ТОМАС ГОББС

ТОМАС ГОББС
(5 сәуір, 1588ж, Малмсбери – 4 желтоқсан, 1679ж, Хардуик)

— ағылшын материалист-философы, қоғамдық келісім теориясының авторы.
Дін уағыздаушының отбасында дүниеге келген. Он бес жасында Оксфорд университетіне түседі, ақсүйектер отбасында тәрбиеші болып қызмет етеді. П.Гассендимен, Р.Декартпен (1548) танысады.

Философиялық шығармалары:

«Левиафан», «Жаратылыстық саясаттың элементтері» (1640), «Азаматтық туралы» (1640), «Дене туралы» (1655), «Адам туралы» (1658), «Бегемот», т.б.

Философиялық көзқарастары:

Гоббс Бэконның ілімін жалғастырушы, әрі механикалық тәсіл арқылы әлемдік құбылыстармен қатар, таным процесінде қоғамдық құбылыстарды да қарастырып, жүйеленген механикалық көзқарастың негізін қалаушы. Гоббстың пікірінше, обьективтік шындық дегеніміз – денелер жиынтығы. Материя мен дене синонимдер. Бейзаттық құбылыстар болмайды.
Денелер кеңістікте көсіледі және салыстырмалы қозғалыста болады. Олар түйсіктер арқылы қабылданып, санамызда ұғымдар қалыптастырады. Материя, денелер өздерінің геометриялық сипаттары арқылы ажыратылады (ұзын-қысқа, жоғары-төмен, үшбұрыш, шар, квадрат, т.б.). Сондықтан геометрия – ең басты ғылыми ойлау тәсілі. Ойлау дегеніміздің өзі – есептеу, математикалық амалдардың жиынтығы (қосу, алу, көбейту, бөлу, т.б.).
Барлық денелер, әлем себептілікке байланысты болғандықтан, жігер де себептілікке бағынышты. Ал жігер мен бостандық адам табиғатының нәтижесі болғандықтан, қажеттілікке байланысты еркін бола алады. Алғашқы қауым кезінде адамның табиғаты өзін-өзі сақтау, ләззатқа ұмтылу сияқты эгоизмге негізделген қажеттіліктен туатын еді де, қалыптасқан әлеуметтік жағдайға қарап өз іс-әрекетін ерікті түрде таңдайтын. Ал әрқайсысының еріктері бір-біріне қарама-қайшы келгендіктен, сол кездегі адамдардың табиғи көрінісі барлығының барлығына қарсы күресі болатын Мұндай «соқтығыстық» қатынас ұзаққа баруы мүмкін емес еді, сондықтан адамдар өзара келісім жасауарқылы мемлекетке біріккенжәне билеушіге өз еріктерімен бағынған. Олай болса, мемлекет – жасанды дене (левиафан).
Сөйтіп, адамдар өзін-өзі қорғауға және адамша өмір сүруге үмкіндік алған. Билеушінің айтқанын екі етпей орындау керек, себебі ол қоғамдық талап-сұраныстарды түсініп, білгендіктен дұрыс айтады, ал оның қарсыластары халықтың мұң-мұқтажын білмегендіктен теріс жолға бастайды. Қоғамдық заң – азаматтардың ар-ождандары.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *