ЭМПЕДОКЛ АКРАГАНТСКИЙ(шамамен б.д.д. 490 – 430ж.ж.)

ЭМПЕДОКЛ АКРАГАНТСКИЙ
(шамамен б.д.д. 490 – 430ж.ж.)

— көнегрек философы, дәрігер, мемлекет қайраткері, абыз. Оның философиялық еңбектері поэма түрінде жазылған.

Философиялық шығармалары:

«Табиғат туралы», «Тазарту» және т.б.
Әлемнің алғашқы бастамасы етіп дәстүрлі қалыптасқан «заттардың төрт тамырын» – жер, су, ауа және отты алған. Бұл бастамалар бір-біріне ауыспайды. Эмпедокл төрт алғашқы бастаманы төрт құдаймен теңестіріп қарайды. Олар: Зевс, Гера, Аид және Нестис (су құдайы). Ал қалған құдайлар осы тамыр – Құдайлардан жаратылады. Әлемдегі заттар осы төрт бастаманың бір-бірімен әртүрлі мөлшерде араласуынан пайда болады. Мысалы, сүйек – судың екі, жердің екі, оттың төрт бөліктерінің қосындысынан тұрады, нерв – судың екі, бір-бір жердің және оттың бөліктерінен тұрса, қанда төрт тамырдың төртеуі де тең орын алған. Төрт тамырдың қай-қайсысы да белсенді болмағандықтан, әлемдегі болып жатқан үздіксіз өзгерістер мен процестердің қозғаушы күші ретінде Эмпедокл бір-біріне қарама-қарсы екі бастаманың күресін алады. Біріншісі – Филия махаббат (сүйіспеншілік), ғашықтық күші ретінде «төрт тамырдың» қойнауын қорғап-сақтауға әрекеттеніп, бірлік пен жақсылықтың, әртектіліктерді біріктірудің, біртектілерді бөлудің ғарыштық себебі болса, екіншісі – Нейкос жек көру мен жаманшылық ретінде көпшілік пен жамандықтың әртектілерді бөлудің, біртектілерді біріктірудің ғарыштық себебі. Өзара күресте Филия мен Нейкос алма-кезек жеңіске жетеді. Олардың жеңіс кезеңдері ғарыштық циклдің төрт фазасына сәйкес келеді. Бірінші, үшінші фазаларда махаббат (сүйіспеншілік) жеңеді. Бұл фазаларда әлем шарға (сфайрос) ұқсайды да, төрт алғашқы бастама тепе-тең түр бір-бірімен араласқандықтан, бұл кезеңдерде заттар жеке-дара болып қалыптаспаған. Ал екінші, төртінші фазаларда жеккөрушілік пен махаббат тепе-тең болады. Бірақ бұл тепе-теңдік тұрақсыз, демек, олардың үздіксіз қозғалысының арқасында олардың дамуы бірлік пен жақсылықтан көпшілік пен жамандыққа (екінші фаза) және көпшілік пен жамандықтан бірлік пен жақсылыққа (төртінші фаза) бағытталады. Эмпедокл әлемді мәңгі қайталанып отыратын құбылыс деп санайды. Әлем өзінің тамырлары деңгейінде және «уақыт айналымы» шеңберінде өзгермейді де, ал жеке заттар деңгейінде және «уақыт айналымының» ішінде ылғи да өзгерісте болады. Ғарыштық махаббат пен жеккөрушілікті адам өзіне тән осы сияқты махаббат пен жек көрушілік арқылы танып-біле алады.

Философиялық көзқарастары:

Эмпедокл жанның көшіп-қонатынына сенеді. Өз жанының бұрынғы өміріндегі кім болғанын айта келіп, барлық денелерді ақылмен, оймен қамтып отыратын «қасиетті ақыл» арқылы түсіндіруге тырысады, ал оның материалдық негізіне заттардың төрт тамыры терең араласқан. Әлемді толық танып-білу осы «қасиетті ақылға» тән, ал адам осы шексіз әлемнің өз жүрегі көрсеткен кішкене ғана бөлігін танып-біле алады.
Эмпедоклдың пікірінше, жанды денелер жансыз тіршіліктен пайда болады, бірақ олар тұтас күйінде емес, алдымен олардың жекелеген органдары пайда болып, олар қалай болса, солай өзара қосылады да, қоршаған ортаға бейімделмеген, ебедейсіз бөліктері өміршеңдігін көрсете алмай, өз орнын ортаға бейімделген жаңа организмдерге беруге мәжбүр болады. Сөйтіп, дүниеде өзіміз көргендей өсімдіктер мен жануарлар әлемі, тура осындай тәсілмен адам пайда болады. Сәуленің жылдамдығы туралы Эмпедокл тамаша болжам айтқан. Жер мен аспан әлемінің арасында сәуле белгілі бір уақыт аралығындағы үлкен жылдамдықпен қозғалып, жан-жаққа тарайды, сол себепті адамдар оны қабылдай алмайды. Эмпедокл – өзінің философиялық, физикалық, биологиялық қағидалары арқылы адамзат мәдениеті тарихында өзіндік із қалдырған ірі ойшыл.
Эмпедоклдың екі айтқан болжамы таң қалдырады. Бірі – Күннің тұтылуы Жер мен Күннің арасына айдың тура келіп, қабаттасуы. Екіншісі – сәуленің әлемде тарауы үшін уақыттың керектігі. Олай болса сәуленің таралу жылдамдығы болатыны.

Философиялық афоризмдері:

 Сезіміңе сенім артсаң – адастың. Оймен барла – асулардан әрі астың.
***
 О, адамзат, азап сені қажытты-ау.
Қанды тырнақ қырқысқанды пешенеңе жазыпты-ау!.
***
 Ғылым ақыл-ойды кемелдендіреді.
***
 Ой дегеніміз – сезімнің өзі немесе соған ұқсас нәрсе.
***
 Біздің дене мүшелерімізге танымның мардымсыз мүмкіндігі ғана берілген.
***
 Ақымақтар! Егер әу баста жоқ нәрсе енді болады яғни әлдене жоғалады немесе мүлдем құрып кетеді деп ойласаңдар, ақылдарың шолақ болғаны.
***
 Біртұтас болмыс сапалық жағынан қарама-қарсы сипатта болуға тиіс.
***
 Махаббат пен өшпенділік! Екеуі де мәңгілік, жаратылған күннен бері бір-бірімен бітіспес жау. Олар бізге дейін де болған, бізден ейін де бола береді һәм олардың бірі күндердің күнінде жоғалады деп еш ойламаймын.
***
 Егер Махаббат пен Өшпенділік мүлдем құрып жоғалып кетсе, әлем қалай жаратылар еді!.
***
 Махаббат бәрін қосады. Өшпенділік — талқандап, шашады.
***
 Құдай – алтау: төртеуінің ғұмыры шектеулі (от, су, ауа және топырақ), ал екеуі мәңгілік және олар бір-бірімен өмір бақи қырқысып өтеді (Өшпенділік һәм Махаббат).
***
 Барлық жерде ой-сана мен қажеттіліктің бір бөлшегі бар.
***
 Табиғат барлық нәрсеге ақыл берген: хайуанаттарда ғана емес, өсімдікте де ақыл бар.
***
 Қажетіне қарай дүниедегі барлық затқа Махаббат пен Өшпенділік кезек билік етіп, оларды қозғап отырады, аралық уақытта тыныштық орнайды.
***
 Әрбір зат өз бөлшектерінің белгілі бір арақатынасына қарай өмір сүреді.
***
 Мен бозбала да, толықсыған бойжеткен де, құс, балық, тіпті өсімдік те болдым.
***
 Жо-жоқ, біз ештеңе де сезбейміз, ештеңе де көрмейміз: барлық зат біз үшін

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *