ТОМАС СЭММЮЭЛ КУН

ТОМАС СЭММЮЭЛ КУН
(18 шілде, 1922ж, Цинциннати, Огайо – 17 маусым, 1996ж, Кембридж, Массачусетс)

— американдық философ, өзінің парадигмалар ұғымымен танымал, ғылым философиясындағы тарихилық бағыттың көшбасшысы.

Шығармалары:

«Ғылыми революция құрылымы» (1962), т.б.
Ғылым дамуы процесінің негізгі бірлігі парадигма – зерттеу қызметі негізі ретінде ғылыми қауымдастық мүшелері мойындайтын концептуалдық схеманы ойлап тапты.
Теріске шығару туралы Поппер тезисін Т.Кун өзінің «ғылыми қызметтің тарихи-ғылыми көзқарасы» деген идеясы арқылы сынға алады.

Философиялық көзқарастары:

Кунның анықтауынша, әлем картинасында оның мынадай маңызды компоненттерін байқауға болады: парадигма, ғылымның қалыпты дамуы және ғылыми революция. Кунның пікірі бойынша парадигма – бұл тексерілетін ғылыми гипотеза енгізілген жорамалдардың жалпы жиынтығын белгілеу үшін қолданылатын ұғым. Ғылымның қалыпты дамуы – бұл шынайылығы күмән туғызбайтын ұсыныстарды пайдалана отырып, ғалымның проблемаларымен жұмыс істеу кезеңі. Ғылыми революция – бұл ғылыми зерттеулер барысында, оның кейбір мәселелерін пайымдау нәтижесінде оның жалпы жиынтығын өзгерту қажеттілігі туындайтын кезең. Бір парадигмадан екінші парадигмаға өту Кунның сипаттамасы бойыншасекірулер арқылы жүзеге асады. Білімнің өсуі жекелеген бір парадигманың ішінде жүзеге асады және бір парадигмадан екіншісіне өтуге қатысы болмайды. Кунның айтуынша, әрбір парадигманың өз ішінде ақиқаттылық пен маңыздылық критерийлері болады, демек екі немесе бірнеше парадигмаларды салыстырғанда олар бір-біріне сәйкес келмейді. Сонымен қатар пайда болған ғылыми революцияны бағалайтын және оны ғылыми үдеріс ретінде аяқталған нәтижесі деп анықтайтын ешқандай да бейтарап позиция жоқ. Мұндай жағдайда ғылыми тұжырымның шынайылығы мен жалпы маңыздылығы нақты бір парадигмаға бағынышты болады.
Парадигма әр түрлі түсіндірілуі мүмкін. Онтологиялық тұрғыдан алып қарағанда, ол «өмір сүретін нәрсеге» бағыттайды, методологиялық тұрғыда «жақсы» зерттеу нормаларына сілтейді, педагогикалық тұрғыда әлеуметтендіру мақсатында ғалымды оқытып-үйрету үлгісінің маңыздылығын көрсетеді, өйткені оны белгілі бір ғылыми қауымдастыққа баулиды.
Ғылымның дамуына деген мұндай тарихи көзқарас неопозитивизмнің көп ағымдарына қарсы болды. Сонымен қатар Т.Кунның екінші жетістігі – ол тәжірибиелік деректердің неопозитивизмдегі басымдылығын теріске шығарып, ғылымда парадигмаға тәуелсіз деректердің жоқ екенін дәлелдеді. Парадигманы игерген ғылым деректердің бәрін соның «сәулесі» арқылы көреді. Деректер теорияны сынамайды, керісінше, теория қандай деректерді тәжірибиеге енгізу керек екенін пайымдап анықтайды.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *