ТОМАС МОР
(7 ақпан, 1478ж, Лондон – 6 шілде, 1535ж, Лондон)
— ағылшын ойшылы, жазушы. Католик Шіркеуінің әулиесі. Утопистік социализмнің негізін салды.
Атақты философ Эразм Роттердамскийдің досы. Латын тілін жақсы меңгерген, заң мектептерінде білім алып, мұғалімдік және адвокаттық қызметтер атқарған. Оның еңбегін бағалаған қоғамдастары оны парламент палатасына сайлады. Батыл саяси көзқарастары үшін 1535 жылдың 6 шілдесінде жазаға тартылды
(ел-жұртының алдында басы кесілді).
Философиялық шығармалары:
«Утопия» (Утопия – грекше «орны жоқ орын», «Жерұйық» дегенді білдіреді).
Мордың «Утопия» еңбегі мемлекеттің ең жақсы құрылымы туралы пайымдауға арналған. «Утопияның» бірінші бөлімінде Мор Англиядағы капитал қорының қалыптасуының алғашқы кезеңдерін суреттейді: қоғам мүшелерінің барлық мүшелері баюды ғана көздейді және мемлекет атын жамылып, өз құлқынының қамын ойлайтын байлар мемлекеттің сорына айналады.
Кітаптың екінші бөлімінде осындай мемлекетке қарама-қарсы мемлекет туралы баяндалады. Бұл бөлімнің мазмұнын Інжілдің, Платонның «Мемлекет» еңбегінің, Эразм Роттердамскийдің христиандық гуманизімінің әсері сезіледі.
Философиялық көзқарастары:
Қоғамдық өмір – Мор индивидуализмге қарсы, жеке меншік болмауы тиіс, қоғамда өмір сүріп отырған адамдардың бәрі тең.
Мемлекет басшысы – терең ойлы философ, кіршіксіз таза адам болуы қажет, «Жақсы нәрсе де, жаман нәрсе де басшыдан тарайды». Осындай адам – қиялдағы аралды жаулап алып, өз Утопиясын құрған Утоп.
Қоғамда ақша жоқ, алтын тек қажетсіз нәрселерді жасауға ғана, басқа елдермен қарым-қатынаста және соғыста қолданылады.
Ой еңбегі мен дене еңбегі: Мор дене еңбегін жоғары бағалайды, ол адамдардың бәрі үшін міндетті, ауыл шаруашылығы еңбегіне қоғамның әрбір мүшесі кемінде екі жылын арнауы тиіс, себебі еңбек өмірлік қажеттілік қана емес, моральдық қажеттілік. Ол алты сағатқа созылатын еркін ой. Ой еңбегі Платондағыдай дәріптелмейді, бірақ онымен айналысатын ең дарынды адамдар. Утопиялықтар еңбектен шаршап, зорықпайды, қолдары босағанда өздерін рухани дамытады.
Дін: Утоп дінді Христос дүниеге келерден 144 жыл бұрын тағайындады. Мор жалғыз Жаратушы Құдай бар, жан мәңгілік деп тұжырымдайды. Сонымен қатар, әр түрлі наным-сенім болуы мүмкін, адамдар бір-бірінің сенімін, атеистерді де сыйлауы керек деп есептейді. Дінді сақтаушы – сайланатын дінбасылар, олар өте таза, адамгершілікті интеллектуалдылықтан да жоғары қояды.