РЕВОЛЮЦИЯЛЫҚ-ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ФИЛОСОФИЯ

РЕВОЛЮЦИЯЛЫҚ-ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ФИЛОСОФИЯ

XIX ғасырда Ресейдің жағдайы бұрынғыдан да ауыр болды. Соған байланысты қоғамда қайшылықтар күшейді. Басыбайлылық (Крепостнойлық право) Ресейге үлкен тұсау болды.
Саяси өмірге келетін болсақ, ең алдымен ауызға алатынымыз – ресми халықшылдық теориясы. Бұл теория екі бағытта уағыздалды. Солардың бірі – славянофилдер.

Олардың саяси-қоғамдық көзқарастары:

Славянофильдердің айтуынша «соборшылдықты» православиелік «шіркеулік қоршаудағылар» ғана, яғни православиелік қауым мүшелері ғана игере алады, ал «бөтендер мен дінсіздер» оны қабылдай алмайды. Ауылшаруашылық қауымын славянофильдер асыра дәріптейді. Қауымның экономикалық әрекеті жеке және қоғамдық мүдделердің үйлесімді бірлігін білдіреді. Селолық қауымның басты артықшылығы өз мүшелерін тәрбиелейтін рухани адамгершілік принциптерден көрінеді: ортақ мүддені сақтауға дайын болу, патриотизм. Славянофильдердің пікірінше, қауым мүшелері бойында бұл қасиеттердің пайда болуы ертедегі діни дәстүрлерді бейсаналы инстинктті түрде сақтау жолымен жүзеге асады. Қауым өмірдің әлеуметтік ұйымдасуының ең жақсы формасы деген принципиалды тұжырымға негізделе отырып, славянофильдер қауымдық принципті барлығын қамтитындай етуге, яғни оны қала өмірінің ортасына да енгізуге тырысты. Қауымдық құрылым сонымен қатар мемлекеттік өмірдің негізін құрауы тиіс, олардың пікірінше ол «Ресейдің тұрпайы әкімшілігін» алмастыруға қабілетті.
Славянофильдердің тұжырымдауынша, ресейлік қоғамда «қауымдық принциптің» таралуына байланысты «соборшылдық рух» беки түседі. Әлеуметтік қатынастардың негізгі принципі «барлығының мүддесі үшін өзінен бас тарту» болып табылады. Осының арқасында діни және әлеуметтік талпыныстар біртұтас ағымға құйылады. Нәтижесінде, славянофильдер «халықтық қауымдық бастаудың шіркеулік қауыммен жандануы» деп анықтайтын ішкі тарих міндет атқарылатын болады (Ғабитов Т.Философия. «Раритет», —Алматы: 2004. /Орыс философиясы. 61-62 беттер).

Cлавянофилдердің қатарында – А.С.Хомяков, ағайынды Аксаковтар, И.В.Киреевский Ю.Ф.Самарин т.б. болды. Олар – орыстар құдайшыл, патшашыл, діншіл, төзімді, көнбіс, сондықтан да Ресей сол патриархалдық жағдайда мәңгі қала бермекші дегенді алға тартты.

С.Т.Аксаков И.В.Киреевский Н.Я.Данилевский
(1791—1859) (1806-1856) (1822-1885)

Ю.Ф.Самарин А.С.Хомяков Ф.И.Тютчев
(1819-1876) (1804-1860) (1803-1873)

В.И.Даль А.Н.Островский
(1801-1872) (1823-1886)

Екінші бағыт – батысшылар (Западники) деп аталды. Олар -В.П.Боткин, П.В.Анненков, Б.Н.Чечерин, К.Д.Кавелин, А.В.Дружинин, т.б. Ресейді батыс Европа сияқты буржуазиялық жолдармен дамытуға шақырды.

П.Я .Чаадаев Г.Р.Державин Н.П.Огарев
(1794-1856) (1743-1816) (1813-1877)

В.Г. Кавелин К.Д.Белинский И.И.Панаев
(1818-1885) (1811-1848) (1812-1862)

Т.Н.Грановский В.П.Боткин И.С.Тургенев
(1813-1855) (1832-1889) (1818-1883)

XVIII-XIX ғасырларда орыстардың ілгері дамуына кедергі болған үш жауы болды: шаруалардың басыбайлығы (крепостнойлық право), шіркеу және патша өкіметі. Сондықтан орыстың алдыңғы қатарлы ойшылдары бұл үшеуіне де қарсы шықты. Ол ресми халықшылдық теориясы (Народничество) деп аталды.

Николай Гаврилович Александр Иванович Чернышевский Герцен
(1828-1881 ) (1812-1870)

Николай Александрович Добролюбов
(1836-1861)

Философиялық афоризмдері:

 Адамның ілгерлеу талабы неғұрлым биік болса, оның қабілеті, таланты соғұрлым тез, өмірлі болып дамиды (Н.Г.Чернышевский).
***
 Ойдың алғырлығы, қайраттың іскерлігі бәрінен де мәндірек (Н.Г.Чернышевский).
***
 Жас ұрпақ … келешектің қожасы (В.Г.Белинский).
***
 … бүкіл ақыл-ой болмысының негіздері балаң жастық шақта қаланады (А.И.Герцен).
***
 Денсаулық дегеніміз тек дененің сыртқы бүтіндігі ғана деп қарау ағаттық, жалпы алғанда оны организмнің жан-жақты дамуы мен бүкіл дене қызметтерінің жүзеге дұрыс асырылуы деп ұққан жөн (Н.Л.Добролюбов).
***
 Адам бойындағы әсемдік пен сұлулықты, организм мен денсаулықты ұштастыра дамыту жөніндегі түсініктен бөліп қарау ақылға сыймайды (Н.Г.Чернышевский).
***
 Бас ауырса, барша дене сорлайды (Н.А.Добролюбов).
***
 Қыстан жүдеп шыққан адамды әрлендіретін және қанша ішсе де тәбетін қайтармайтын қымыздың орнына жүретін сусынды ойлап таба қою, сірә, қиын шығар (А.И.Даль).
***
 Еңбек қана адам жанын жарқындылық пен жарастылыққа, өзіне-өзі ризалық сезіміне бөлеп, бақытты ете алады (В.Г.Белинский).
***
 Әрекетсіздіктен асқан азап жоқ,
Сұлулық символы еңбекте (А.И.Герцен).
***
 Іс мақсатына қарай бағаланады, ұлы мақсаты бар іс ұлы іс деп аталады (Н.Г.Чернышевский).
***
 Адам ынтамен жұмыс істейтін болса, онда жұмыс анағұрлым жеңіл және нәтижелі болады (Н.А.Добролюбов).
***
 Сөз ойдың көрінісі: ой бұлдыр болса, сөз де бұлдыр (В.Г.Белинский).
***
 Анық сөйлей білмесең, анық айта да алмайсың, сөйлеудегі дәлсіздік, шатастырушылық ойдың шиеленісуінен келіп шығады (Н.Г.Чернышевский).
***
 Неғұрлым аз зәбір көріп өскен бала өз намысын жақсы түсінген азамат болып өседі (Н.Г.Чернышевский).
***
 Адамның қызметі биік идеямен рухтанбаса, жеміссіз де түкке тұрғыссыз (Н.Г.Чернышевский).
***
 Табиғи дүниенің бәрі сұлу (Н.Г.Чернышевский).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *