ОСВАЛЬД АРНОЛЬД ГОТТФРИД ШПЕНГЛЕР
(29 мамыр 1880ж., Бланкенбург, Германия – 8 мамыр 1936ж., Мюнхен, Германия)
— неміс философы, өмір философиясының өкілі, қазіргі мәдениет философиясының негізін қалаушылардың бірі.
Философиялық көзқарастары:
Ол мәдениетті біртұтас жалпыадамзаттық деп емес, жеке мәдениеттерге бөліп қарастырған (мысырлық, үнділік, вавилондық, қытайлық, «аполлондық» (гректік-римдік), «магиялық» (византиялық-арабтық), «фаустық» (батысевропалық) және майя мәдениеті; орыс-сібір мәдениетінің тууы күтіледі). Олардың дамуы белгілі бір биологиялық ырғаққа бағынады: олардың дамуының негізгі фазалары: туу және балалық шақ; жастық шақ және жетілу; кәрілік және «құлдырау».
Философиялық шығармалары:
«Европаның күйреуі» (1918-1922), «Торығу» (Писсимизм) (1921), «Адам және техника» (1931), «Пруссачество и социализм» және т.б.
Философиялық афоризмдері:
Адалдық танытып, ежелгі ойшылдарды сөзінен ұстап көрейікші: егер өз қажетімізге жарата алмасақ Гераклиттің, Демокриттің, Платонның бірде-бір сөзі біз үшін ақиқат бола алмайды.
***
Ежелгі дәуірлерде көрегендердің рөлін әйелдер ойнағаны – олардың бойында болашақ болжап білер қасиеттің артық болғанымен емес, мәселе – олардың өздері сол болашаққа айналғанында.
***
Жадағай адамның аузынан шыққан жақсы сөздің өзі құнға тұрмайды.
***
Алғашқы адамдар үшін «уақыт» деген – мүлдем мән-мағынасыз сөз.
***
Нағыз ойшыл үшін толық дұрыс немесе толық теріс көзқарас деген болмайды.
***
Басқа адамдар үшін басқа ақиқаттар бар. Ойшыл үшін олардың бәрінде мағына бір немесе ешқайсысында да мағына жоқ.
***
Теоретиктердің ең үлкен қатесі – олар өздерінің орны ұлы оқиғалар керуенінің ішінде емес, оқшау тұрған биік шың басында деп ойлайды.
***
Бала тілі шықпай жатып-ақ сөйлей бастайды.
***
Біз тірі организмнің қиындықтан құтылу, жеңіске жету, жоққа шығару және, тіпті, тіршілікті жою кездеріндегі күйін –дін деп атаймыз.
***
Римдіктер тіпті де әлемді жаулап алған емес: олар тек кез-келген үшін дайын олжа күйінде жатқанға ие бола кетті.
***
Тілден оқ бойы озық тұрған ең таза рәміз – кешқұрым өз үйінің алдында шүйіркелесіп отырған шаруа қарттар жұбы.
***
Өлі формаларды түсіну құралы – математика заңдары. Тірі формалардың есін жиғызатын құрал –салыстыру.
***
Теоретиктер ойлап шығарған мемлекет қана әлдебір жүйе құрайды.
***
Сөз тілінде өтірік айтушы адам – онысын, оған өзі мән бермесе де, ишарат тілінде де сездіріп қояды.
***
Дәлелдеуді үйренген адам – енді ештеңеден де қорықпайды.
***
Тағдыр идеясы ғылыми тәжірибие емес, өмірлік тәжірибиені қажет етеді, ақылды теңдікті қажет етеді.
***
Барлық нәсілдердің зиялы жүздері бір-біріне ұқсас келеді: оларда нәсілдің өзі кейінгі қатарға шығып қалады.
***
Ақыл ойлап шығарған әрбір жаңа ақиқат – ескі, бұрынғы бар нәрсе туралы сыни пікірден басқа ештеңе де емес.
***
Әр тіршілік иесі басқа тіршілік иесі мен оның тағдырын өзімен, өз тағдырымен салыстырмалы түрде ғана қабылдайды.
***
Мәдениет адамдары – түйсіксіз, дерекке сүйенетін адамдар – түйсікпен өмір сүреді.