ПОЛ (ПАУЛЬ) КАРЛ ФЕЙЕРАБЕНД (13 қаңтар, 1924ж. Вена – 11 ақпан, 1994ж.)

ПОЛ (ПАУЛЬ) КАРЛ ФЕЙЕРАБЕНД
(13 қаңтар, 1924ж. Вена – 11 ақпан, 1994ж.)

— американдық философ-ғалым, ғылым методологы.
Ол эпистемологиялық немесе методологиялық анархизм деген концепцияны тұжырымдады.

Философиялық шығармалары:

«Методқа қарсы» (1975), «Еркін қоғамдағы ғылым» (1978), «Эмпиризм проблемалары» және т.б.

Философиялық көзқарастары:

Пауль Фейерабендтің ойынша, ғылымда әрқашанда мойындалған теорияларға қарсы бағытталған теориялар жасалуы керек, сонда ғана олардың арасында өзара бәсекелестік пайда болып, ғылымның дамуы тездейді. Ғылыми теорияларда пайдаланылатын терминдер әрбіреуінде тек өзіне ғана тән мазмұнға ие болады. Бұл теориядағы терминдер екінші теорияға енгізілсе, олардың мазмұны дереу өзгереді. Сондықтан оларды бір-бірімен салыстырып баға беру мүмкін емес. Олай болса, әрбір ғылым өзінің теориясын жасауға мүмкіндік алады. Бәсекелестіктің негізінде жеңіске жеткен теория ақиқатқа жақын, я болмаса оған сәйкес келгенінен емес, ол – соны қолдайтын қауымның насихатының жемісі. Олай болса, ғылым – қоғам өміріндегі басқа идеологиялық институттар сияқты: оның дін, миф, философия т.с.с. айырмашылығы шамалы. Сондықтан олардың бәрі де тең құқылы болуы қажет.
Бұл қорытынды неопозитивизм ағымының шығармашылық потенциалының сарқыла бастағанын көрсетеді. Дегенмен неопозитивизм шеңберіндегі әр ағымның өз жағымды жақтары бар – олардың бәрі де ғылым философиясында кеңінен пайдаланылады.

Негізгі идеялары:

 Фейерабенд көптеген тең дәрежелі білімдер типі болады және осы жағдай білімнің өсуі мен тұлғаның дамуына септігін тигізеді дейді;
 Фейерабенд теориялық және методологиялық плюрализм көзқарасын жақтады;
 Фейерабенд таным мен ғылыми қызметтегі рационалдық критерийінің салыстырмалылығын атап өтті; Ол ғылым рационалдықтың ең жақсы, әрі бірден-бір формасы болып табылмайды деп санайды,
 Фейерабенд танымының бірде-бір әмбебап нормасы ретінде «бәрі де жарай береді» деген қағиданы ұстанады. Бұл принцип артықшылық берілген нормалар жоқ екенін және басқа жағдайларда қабылданбайтын нормалар, стандарттар және тұжырымдамалар «жарай беретін» фактілер мен жағдайлар қашан да болса табылатынын мойындайды;
 Фейерабенд верификация мен фальсификация методтарын қайта қарастырады, таным прогресін қамтамасыз ететін әдіс ретінде ғылымға психологиялық сенім мен саяси араласудың маңызын көрсетеді;
 Фейерабендтің әлеуметтік философиясы «еркін қоғам» тұжырымдамасынан туындайды, мұнда «барлық дәстүрлер мен тең құқыққа және билік орталығына баруға бірдей мүмкіндікке ие»;
 Фейерабендтің пікірінше, тарих мәліметтері, бәсекелесуші методологиялық концепциялар арасындағы таласты шешуде шешуші роль атқарады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *