сабырлылық пен салмақтылықты сақтай отырып (атараксия) құмарына жетулері керек.

Негізгі идеясы:

— Эпикурдың этикалық ілімінің негізінде кейінірек эпикуреизм деген ілім және өмір сүру тәсілі кең өріс алды. Бұл ілімнің басты идеясы – өмірдегі құмарлықтардың ішінде материалдық қуаныштарға еш ойланбастан бірінші болып жол беру.

Философиялық афоризмі:

 Өзің істей алатын нәрсені құдайдан сұрап қайтесің.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *