ХИМИЯЛЫҚ ОШАҚТАРДЫҢ СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ
МЕДИКО-ТАКТИҚАЛЫҚ ЖІКТЕЛУІ
Химиялық зақымдалу ошағы дегеніміз — химиялық қарудың әсеріне шалдыққан бір ошақты жерді, ондағы адамдарды (әскерді), қару – жарақ пен техникаларды және басқа дан тұрған құралдарды айтады, соның салдарынан адамдар мен жануарлар ауруға шалдығу мүмкін.
Ол жердегі ошақтың аумағы және сипаттамасы УЗ -дың физикалық, химиялық қасиеттеріне және қандай әдіспен қолданғанына, ауа-райына, жер бедеріне және басқа да жағдайларға байланысты болады.
Химиялық қару қолданған ошақты екіге бөледі:
1. Зақымданған ошақ, бұған кіретін химиялық бомба түскен жер және У-дың ауамен тараған аумағы: бұл жерде адамдар жарақаттанады, уланады, жер мен техника, көлік, киім-кешектің ластануы өте үлкен болады.
2. Зақымданған (ауданда) ошақта газды улардың тараған аумағында тек қана адамдар зақымдалуы мүмкін, УЗ- мен жердің ластануы төмен болады.
Химиялық зақымданған жердің төрт түрі болады:
Қарсылас елдің қандай УЗ-ты қолданғанына байланысты ошақта химиялық зақымдану әсері тұрақты болу мүмкін — УЗ-тың әсері 1 сағат немесе онан да ұзақ болады, ал тұрақсыз болуы, егерде УЗ әсері 1 сағаттан төмен болуы да мүмкін.
Тұрақты ошақты – қарсылас ел пайдаланғанда тек әскер күшін жою мақсаты ғана емес, сонымен қоса жерді, техниканы зақымдап, олардың шабуылын тоқтату үшін қолданады.
Химиялық зақымданған ошақта уланудың сипаттамалары белгілі бола, төмендегідей бөлінеді:
1) Тұрақты, тез зақымдайтын ауданына (ошақта қолданғаннан кейін уланудың көріністері бірінші сағаттан біліне бастайды).
2) Тұрақты, біртіндеп зақымдайтың УЗ ауданы (уланудың көрінісі 1 cағаттан соң басталуы мүмкін).
Тұрақсыз улы заттарды қарсыластарымыз, оны пайдаланған кезінде ғана, әскерге әсерін тигізсін деп қолданады. Бұл аудандар өз алдына былай бөлінеді:
3) Тұрақсыз УЗ-тар біртіндеп зақымдық әсер ететінге (таб. қара)
4) Тұрақсыз УЗ тез зақымдық әсер ететінге.
Санитарлық шығынның саны, оның ішіндегі әскер қатарынан 10 тәулікке шығуы, келесі фақторларға байланысты болады:
1. Қарсылас жақтың химиялық қаруды кенеттен тактикалық қолданылуы.
2. Әскердің қорғану жабдықтарын уақытында пайдалануына байланысты.
3. Улы заттарды қолдау әдісіне.
4. УЗ-ды қандай түрмен қолданғанына.
Тез уақытта әрекет ететін УЗ-ды қолданған ошақтың, мынадай сипаттамалары болады:
1. Бұл ошақта бір дегеннен көп әскер қырылады.
2. Әскер ішіндегі қатардағы медициналық көмек көрсететін құрамалардың істен шығуы мүмкін.
3. Әскер ішінен көп адамдардың, өте ауыр улануы (жаралануы) мүмкін, олардың өмірі бірінші клиникалық көріністен кейін, уақытында толық медициналық көмек көрсетілмесе өмірлері 1 сағаттан аспауы мүмкін.
4. Медициналық құрамдарда уақыттың болмауынан, зақымданған ошақта тазалауды өткізуге белгіленген шараларды тез арада өзгерте алмауы мүмкін.
5. Керекті медициналық көмекті, зақымданған ошақта көрсетуді және әрі қарай медициналық тасымалдау кезеңіне ауруларды, жаралыларды бір-ақ рет тасымалдауға тура келеді.
УЗ-мен біртіндеп зақымданған ошақтың айырмашылығы мынадай:
1. Аурулардың және жарақаттанғандардың ішінде уланудың алғашқы көрінісі бірнеше сағат бойы жалғаса береді.
2. Мезгілінде нәтижелі медициналық көмек көрсетілмесе, ауыр уланғандардың өмірі көпке созылмайды (иприт, фосген).
3. Шайқастың жүріп жатқан жағдайына байланысты, құтқару жұмыстарын ұйымдастыру, артық уақыттың болуымен (бірнеше сағат) дәлелденеді.
4. Зақымданған ошақтан уланғандардың көлеміне байланысты медициналық та
сымалдау бірнеше рейспен атқарылады.
Қорытынды
Бұл дәрісте қарсылас елдердің химиялық қаруды қолдануы мүмкін дігінен, қаруда турған УЗ-тың қасиетіне сипаттама беріледі.
Бүкіл шет мемлекеттердегі химиялық қарулар, адамдарға ұзақ мезгіл бойы қауіп-қорқыныштық келтіріп тұр.