ОРЫСТЫҢ ФИЛОСОФИЯСЫ

ОРЫСТЫҢ ФИЛОСОФИЯС

Орыстың философиясының қалыптасуының бастапқы кезеңі – XI-XVIIғ.ғ, өзінің пайда болған кезінен ол әлемдік философиямен байланыстылығымен сипатталады, бірақ сонымен қатар оның төлтумалылығын да теріске шығаруға болмайды. Ол Киев Русінде пайда болады және 988 жылы Русьтің шоқынуынан басталған христиандандыру үдерісімен байланысты болды. Өзінің пайда болуында ол, бір жағынан, славяндық пұтқа табынушылық дүниетанымының бірқатар белгілері мен бейнелерін қабылдаса, екінші жағынан, христиандықты қабылдау нәтижесінде Византиямен байланыс орнатып, сол арқылы антик философиясының көптеген идеяларын бойына сіңірді. Мұнан өзге Византиямен қатынас Ресейге шығыстық христиандық философия тұжырымдамаларының бекітілуіне ықпал етті. Оның үстіне орыс философиясы IX — ғасырда Кирилл мен Мефодий қалыптастырған өзінің жеке жазба тілін әуел бастан қолданды.
Философиялық білім дүниетанымдық функциямен қатар данышпандық қызметті де атқарды, ал Ертедегі Русьтің рухани өмірі монастырларда (ғибадатханаларда) шоғырланғандықтан, бұл философиялық ілімнің сипатына өз әсерін тигізді. Жалпы алғанда, философиялық және тарихи ой христиандық принципке негізделді.
Адамзат пен орыстардың тағдырларын философиялық пайымдауда әуел бастан-ақ патриотизм мен тарихи тереңдік орын алады. Орыс философиясындағы ой «орыс идеясы» ағымында қалыптасты. Ресейдің ерекше тағдыры мен орны туралы идея XVI — ғасырда қалыптасып, орыстың ұлттық өзіндік санасының алғашқы идеологиялық құралы болды. Орыс философиялық ойындағы қызықты ізденістер XVI — XVIII ғасырлар бойында (әсіресе, М.Ломоносов пен А.Радищевтің еңбектерінде) өз жалғасын тапты және екі үрдістің қарама-қайшылығы негізінде өтті. Мұның алғашқысы орыс ойының төлтумалылығына басты назар аударып, бұл төлтумалылықты орыстың рухани өмірі өмірімен байланыстырылады. Екінші үрдіс Ресейге европалық мәдениеттің даму үдерісін таңуға тырысты.
Бұл екі үрдістің айқын теориялық және қоғамдық-саяси тұрғыда қалыптасуы XIX — ғасырдың 40-60 жылдары болды. Осыған байланысты орыс философиялық ойында екі бағыт қалыптасты: біріншісін-славянофильдер, екіншісін-батысшылдар білдірді.
Орыс идеясы мұнан әрі қарай отандық философияның XIX — ғасыры мен XX — ғасырдың бас кезеңдерінде қалыптасты. Бұл кезеңдегі оның негізін салушылар П.Я.Чаадаев, Ф.М.Достоевский, Н.И.Бердяевтар болды. «Орыс идеясы» әлем халықтарын бүтіндей біртұтастыққа біріктіретін жалпыадамзаттық идеяның терең көрінісі болды. Бұл идея бойынша тек Ресей ғана христиандық негізінде бүкіл адамзаттық өркениеттік қозғалыстың басында болуы тиіс (Ғабитов Т.Философия. «Раритет»,—Алматы: 2004. Орыс философиясы. 57-58 беттер).

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *