НИКОЛЛО МАКИАВЕЛЛИ

НИКОЛЛО МАКИАВЕЛЛИ
(3 мамыр, 1469ж, Флоренция – 21 маусым, 1527ж, сонда)

— итальяндық ойшыл, жазушы, тарихшы, саяси қайраткер (Флоренцияда мемлекеттік хатшы қызметін атқарған). Мемлекеттік биліктің күшті болуын жақтаған.

Философиялық шығармалары:

«Мемлекет билеушісі» (1532), «Билеуші және Тит Ливидің бірінші декадасы туралы пікірлер», «Олардың принциптері» және т.б. Ол Тит Ливидің шығармалары негізінде саяси іс-әрекет тәртібін жүйелеп, христиандыққа дейінгі Рим империясының этикасы мен күшін дәріптейді.

Қоғамдық-саяси көзқарастары:

Мемлекеттің қайсысы болса да, римдіктердің күші мен ұлылығы сияқты қасиетке ие болуы үшін, өз іс-әрекеттерінде дұрыс деп тапқан тиісті шараларды қолданулары қажет. Ал бұл жолда әдептілік қағидалары мен азаматтық бостандық ығыстырылып, ескерілмей қалса, онда тұрған ештеңе де жоқ, билеуші оған көңіл бөлмеуі керек.
Макиавеллидің бұл ілімі «макиавеллизм» деп аталып кеткен, саясатта өз мақсатына қалай жетсең де дұрыс деген қағиданың қалыптасуына әкеліп соқты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *