Спирттер
Жұмыс мақсаты:
Спирттердің молекулалық құрылысы мен молекуладағы атомдардың өзара әсерін анықтау. Функционалдық топтың олардың қасиеттеріне әсерін тәжірибе жүзінде зерттеу. Көп атомды спирттерді бір атомды спирттерден ажырата алуды тәжірибе жүзінде игеру.
Жабдықтар мен реактивтер:
этанол, ,5% ag,5% ag,10% , ағаш шыраға бекітілген мыс сым, Br2 ag, спирт шамы, сіріңке, ұстағыш, штатив, пробиркалар,глицерин,5% ,10% ,5% .
Жұмыс барысы:
№ 1. Этанолды шала тотықтыру. а) Мыс сым арқылы.
Пробиркаға 1 мл этанол құю. Спирт шамы жалынына ағаш сапқа бекіген мыс сымды қызарғанша қыздырып, жылдам пробиркадағы спиртке батыру.
Пробирка аузындағы ауаны қолмен өзіне қарай желпіп, иісті анықтау. (Шіріген алма иісі — аз концентрациялы сірке альдегидінің иісіне тән )
№2. Калий дихроматымен қышқылдық ортада этанолды шала (жартылай) тотықтыру
Пробиркаға 1 мл этанол,5 тамшы , және 3 тамшы ерітіндісінен құю . Ерітінді түсінің өзгеруін бақылап, өзгерістерді реакция теңдеулері арқылы өрнектеу. Қорытынды жасау. Өзгерістің иондық түрінің үлгісі:
қызыл сары жасыл
түс түс
№3. Калий перманганатымен қышқылдық ортада этанолды шала тотықтыру.
Пробиркаға 1 мл этанол, 5 тамшы және 3 тамшы ерітінділерінен құю. Өзгерістерді бақылап, оларды реакция теңдеулерімен өрнектеу. Өзгерістердің иондық тотығу – тотықсыздану реакциясының үлгісі.
қызыл күлгін түссіз
түсті
Қорытынды жаса.