ТОММАЗО КАМПАНЕЛЛА

ТОММАЗО КАМПАНЕЛЛА
(5 қыркүйек, 1568ж. – 21 мамыр, 1639ж, Париж)

— итальяндық философ және жазушы, алғашқы утопиялық социализм өкілдерінің бірі.
Ол философия, жаратылыстану мәселелерін әлеуметтік мәселелермен байланыстыра білген, Испания монархиясына қарсы күрескен, сол үшін отыз жылдай түрмеде отырған монах.

Философиялық шығармалары:

«Күн қаласы», «Галилей апологиясы», «Метафизика», т.б. «Күн қаласында» оның тұрғындары – солярийлер әлеуметтік әділеттілікті орнықтырып, өмір мен мектептің рахатын көреді.
Кампанелла гилозоизм (барлық нәрсенің жаны бар деген түсінік) идеясын универсумға қолданады: «Әлем – үлкен тірі мақұлық, біз оның ішінде құрттар секілді өмір сүреміз, теңіз – жердің тері».

Философиялық көзқарастары:

«Күн қаласы» еңбегінде қоғамды қалай өзгерту туралы ойларын баяндайды. Тапробану аралындағы (шамамен Цейлон, қазіргі Шри-Ланка) бақытты қоғам туралы Генуя теңізшісі әңгімелейді. Бұл аралда адамдар қоғамдастыққа бірігіп, Құдайға емес, адамның ақыл-ойына бағынатын мемлекет құрады. Мұнда жеке меншік жоқ, еңбек жақсы ұйымдастырылған, адамдар төрт сағат қана жұмыс жасайды, бай, кедей болып бөлінбейді.
Мемлекетті басқарушы – Платонның мемлекетіндегідей аристократия, бірақ философтар емес, маман аристократтар, қабілетті болып жаратылған, туғаннан жолы болғыш адамдар. Олардың ең ақылдысы – Метафизик немесе Күн деп аталады.
Ол мемлекет басшысы, барлық ғылымдардан жан-жақты хабардар. Оның үш көмекшісі бар: Күш-Қуат – әскери істерді, Даналық – ғылымдарды басқарады, Махаббат – тамақ, бала тәрбиелеумен айналысады. Олардың да көмекшілері бар (Грамматика, Логика, Физика, Саясат, Этика, Экономика, Астролог, Астроном, т.б.)
Елді басқару ісімен қырық адам айналысады, бірақ айына екі рет халық жиналысында басшылар ауыстырылып отырады, олардың өздері де талантты адамдарға өз орындарын босатуы тиіс. Басшылық әділ жүзеге асырылуы тиіс, ағайыншылық деген болуы керек.
Балалар жеті жасынан бастап ғылымдарды зерттей бастайды және ой еңбегін дене еңбегімен ұштастырады. Дін философияға, білімге тәуелді, ең басты дінбасы – Метафизик.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *