СЕРЕН ОБЮ КЬЕРКЕГОР

СЕРЕН ОБЮ КЬЕРКЕГОР
(5 мамыр, 1813ж, Копенгаген–11 қараша, 1855ж)

— дат философы, протестанттық теолог және жазушы. Иррационализм өкілі. Экзистенциализм және қазіргі заманғы философиялық антропологияның негізін қалаушылардың бірі.
Кьеркегор 1840 жылы Копенгаген университетінің теологиялық факультетін тамамдаған. Көне грек авторлары мен романтиктерінің елес-ирониялар жайлы тұжырымдамаларына арналған «Елестер түсінігі туралы»/ «О понятии иронии» атты тақырыпта диссертациялық жұмысын қорғап, 1841 жылы ол магистр дәрежесін алды.
Жалпыға бірдей нәрсе, шартсыз нәрсе, қажетті нәрсе деген көптеген абсолютті жоғарғы құндылықтар ретінде дәріптеген және бүкіл кездейсоқ, жекелік күмәнді нәрседен қашатын классикалық философия Кьеркегорды ашығын айтатын, батыл әрі қайсар қарсылас ретінде таныған. Ойшылдың даралығын, жанының да, тәнінің де жағдайын ескеретін, күмәннің, түңілудің, қуаныштың ерекше кеңістігінде болатын философияның басқа түрінің де болуы мүмкін екен. Кьеркегордың философиясы – даралықтың көрінісі, ол өзінің барлық туындыларында тарығып, күмәнданып, өзін біресе ақтап, біресе жазалап толғаған махаббатының, айттыру мен ажыраудың трагедиялық тарихы.
Кьеркегор бейклассикалық философияның болашағын аша түседі: адамды тек санаға, адам ұғымына келтіруден бас тарту, адам реалдылығының бірегейлігін табуға ұмтылу, адами болмыстың, экзистенцияның динамикасының ырғағына ену, экзистенция тәжірибиесін жеткізудің классикаға беймәлім әдістерін табу. «Экзистенциялық оқиға дегеніміз құмарлық, ол құпияға толы, сондықтан ол хабарлауға келмейді ол коммуникативті жұпқа: хабарды алушы мен құмарлықты бастан кешіретінге жіктеуге келмейді». Басқаша айтқанда, экзистенциалды мағынаны жеткізу мынадай шарт орындалса ғана жүзеге асуы мүмкін, яғни ол үшін құмарлық туралы естіген адам, оны өз басынан кешу керек және бұл «жанама қарым-қатынастың» ерекше тәсілдерімен жүзеге ашады.

Басты философиялық идеялары:

Философияның дамуына ықпалы болған Кьеркегордың басты идеялары мыналар: сананың шеңберінде қалмай, тірі өмірге, болмысқа, экзистенцияға қарай бару, сана мен ұғымды емес, болмыс пен экзистенцияны; адамның таңдау әрекетін жасау қабілетін, оның рухқа қатыстылығының шүбәсіз дәлелін, оның бірдей еместігін, барабар еместігін, өзіне өзі сәйкес келмеуін; сенімді адамның ең асқақ міндеті мен мақсаты ретінде мойындау.
Қазіргі барлық философиялық бағыттар қарапайым даниялық жазушының сиқырлы қаламының ықпалына түскен, өйткені адам мен оны экзистенциялау тақырыбы – болмыстың мәнсіздігін шырқау шегіне жеткізген, мағынасын жоғалтқан, тұлғаның даралығын ұрлаған, абсолютті сағындырған ғасыр үшін аса маңызды еді.

Философиялық шығармалары:

«О понятии иронии» (1841), «Немесе-немесе» (1843), «Қорқыныш пен қалшыл» (1843), «Повторение» (1843), «Философские крохи» (1844), «Қорқыныш ұғымы» (1844), «Стадии на жизненном пути» (1845), «Заключительное ненаучное послесловие» (1846), «Назидательные речи в различном духе» (1847), «Дело любви» (1847), «Христианские речи» (1848), «Өлімге бастайтын ауру» (1849), «Введение в христианство» (1850) және т.б.
«Қорқыныш пен қалшыл» деген еңбегінде С.Кьеркегор христиан дінінің негіздеріне сүйене отырып, қорқыныш, мазасыздану, үрей сияқты теріс, негативті, психикалық күйлерді діни сеніммен байланыстырып, адамның еркіндігі, моральдық таңдауы мен талғауы мәселелерін нақтылы мысал жүзінде, атап айтқанда, Авраамның баласы Исаакты құрбандыққа қиюы жөніндегі аңызға сай қойып қарастырады. Сенімді «парадоксалдық» тылсымдық қасиет, керемет деп, Авраамды «сенімнің серісі» ретінде суреттейді. Ол, бір жағынан, баласы Исаакты жанындай жақсы көреді, оны өлімге қимайды, жоғалтып аламын ба деп қорқады; екінші жағынан, Құдайға деген абсолюттік сенімі , оған деген сөзсіз махаббаты баласын құрбандыққа шалуға жетелейді. Міне осы қорқыныш пен үрей билеген жағдайдағы Авраамның психикалық жай-күйі, оның сенімі мен үміті, қуанышы мен қайғысы, жан дүниесінің күйзелісі мен құлазуы, сенімнің тылсым қимылы айрықша суреттеледі.

Философиялық афоризмі:

 Адамдар өздеріне тән еркіндікті пайдаланып жарытпаса да, өздерінде жоқ бостандықты талап етуге әзір тұрады. Оларға жақыны – ойлау бостандығы, ал қажеті – ойды сыртқа шығару бостандығы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *