СЕЙИД ХОСЕЙН НАСР
(7 сәуір, 1933ж. Теһранда туған)
— қазіргі заманғы атақты иран-мұсылман философтарының бірі.
Философиялық шығармалары:
«Үш мұсылман данышпаны»,
«Исламдағы ғылым мен өркениет»,
«Ислам космологиялық доктринасына кіріспе»,
«Таным мен қасиет»,
«қазіргі әлемдегі дәстүрлі ислам»,
«Схватка человека и природы: духовный кризис современного человека» (1968), «Знание и Посвящённый» (Эдинбург, 1981),
«Мусульманское искусство и духовность» (Нью-Йорк, 1987) және т.б. философиялық еңбектері мұсылман философиясында үлкен із қалдырған туындылар.
12- жасынан АҚШ-та тұрады. Әйгілі баптистердің орта мектебінде білім алады, кейіннен Массачусетс технологиялық университетінің (МТУ) физикалық факультетін аяқтайды, физика саласынан бакалавр дәрежесін алады, Гарвард университетінде «геология және геофизика» мамандығы бойынша оқиды, 1958 жылы ғылым тарихы мен философиядан докторлық дәрежесіне ие болады. Содан Иранға оралады. 1958 жылдан 1968 жылға дейін (Гарвард университетіндегі оқытушылық қызметіне байланысты арасына үш жыл салып) С.Х.Наср Тегеран университеті гуманитарлық ғылымдар мен әдебиеті факультетінде философия тарихынан дәріс оқиды. 1968 жылдан 1972 жылға дейін аты аталған факультеттің деканы болады, кейіннен – Шираздағы университеттің президенті, сосын Тегеран университетінің ректоры болып тағайындалады. С.Х.Насрдың басшылығымен 1973 жылы философия саласы бойынша Ирандық шах академиясының іргетасы қаланады (қазір ол Иран философия институты деп аталады), ол осы оқу орнының директоры болып Батысқа қоныс аударғанша істеді.
Қазіргі кезде Иранда философиялық ойдың негізінде екі бағыт қалыптасқан, оның біріншісі – Хайдегерлік бағыт. Оның негізгі өкілі Ахмад Фабрибидің, ал екінші бағыт – Сеийд Хосейн Насрдың есімдерімен байланысты.
Философиялық көзқарастары:
Исламды түсіну дегеніміз – ол осы принциптерді мойындау болып табылады. Наср ислам мәнінің үш деңгейін – әмбебаптық, антропологиялық, гносеологиялық деңгейін көрсетіп берді. Бірінші деңгейде, қалай болғанда да, кеңістіктегі барлық жандар – «мұсылмандар». Екінші деңгейде – ислам заңдарын орындаған, соған сенген адам ғана мұсылман болып есептеледі. Үшінші – ислам түсінігіндегі таза биік деңгейінде мұсылмандар ортақ мағынада емес, ерекшелігі мен бірлігіне байланысты анықтап, гностик Құдаймен бірге тіршілік етеді. Яғни құдайлық интеллектісін ол өзінің мөлшері интеллектісіне аударады. Ол Құдаймен бетпе-бет, «оның исламы және табиғат исламы – егіз». Наср бойынша, ислам гностицизімін европалық ақылмен түсіну өте қиын. Құран – табиғат мәтінімен оның символикалық сөздерінде айтылған көшірмесі. Ол көбіне басты назарды әртүрлі діни-философиялық типологиясының мұсылман әлеміндегі мектептеріне аударды.
Наср «Білім және әулиелік» деген монографиясында ислам идеясы жөнінде алғашқы он тарауында айтып өтеді:
Исламды түсіндіру әртүрлі мәністе беріледі: сайлау түрінде және салыстырмалы түрде (ислам жәнетағы басқа діндер), исламдағы философия және басқа әлемдік философия түрінде түсіндіріледі.
Әулие түрі – қасиетті таным және рационализм.
Ғылым мен сенім.
Дәстүрлі адам және прометейлік адам.
Бұл еңбегінде Наср Алла-тағаланы пайымдаушы, нағыз жоғары деңгейдегі метафизикалыққа дейін көтеруге тырысады. Ол Оны бір мезгілде жоғарғы болмыс және болмыс трансцендентті – имманентті болып табылады деп анықтайды. Алланы Қытайдағы дао, даоспен сәйкестендіреді. Мұхаммед Пайғамбар уағыздаушы ретінде «Құдай шапағатын», Құдай еркіндігін шындық арқылы көрсетеді. Осы ислам түсіндірмесінде «адхирейлік және прометейлік» адамның нақты анықтамасын береді: адхирейлер – «аспан мен жер арасындағы көпір» десе, прометейлік адам – бұған қарсы тезис. Оның негізгі сипаттамасы: ол – жер әлемін жаратушы, оның негізгі міндеті – Құдайды ұмыту. Қасиетті сезімнен айырылған прометейлік адам өзі табиғаттың құлына айналады. Олар табиғатты құртушы ғана емес, сонымен қатар табиғатқа деген қасиетті қатынасты бұзушы болып саналады.
Осыдан кейін, Наср осы түрлердің мәдениеті мен өркениетін қарастыруға көшеді, олар: үнділік, қытайлық және «әмбебап адам» мәселесіне, яғни кемелденген адам идеясына ойысады. Оның көзқарасы бойынша, әрбір діни дәстүр осы адамның бейнесін және басқа діннің пайда болуын бірге қалыптастырады. Бұл мынадай қасиетті кітаптарда: Құран, Таурат, Авеста, сонымен бірге Буддада, ведалық кітапта, Қытайдың Инь-Ян ілімінде баяндалады. Оларға осы негізде шығыстық философия және дін әсер еткен.