ТОКСИКОЛОГИЯЛЫҚ УЗ-ДЫҢ ЖІКТЕЛҮІ
Өздерінің, адам және жануарлар организміне тигізетін улылық әсерінің айырмашылығына байланысты химиялық УЗ жетіге бөледі.
1. Нерв жүйелері арқылы сал ауруына шалдықтыратын (УЗ): табун, зарин, зоман, Ві- газы.
2. Теріні іріңдетіп, өлі еттендіретін улы заттар: иприт, люизит.
3. Жалпы организмге әсер ететін улы заттар: синильды қышқыл, хлорциан, көміртегі тотығы.
4. Тұншықтырып әсер ететін УЗ: хлор, фосген, дифосген.
Хлорацетафенон, бромбензилцианид, хлорпикрин.
5. Тітіркендіргіш улы заттар: дифенилхлорарсин, дифенилцианарсин, адамсит, Си-Эс, СИ-Ар, Мейс.
6. Психотомиметикалық әсер ететін улы заттар: диэтиламид, лизергин қышқылы (ДЛК), маскалин, псилоцин, бензил қышқылының туындылары, Би-Зет.
УЗ — дың әртүрлі топтарға жатқызу шартты түрде екендігінің түсініктемесі (мысалы: тері іріңдетуші УЗ бу түрінде — тұншықтырып әсер ететін УЗ-ға тәрізді тыныс алу жолдарын зақымдайды, кейбір көзді жасаурататын УЗ-тар, тұншықтырушы заттар тәрізді әсер етеді, сонымен қатар өкпенің ісінуіне алып келеді).
Тактикалық жіктелуі. Барлық УЗ-тар өлімге алып келетінге және уақытша қатардан шығаратынға бөлінеді. Өлімге алып келетін ФОЗ-тар, жалпы улы әсері бар, тұншықтырғыш, тері-іріңдетіп өліеттендіретін УЗ жатады. Уақытша қатардан шығаратындарға: көзді жасауратушы газ, тітркендіргіш және психотомиметикалық заттар жатады.
Бинарлық қару. АҚШ-та химиялық қаруды әрі қарай жетілдіру бағытына соңғы жылдары жаңа бинарлық қаруды құрастыру жатады. Олардың әсер ету негізі- снарядтардың ішінде екі токсикалық және улық қасиеттері төмен химиялық заттары бар, олар жұқа қабырғалы пластмассалы контейнерде орналасқан, аралары графиттік табақшамен және катализатормен бөлінген. Атқан кезде, соққыдан контейнердің қабырғалары және графит табақшасының қабырғасы бұзылады, компоненттерінің жылжуынан және олардың реакциясының салдарынан жартылап өнімдерінің жиынтығына байланысты УЗ — (В-2 немесе VХ) бинарлы зарин немесе VХ пайда болады. Реакцияның жеделдеуіне снарядтың ұшу кезіндегі айналуы әсер етеді, оның айналуы 15 мыңға барады.
Осыларға негізделе отырып, барлық күштер келесі мәселерді шешуге бағытталған: ФОЗ — дың адам организміне әсер етуін күшейту, әртүрлі әдіс техникалық жолымен кішкентай тамшыны көбейтіп оның жайылым аумағын үлкейту, ФОЗ және бинарлы қарудың жарылу күшінің тұрақтылығын арттыру, УЗ –ның қату, бір — біріне әсер ету бағытын және қоюлану жылдамдығын арттыру, В-2 және VХ-2 арасындағы ұшқыш бинарлық заттарды алу, бинарлық қарумен толтырылғын баллистикалық қаруларды зерттеу, бинарлы заттардың жартылай өнімдерін ірі масштабты технологиясын құру, герматизация мәселелерін шешу жатады.
Химиялық қаруларды сериялық өндіру үшін Пайн — Блаффкский әскери химиялық арсенал аймағында артиллериялық снарядтарды және авиабомбалар, бинарлық УЗ-мен қаруландыру мекемесі құрылуда, өнімдік күштілігі, жылына 7000 мың бірлік. Құрылыс құрылымы бағасы 170 млн. доллардан асады.
Бұл арсенал, сонымен қатар «Биг-Ай» авиабомбасын дайындауда. 203,2 мм артснарядтар, УЗ-VХ әрі қарай бинарлы басқарылатың » Ланс » зымыранды және қаннатты ракеталарді өндіруді жоспарлауда.