РЕНЕ ДЕКАРТ

РЕНЕ ДЕКАРТ
(31 наурыз, 1596ж, Лаэ (Турень провинциясы), қазіргі Декарт (Эндр және Луара департаменті) – 11 ақпан, 1650ж, Стокгольм)

— француз математигі, философ, физик және физиолог, аналитикалық геометрия және қазіргі заманғы алгебралық рәміз-символикаларды құрастырушы, философиядағы радикалдық күмәндану әдісінің, физикадағы механицизмнің, предтеча рефлексологиядағы ағымның авторы.
Иезуиттік колледжін бітіргесін, Голландия армиясында еркін офицер ретінде қызмет етіп, Голландия, Германия, Швейцария, Венгрия, Италия елдерінде болады. Декарт көзқарасына тән екі қағида – ақиқатқа жетер жолда барлық адамға қызмет етпек болды, әлеуметтік реформаторлық өзгеріс жасауға талпынбады.

Философиялық шығармалары:

«Ақыл-парасатты басшылыққа алу ережелері» (1628-1629), «Дүние туралы трактат» (1630-1633), үш бөлімнен – «Диоптрика», «Метеорлар», «Геометриядан» тұратын «Метод туралы пайымдау» (1637), «Бірінші философия туралы ойлар» (1641), «Метафизикалық ойлар» (1641), «Философияның бастамалары» (1644), «Жанның құмарлықтары» (1649), т.б.

Декарттың философиясы өз бастамасын «күмәндану» қағидасынан алады. Ол дәстүрлі қалыптасқан пікірлерге де, сезімдік танымның ақиқаттығына да күмәнданады. Нағыз шындық – «күмәндануды» ойлаудың қабілеті деп мойындау. Оның «Мен ойлаймын, олай болса, өмір сүремін» деген қағидасы төмендегідей тұжырым жасауға мүмкіндік береді. Біріншіден, ол танымның негізін обьективті шындықтан іздемейді, керісінше, таным процесінің өзінен табуға ұмтылады, екіншіден, бұл қағида оны мәнділіктің субстанциясы (түпнегізі) бар екенін мойындауға итермелейді.

Философиялық көзқарастары:

Декарттың пікірінше, бір мезгілде, бір-біріне тәуелсіз, бірақ байланысты рухани түпнегізбен (Құдай) қатар материалдық түпнегіз де (табиғат) өмір сүреді. Рухани түпнегіздің ажырамас ең басты атрибуты (қасиеті) ойлау болса, материалдық түпнегіздің атрибуты – кеңістікте көсілуі.
Барлық заттар корпускул (материя ұғымына пара-пар) деп аталатынұсақ бөлшектерден тұрады. Олар түрлеріне, көлеміне қарай ажыратылады. Корпускулдар кеңістікте және үздіксіз қозғалыста болады. Олардың жалпы сандары және қозғалыс түрлері универсумда бірқалыпты болады. Әлемдегі барлық заттар механика заңына сәйкес қозғалыста болатын корпускулдардан пайда болған. Ал рухани түпнегіздің атрибуты: ойлау мен материалдық түпнегіздің атрибуты – кеңістікте көсілудің бір мезгілде әсер етуі негізінде адамдар пайда болады да, ол ақыл-ой, сөйлеу сияқты қасиеттерімен басқа жануарлардан ерекшеленеді. Осы себептен адамдардың қимыл-әрекеттерін көп жағдайда механика заңдылығы тұрғысынан түсіндіру өте қиынға соғады.
Жалпы алғанда, жансыз денелердің, өсімдіктердің, жануарлардың, адамдардың арасында өте алмайтындай кедергі жоқ, себебі олардың табиғатын, мәнін механика, матиматикалық есептеулер арқылы түсініп-білуге болады. Демек, танымның негізгі тәсілі геометриялық дедуктивтік, аксиоматикалық тәсіл болуы керек.
Таным процесінде ең басты рөлді Декарт рационалдық (ақыл-ой) танымға береді де, ол арқылы адамдар сезімдік түйсінулер бере алмайтын табиғаттың сыры мен мәнін ашуға мүмкіндік алады деп тұжырымдайды. Декарт әрі қарай өз ойын жалғастырып, ақыл-ой сезімдік түйсінуге мұқтаж емес, себебі рационалдық таным заттарды, құбылыстарды «туа біткен идеяларға» сүйеніп танып-біле алады дейді. Бұл идеялардың табиғаты туралы Декарт: «Бұл идеяларды мен өзіме өзім бере алмаймын, себебі олар өздерінде жетілдірілген нақтылықты жиынтықтаған, ал мен қалыптастырған идеялар, ондай шындықтан туындамағандықтан, туа біткен идеялардың деңгейінде жете алмайды. «Туа біткен идеялардың» себебі рухани түпнегіздің (Құдайдың) өзі болғандықтан, олар айқын және анық, ал олардың негізінде алынған білім де айқын және анық, басқаша айтқанда, ақиқат болады. Олай болса, оларды тәжірибие арқылы тексерудің қажеттігі жоқ.
«Туа біткен идеялардың» табиғатына үндес келетін математика болғандықтан, математикалық тәсіл ғалымдардың ең жоғарғы зерттеу тәсілі болу керек.
Декарттың философиясы артында өзіндік із қалдырған, соны идеяларымен кейінгі философиялық ағымдарға ықпал етіп, адамдарды басқаша ойлау арқылы қазіргі техниканы жасауға мүмкіндік туғызды.

Философиялық афоризмдері:

 Егер ақылыңыз дұрыс жұмыс істесін десеңіз, өз деміңізді бақылап отырыңыз.
***
 Жақсы кітапты оқу өткен ғасырдағы кемеңгерлермен ауызба-ауыз сөйлескенмен бірдей және олар өздерінің ең озық ақыл-ойларын алдымызға жайып салады.
***
 Әсемпаз таңдану үшін ғана аса сирек кездесетін нәрсені іздейді, ал білімге құштар – таңдай қағудан безіну үшін соларды танып, білейін деп іздестіреді.
***
 Түзу жолмен баяу қозғалатындар бұралаң жолмен жүргендерден едәуір ұзақ жүреді.
***
 Біздің пікіріміздің қайшылығы біреу екіншіден ақылдырақ болғаннан емес, біздің өз ойларымызды түрлі жолмен бағыттап, мәселені түрлі қырынан қарастырғаннан болады … Ал ақылға немесе парасатты ойлауға келсек, ол бізді адам етіп, жануарлардан ерекшелеп тұрған жалғыз қабілет болғандықтан, мен оның әркімде бар екеніне сенгім келер еді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *