НЕМІСТІҢ КЛАССИКАЛЫҚ ФИЛОСОФИЯСЫ

НЕМІСТІҢ КЛАССИКАЛЫҚ ФИЛОСОФИЯСЫ

XVII ғасырдың аяғы – XIX ғасырдың бірінші жартысы неміс топырағында да философия кеңінен дамыған ерекше кезең болды. Ол кезеңді Ф.Энгельс «немістің классикалық философиясы» деп атады. Ол кезеңді бастап берген – И.Кант болса, оны Л.Фейербах философиясы аяқтады, ал шырқау шегі Г.Гегель философиясы еді. Ол кезеңнің өкілдері болғандар: И.Фихте, Ф.Шеллинг, байқап отырғанымыздай, философтар да ғалымдар сияқты, басқа да мәдениет өкілдері секілді тарихта жоғарыда айтылғандай топтанып, шоғырланып кезедеседі. Ол тегін емес. Әрине, оған себеп — объективтік жағдай.
Философтар да тарихи қажеттіліктен дүниеге келеді. Соның бір дәлелі – классикалық XVII — XVIII ғасырлардағы ағылшын, француз жағдайлармен салыстырғанда. XIX ғасырлардағы Германия әлі нағыз ортағасырлық, феодалдық ел болатын. Революциялық жағдай бұл кезде әлі туындамаған еді. Сондықтан неміс арасынан шыққан философиялық тұлғалар жалпы философиялық мәселелермен айналысты. Олар дворяндар емес, жай қала халқынан (бюргер) шықты. Олар өз заманының білімді адамдары қатарында болды (Кішібеков Д., Сыдықов Ұ. Философия. «Қарасай», —Алматы: 2008). Сөйтіп, олар философия ғылымының болашақта жаңа қарқынмен дамып, қалыптасуына үлкен үлестерін қосты.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *