МАРК АВРЕЛИЙ АНТОНИН
(26 сәуір 121ж., Рим – 17 наурыз 180ж., Виндобона)
— әйгілі римдік философ-стоик, Эпиктеттің ізбасары, Антониндер әулетінен шыққан 161–180ж.ж. рим императоры.
Философиялық шығармасы:
«Өзіме арналған» деп аталады.
Негізгі идеялары:
Құдайға шын жүректен сыйластықпен қарау;
Әлемнің бастамасы – Құдай деп тану;
Құдайды барлық дүниені біріктіруші және барлығын жасаушы белсенді материалды-рухани күш деп ұғыну;
Қоғами өмір болсын, мемлекет істері, әрбір жеке адам өмірі, оның бақыты, жетістігін Құдайдың құдыретінен көру;
Жан мен парасатты бөліп қарастыру;
Сырттан келген әсерлерге қарсылық көрсетпеу, тағдырға бойұсыну, көну;
Адам өмірінің шектілігі, жалғандығы туралы ойлау, өмірді бағалау, оны мүмкіндігінше жақсы көру;
Қоршаған дүние құбылыстарына пессимистік көзқараспен қарау;
Философиялық афоризмдері:
Өзіңді-өзің қолпаштап әуре болмағайсың, қарапайым болсаң кем болмайсың.
***
Жақсы адамды жанарынан танимын.
***
Түзелгіш емес, түзу болғанға не жетсін.
***
Ашушаң емес, мінезі жайлы және мейірбан адам ер келеді.
***
Жақсылық үшін жан алғаннан сақтасын.
***
Ағынан жарылған адалдық қанжардан да қауіпті.
***
Әр қадамын әрі-бері салмақтап, есепшотқа қағумен күні өткен кісіден асқан мүсәпір жоқ.
***
Өкініш те, ашу да – әлсіздіктің белгісі.
***
Адалдық пен әділдікті сақтап өмір сүруден асқан құндылық жоқ.
***
Шалағай көзқарасты қанағат тұтпа.
***
Әр адамның бағасы оның ой-ниетінің құндылығымен анықталады.Бойыңа қарапайымдылықты, парасаттылықты, ар тазалығын, байсалдылықты, кішіпейілділікті, әділдікті, тақуалықты, мейірбандықты, сүйіспеншілікті, тиісті істі орындаудағы табандылықты жинауға тырыс.
***
Кез келген надандықтың ортақ кемшілігі – өзің білмейтіннің бәрін жоққа шығару.
***
Алдым деп аспа, айырылдым деп саспа.
***
Өзін сабырға жеңдірген адам, ашуға бой алдырған адамнан күштірек.
***
Қолдан келмейтінге ұмтылу – көзсіздік.