Орталық жүйке жүйесінің (ОЖЖ) физиологиясы. ОЖЖ-нің қызметінің негізгі принциптері. Құрылысы, қызметі,
зерттеу әдістері Дәрістің жоспары:
ОЖЖ-нің қызметінің негізгі принциптері.
Нейрон. Құрылыс әрекшеліктері, маңызы, түрлері.
Рефлекстік доға, оның құрамбөліктері, түрлері мен қызметтері.
Организмнің әрекеттік жүйелері.
Орталық жүйке жүйесінің үйлестіру (координациялау) қызметтері.
Тежелу түрлері, ОЖЖ-дегі қозу мен тежелудің өзара әрекеттесуі.
Орталық жүйке жүйесін (ОЖЖ) зерттеу әдістері.
Организмнің ішкі ортасының құрамы мен қасиеттерінің тұрақтылығын сақтауға бағытталған физиологиялық әрекеттерді реттеу мен басқару үдерістері – ОЖЖ-і қызметінің негізгі принциптерінің бірі болып саналады. ОЖЖ-і организмнің қоршаған ортамен қарым-қатынасын қолайлы етіп, оның тұтастығын, тұрақтылығын, тіршілік деңгейінің жоғары болуын да қамтамасыз етеді.
Реттеудің негізгі екі түрі ажыратылады: гуморалдық және жүйкелік. Гуморалдық басқару үдерісі — организмнің сұйық ортасында болатын және оның физиологиялық белсенділігін өзгеріске келтіретін химиялық заттар әсері қарастырылады. Ақпаратты беру көзі химиялық заттар – утилизондар, зат алмасу өнімдері (көмірқышқыл газы, глюкоза, май қышқылдары), информондар, ішкі сөлініс бездерінің гормондары, жергілікті немесе тіндік гормондар.
Жүйкелік үдеріспен басқару — физиологиялық әрекеттердің өзгерістері жүйке талшықтарындағы қозу потенциалын тудырып, одан әрі қарай ақпаратты өткізу жүйке жүйесінің бөлімдерімен орындалады.
Жүйкелік реттеудің ерекшеліктері:
эволюциялық дамуда кешірек пайда болған үдеріс;
жедел реттеуді қамтамасыз етеді; 3) әсер ететін нақты (дәл) орны бар;
реттеу үнемді (экономды) тәсілмен жасалады;
ақпаратты өткізу өте жоғары сенімділікте (надежность) жүреді.
Организмде жүйкелік және гуморалдық механизмдер нейрогуморалдық басқарудың біртұтас жүйесі ретінде жұмыс атқарады. Бұл реттеудің біріктірілген түрі, мұнда бір мезгілде бір-бірімен тығыз байланыстағы және бірін-бірі қолдайтын басқарудың екі механизмі пайдаланылады.
Жүйке жүйесі нейрондар немесе жүйке жасушаларының қауымдастығы. Орналасымы бойынша ажыратылады:
орталық бөлімі – бас миы мен жұлын;
шеткергі (перифериялық) – бас миы мен жұлынның жүйкелік жасушаларының өсінділері.
Әрекеттік ерекшеліктіері бойынша ажыратылады:
денелік (соматикалық) бөлімі – қозғалыс белсенділігін реттейді;
вегетативтік бөлімі – ішкі ағзалар, ішкі сөлініс бездері, тамырлар, бұлшықеттің трофикалық нервтенуі және т.б. қызметтерді реттейді; Жүйке жүйесінің қызметі:
1) біріктіруші-үйлестіруші қызметі. Әртүрлі мүшелер мен физиологиялық жүйелердің қызметтерін бірімен-бірін келістіріп толық қамтамасыз ету; 2) адам организмінің қоршаған ортамен тығыз байланыстарын биологиялық және әлеуметтік деңгейде қамтамасыз ету;
әртүрлі мүшелер мен тіндердегі және өзіндегі зат алмасу деңгейін реттеу.
ОЖЖ-нің жоғары бөлімінің қатысуымен психикалық әрекеттерді қамту.