Оксидтер
Оксидтер деп молекула құрамы екі элементтен тұрып, оның бірі оттек болып келетін (тек оттек атомдары бір-бірімен байланыспауы тиіс) күрделі затты атайды.
Н-О-О-Н (Н_2 O_2) — сутектің пероксиді Na – О – O – Na (〖Na〗_2 O_2) – натрий пероксиді, бұл заттар оксидтер класына жатпайды.
Графикалық формуласын жазу үшін (алгоритм):
а) элемент валенттіліктерін анықтау керек:
ІІІ ІІ
Al2O3
ә) егер оттек атомының саны тақ болып, оксид түзуші элемент атомы еселеніп келсе, оттек атомдарының бірі оксид түзуші элемент атомдары арасына келіп түседі:
= Al – O – Al =
б) жетіспеген оттек атомдарының санын екіге бөліп, екі элемент атомымен қос байланыс арқылы байланыстыру қажет:
O = Al – O – Al = O
в) формуланың дұрыстығын әр элемент атомына келген сызықтар санын санау арқылы тексеруге болады (сызықтар элемент валенттіліктерін көрсетеді).
Оксидтердің аталуы. Егер оксид түзуші элемент тұрақты валенттілік көрсететін болса, оксид түзуші элемент атына «оксид» деген сөзді қосып атайды, ал элемент айнымалы валенттілік көрсетсе, оның валенттілігі рим цифрымен жақша ішінде жазылады.
Мысалы: Na2O – натрий оксиді,Al2O3 – алюминий оксиді
CO – көміртек (ІІ) оксиді, CO2 – көміртек (ІV) оксиді
Оксидтер алдымен екіге бөлінеді: тұз түзетін және тұз түзбейтін (N2O, CO, NO). Ал тұз түзетіндер үшке бөлінеді:
Ол үшін сіздердің орта мектепте алған білімдеріңізге сүйеніп, мына төменде келтірілген жәйттер есте болуы керек:
а) периодтық жүйенің әр периодының басында типтік металдар, ал соңында типтік бейметалдардың орналасатыны;
ә) негізгі топша (А) элементтері үшін: топ бойынша жоғарыдан төмен қарай металдық қасиеттің біртіндеп артатыны;
б) қосымша топшадан (В) тек металдардың орналасатыны;
в) негізгі топшада (А) орналасқан элементтердің қосылыстарында көпшілігі тақ топтағысы – тақ валентті, жұбындағы – жұп валентті болуы;
г) қосымша топша элементтері қосылыстарында тек оң тотығу дәрежесі +2 ден топ нөміріне дейін (көпшілігі) көрсетуі мүмкін.
е) элементтердің қосылыстарындағы жоғары тотығу дәрежесі негізінен топ нөмірімен анықталады.
I Негіздік оксидтерге жататындар:
1) сілтілік металдар (IA) оксидтері
2) сілтілік- жер металдарының (II-A – бериллийден басқасы) оксидтері
3) барлық қосымша топша элементтерінің төменгі тотығу дәрежесіне сәйкес
оксидтері (мырыш оксидінен басқа)
II Екідайлы оксидтерге жататындар:
1) металдар мен бейметалдарды бөліп тұратын элементтерді өтпелі
элементтер деп атайды. Периодтық жүйеде берилийден астатқа
дейін, шартты түрде сызылған сызық бойындағы негізгі топша
(А) элементтердің: Be, AI, Ge(II), Sb(III) оксидтері.
2) II. 1-де көрсетілген шартты сызық астындағы негізгі топша (А)
элементтерінің төменгі тотығу дәрежелеріне сәйкес оксидтері.
3) барлық қосымша топша элементтерінің аралық валенттіліктеріне
сәйкестері жатады.
III Қышқылдық оксидтерге жататындар:
1) бейметалдардың (сутек және инертті газдардан басқа) периодтық жүйеде II.1- де келтірілген шартты сызық үстіндегі негіздік топша элементтерінің оксидтері.
2) II.1 және II.2 пунктіндегі элементтердің жоғары тотығу дәрежелеріне сәйкес оксидтері.
3) барлық қосымша топша элементтерінің жоғары тотығу дәрежелеріне сәйкес оксидтері.
Қосымша топша элементі (Мn) оксидтерін қарастырайық:
(4 период 7-В топшасының элементі)
ІІ ІІІ VII
Mn Mn Mn
MnO Mn2O3 Mn2O7
негіздік амфотерлі қышқылдық
оксид оксид оксид
Mn(OH)2 Mn(OH)3 HMnO2 HMnO4
Негіз негіз қышқыл қышқыл
Кез келген бейорганикалық зат екі түрлі өзгеріске түседі:
1)Қандай қосылыстың болмасын алыну тәсілдерін қарастырғанда, оларды өзінің генетикалық қатарындағы заттардан алуға болатынын ескерген жөн.
2)Қарама-қарсы генетикалық қатардағы заттармен әрекеттесуі (химиялық қасиеттері).
Заттардың химиялық қасиеттерін көрсететін реакция теңдеулерін жазу үшін қасиеті жөнінен қарама-қарсы генетикалық қатарындағы заттарға әсерін қарастыру керек.
Оксидтердің алынуы
Оксидтердің алыну әдістеріне лайықты реакция теңдеулерін жазу үшін элементтің генетикалық қатарын жазу керек. Сонда, оксидтер генетикалық қатарда екінші орында тұрады:
а) металл- негіздік оксид – негіз – негіздік тұз – орта тұз
ә) бейметалл – қышқылдық оксид – қышқыл – қышқылдық тұз – орта тұз,
Мысалы CO2 – көміртек (IV) және MgО – магний оксидтерін алуға лайықты реакция теңдеулері төмендегідей болады:
C –CO2–H2CO3–Ca(HCO3)2–CaCO3
1) C + O2 = CO2
2) H2CO3= H2O + CO2
3) Ca(HCO3)2+2 HCI = CaCI2 + 2H2O + 2CO2
4) CaCO3= CaO + CO2
Mg – MgO – Mg(OH)2– (MgOH)2CO3– MgCO3
1) 2Mg + O2 2MgO
2) Mg(OH)2 MgO + H2O
3) (MgOH)2CO3 2MgO + H2O + CO2
4) MgCO3 = MgO + CO2
Химиялық қасиеттері Оксидтердің химиялық қасиеттерін мына қосылыстар мысалында қарастырайық (MgO, SO3,Al2O3) .
Mg S 1) MgO + H2O = Mg(OH)2
MgO SO3 2) MgO + SO3 = MgSO4
Mg(OH)2 H2SO4 3) MgO + Н2SO4 = MgSO4 + H2O
MgCO3 CuSO4
Негіздік оксидтер қышқылдық оксидтермен және қышқылдармен әрекеттессе, қышқылдық оксид бұған керісінше, негіздік оксидтер және негіздермен әрекеттеседі және тотығу-тотықсыздану реакцияларына қатысуы мүмкін:4FeO + O2 = 2Fe2O3, 2SO2 + O2 = 2SO3, 2CO + O2 = 2CO2
Ескерту!
Сумен тек сілтілік металдар мен сілтілік-жер металдар оксидтері және бейметалдардың көпшілік оксидтері әрекеттеседі:
SO3 + Na2O = Na2SO4
SO3 + 2NaOH = Na2SO4 + H2O
SO3 + H2O = H2SO4
SO3 + H2S = 4S + H2O (тотығу-тотықсыздану)
Екідайлы (амфотерлі) оксидтер әрі негіздік, әрі қышқылдық оксидтердің қасиеттерін көрсетеді.
Na Al(III) S
Na2O Al2O3 SO3
негіздік екідайлы қышқылдық
оксид оксид оксид
Al(OH)3
H3AlO3
NaOH НАlO2 H2SO4
Қышқылдық оксид қасиеті:
Al2O3 + Na2O 2NaAlO2
Al2O3 + 2NaOH 2NaAlO2 + H2O
Негіздік оксид қасиеті:
Al2O3 + 3SO3 = Al2(SO4)3
Al2O3 + 3H2SO4 = Al2(SO4)3 + 3H2O