РОДЖЕР БЭКОН
(1214ж. Илчестер, Долчестер графтігі, Англия – 1292ж.)
— ортағасырлық философияның көптеген идеяларымен келіспей, өзіндік пікір айтып, таным процесінде тәжірибиенің беделін көтерген ойшылдардың бірі.
Философиялық шығармалары:
«Үлкен шығарма», «Кіші шығарма», «Үшінші шығарма», «Философияның компендиялары» және т.б.
Философиялық көзқарастары:
Ол философияны, табиғаттану ғылымдарын теологиядан бөлу керектігін уағыздап, ғылымдар ғимаратының іргетасы – тәжірибие, эксперимент және математика деп есептеді.
Ол өз кезеңіндегі ғұламаларды схоластикалық беделдің алдында бас июден гөрі тәжірибиеге жүгінуге, бос пікірталастықтан – экспериментке, керегі жоқ кітаптардан – табиғатты зерттеуге шақырады. Осы салада өзі де үлкен жетістіктерге жетті.
Білімнің қайнар көзі және негізгі құралы – тәжірибие, логикалық пікір және ғылыми бедел. Бірақ осы аталғандардың ішіндегі адамдарды ақиқатқа жеткізетін ғылыми құралдардың ең бастысы – тәжірибие. Себебі тәжірибие тәжірибие болғандықтан құндылыққа ие. Ал қалғандары осы тәжірибие арқылы дәлелденуі керек. Ал кей жағдайда тәжірибие де ақиқаттыққа жеткізе алмайды, мұндай жағдайда оған философия мен дін көмектеседі.
Осыдан келіп, ол философияның міндеті дінді қорғау деген тұжырым жасайды.