ФЭН ЮЛАНЬ (ФЭН ЧЖИШЭН)

ФЭН ЮЛАНЬ (ФЭН ЧЖИШЭН)
(4 желтоқсан, 1895ж. Хэнань провинциясы, Танхэ – 26 қараша, 1990ж. Пекин)

– XX ғасырдағы қытай философиясындағы ең ірі кәсіби философтарының бірі.
1915 жылы Пекин университетіне түседі. 1919 жылы АҚШ-та білім алып, Колумбия университетінде философия ғылымының докторы деген атақ алады (1924 жылы). Ең алғашқы еңбектерінде Фэн Юланьға Лян Шуминнің мәдениеттану идеялары әсер еткен болатын. Ху Шидан бір ерекшелігі, жаңа неоконфуцианство ілімін жасады. Қытай мен Батыс философиясындағы идеяларды жүйелеуге талпынып, Сунь конфуцианствосы мен позитивизмнің негізін салып, өз үлесін қоспақшы болды.

Шығармалары:

«Өмір идеяларын салыстырмалы зерттеу» деген шығармасында бір-біріне ұқсас әртүрлі мәдениеттердің тенденцияларын қарастырады.

Философиялық көзқарастары:

Фэн Юланның көзқарасы бойынша, шын метафизикалық философия ізденіс обьектісіне ең абстрактылы, ең жоғарғы принциптерді, қоғамдағы адамдардың күнделікті өмірімен байланыспайтын абстрактылы нәрселерді алады. «Философия деп жазды ол, – физикалық реалдықпен емес, керісінше, шындықпен жұмыс жасайды. Сондықтан ол біздің позитивті білімімізді, бізді қоршаған әлемді тану, кеңейтіп, ұғайту жағдайында емес. Метафизикалық дәстүр реалды заттар мен құбылыстарды тану барысында әлемнің белгілі бір шектеулерінен шығып кете алады». Фэн Юланның пікірінше, бұған Қытай философиясы жата алады. «Философияның ең негізгі мәні, – дейді Фэн Юлань, – субьектінің моральдық жағынан өркендеуінде, тұлғаның жоғарғы жетістікке жетуінде. Адамдар бірдей қайталана беретін әрекеттер жасауы мүмкін, бірақ әртүрлі өмір сферасында соңғысы бірде-бір құндылыққа ие болмауы мүмкін». Мұндай сфераларды Фэн Юлань төртке бөледі: табиғи немесе нәрестелік, утилитарлы, моральды және трансцендентті.
Табиғи ортада тұрған адам өзінің әрекетін әлі тани алмайды. Олар инстинкттер немесе қоғамдық дәстүрлер арқылы анықталады.
Утилитарлы ортада тұрған адам өзіне пайда болу үшін билік жүргізеді. Өзінің жасаған әрекетіне толығымен есеп беріп, тек өзінің қызығушылығы арқылы жұмсайды. Егер кімде кім өзін қоғамның бір мүшесі екенін мойындап, моральды ортада тұрса, оның істеген әрекетінің бәрі этикалық мағына береді. Егер адам өзінің айналасындағы нәрсені танып, өзін тек қоғамның бір мүшесі ғана емес, сол қоғамның азаматы ретінде таныса, мұндай жағдайда адам трансцендентті ортада болады. «Өмірдің утилитарлы және табиғи ортасы, – деп жазды Фэн Юлань, – адамға туа салысымен берілген, ал моральды және трансцендентті ортасы адамның рухымен жаратылған. Индивидтің өзі белгілі бір тәртіпке, жауапкершілікке, талаптарға сай болуы керек. Қытай дәстүрлері бойынша философия функциясы мынадан көрінеді: өмірдің екі жоғарғы сферасына жетуге көмектесу керек. Өмірдің моральды ортасында болу үшін міндетті түрде моральды жетілген адам болу керек. Трансцендентті сферада болу үшін міндетті түрде данышпан болуы шарт. Философияның өзі қалай данышпан болуды үйретеді». Фэн Юланның пікірі бойынша, данышпан деген бір құдыреттілік те емес, оның әрекетінде қандай да бір жоғарғы күштер де жоқ, басқа адамдарданерекшелігі бір керемет нәрсе жасауда емес. Оның мәні адам болмысының шындығын тереңдей түсінуінде.
Қазіргі метафизикалық жүйе позитивті әдістен басталып, негативті әдіспен аяқталмаса, философия, түптеп келгенде, сәтсіздікке ұшырайды. Дегенмен, ол позитивті әдістен басталмаса, философия туралы ең қасиетті нақты түсінік қалыптаспайды. Қытай философия тарихында позитивті әдіс ешқашан толығымен дерлік дамымады, практикада ол жиі лақтырылып тасталды. Сондықтан қытай философиясында нақты түсінік жоқ. Нақты түсінікшілік философияның ақыры емес, бұл ең қажетті сәт. Оған әрбір философ мұқтаж болып отыр. Ал батыс философиясы тарихында негативті әдістің толық дамымаған түрі жоқ. Бұл екі әдістің бірігуі болашақ философияның туындауына септігін тигізді».
Жалпы, Фэн Юлань барлық қытай философиясы тарихына тоқталып, оны гностицизм тарихы ретінде қарастырды, ал Батыс философиясын рационализм тарихы ретінде қарастырды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *