ОРТА ҒАСЫРДАҒЫ МҰСЫЛМАН ФИЛОСОФИЯСЫ


ОРТА ҒАСЫРДАҒЫ МҰСЫЛМАН ФИЛОСОФИЯСЫ

Мұнда Қайта Жаңғыру (Ренесанс) Батыс елдерінен V-VI ғасыр ерте, яғни IX-XII ғасырларда басталды. Әсіресе, бұл Орта Азия мен Иран жеріне қатысты болды. Оның себебі, бұл жерлерді атақты Жібек жолы басып өтетін, Құрлықаралық Жібек жолы Шығыс пен Батыс елдері арасында сауда қатынасын күшейтіп, экономикасын дамытуға әсерін тигізді. Ол кезде кемінде бес жүз, әйтпесе мың, мың жарым түйеден тұратын керуендер ерсілі-қарсылы үздіксіз жүріп жататын. Олармен бірге түйе айдаушы болып елшілер, жыршылар, діншілдер, оқымыстылар, зергер-ұсталар сапар шегетін. Керуендер екі-үш күн үздіксіз жүрістен соң, көгалды, саялы, сулы жерге тоқтап, дем алатын болған. Ол орындар Керуен-сарай аталып, айналасында үйлер, дүкендер салынып, қалаларға айналған. Керуен-сарайларда жер-жерден келген адамдар (арабтар, қытайлар, парсылар, түркілер, венецияндықтар және т.б.) әңгіме-дүкен құрып, неше түрлі жаңалықтар, ертектер, діни ғылыми қағидалар айтқан.
Ол кезде Орта Азия мен таяу шығыста астрономия, математика, медицина ғылымдары тез дамыды. Өйткені, бұл ғылымдар оған дейін Қытай, Үнді елдерінде дамыған болатын. Бұл жағдай Орта Азия, Таяу Шығыс елдері ғылымдарына тікелей әсерін тигізді. Әрине, орта ғасырда бұл жерлерде де діни идеология үстемдік құрды.
Таяу Шығыстағы араб елдерінде философия мынадай үш бағытта болды:
 «таза ағайындар» ілімі;
 перипатетизм немесе материалистік бағыт.
 суфизм (софылық, IX-XII ғ.ғ);
(Кішібеков Д. Сыдықов Ұ. Философия. «Қарасай»,—Алматы: 2008). Жалпы, Шығыс философиясының өзіндік бір ерекшеліктерін ескере отырып, осы кезеңдегі философиялық тұлғалардың жазған еңбектерінің қалыптарына, өміршеңдігіне, даналығына тап боламыз. Сондықтан, Шығыс философиясының ажырамас бір тармағы болған – араб және түркітілдес ортағасырлық мұсылман философиясына тоқталдық.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *