Майлар

Майлар.
Мақсаты: Майлардың әртүрлі еріткіштерде ерігіштігін анықтай білу, май құрамын анықтаи, оларды дәлелдей алу іскерлігін қалыптастыру.
Жабдықтар: күнбағыс майы, спирт, бензол, хлороформ, ацетон, су, натрий гидросульфаты (кристалл), фарфор табақшасы немесе тигель, ұстағыш, спиртовка, сіріңке, йод суы, калий перманганатының сұйытылған ерітіндісі, пипеткалар, пробиркалар, штатив.
№ 1. Майлардың ерігіштігі.
Жұмыс барысы: 5 пробиркаға 5 тамшыдан әртүрлі еріткіштен құю: бензол, хлороформ, су, спирт, ацетон. Әр пробиркаға бір тамшыдан күнбағыс майын қосу, жақсылап шайқап араластыру. Қай еріткіште май жақсы, қайсында нашар, қайсында еріген жоқ? Бақылаған өзгерістерді дәптерге жазып, қорытындыла.
№ 2. Май құрамындағы қанықпаған қышқылды анықтау.
Жұмыс барысы: Пробиркаға күнбағыс майынан бір тамшы тамызып, оған 10 тамшы йод суын ( не бром суын ) қосып, жақсылап шайқап араластыр.
1) Ерітінді түсі қалай өзгереді, оны қалай түсіндіруге болады? Осы жұмысты йод суының орнына калий перманганаты және аз мөлшердегі сода ерітіндісімен жүргіз.
2) Бұл жағдайда ерітіндінің түсі қалай өзгеретіндігін бақылап, белгіле. Өзгерістерді дәлелдеп, қорытындыла.

№ 3. Май құрамында глицерин қалдығының бар екендігін анықтау
( акролеин пробасы).
Фарфор тигельге бірнеше кристалл калий гидросульфатын салып, оған 2 тамшы күнбағыс майын немесе қатты май қосып, спиртовка жалынында қыздыру. Бөлініп жатқан иіске көңіл аудар.
1. Акролеин деген не?
2. Глицериннен акролеиннің түзілу реакциясын жаз.
3. Осы тәжірибе не туралы айтады?
Бақылау сұрағы. Тағы қандай тәжірибе көмегімен глицерин қалдығының май құрамында бар екендігін анықтауға болады?

№4. Майлардың сабындалуы.
№1. Пробиркаға 10 тамшы өсімдіктің майын, 4-5 тамшы 40% — тік КОН-тың спирттегі ертіндісін тамызып, аузын ұзын шыны түтігі бар тығынмен жауып, су моншасына қойып қайнатады. Сабынның бір текті ертіндісі (гидролизат) түзілгеннен кейін, үстіне 2 мл су қосып, жақсылап шайқалады.
№2. Гидролизаттағы майдың құрам бөліктерін ашу.
Жоғарыда дайындалған гидролизаттың үстіне 10% — тік күкірт қышқылының ертіндісін біртіндеп тамызып, араластырғанда бетіне май қышқылдары қалқып шығады:

Пробиркадағы қоспаны қағаздан сүзгіш жасап, сүзу керек. Қышқылдар сүзгіште қалады, ал фильтратты үстіне лакмус бойынша 10%-тік NaOH ертіндісін қосып, нейтралдау керек. Түзілген ертіндіге 1-2 тамшы 5 %-тік қосқанда ерітінді көкшіл түске боялады.
№3. Майдағы қанықпаған қышқылдарды калий перманганатымен ашу.
Пробиркаға 3-4 тамшы күнбағыс майы, 2 тамшы 10%-тік cоданың
ертіндісін, 3-4 тамшы 0,1%-тік калий перманганатын тамызып араластырғанда, ертіндінің қызғылт түсі жойылып кетеді. Марганец тотықсызданады, ал қанықпаған май қышқылдары, этилен сияқты тотығады.
Барлық өзгерістерді реакция теңдеулерімен өрнектеп, қорытынды жаса.

(П.А.Верболович)


Жаттығулар:
1. а) құмырсқа қышқылының амил эфирінің синтезін;
ә) сірке қышқылының метил эфирінің гидролизін;
б) стеарин қышқылы негізінде май синтезінің реакция теңдеулерін жазыңыз.

2. Майларды гидрлеудің мәні неде? Реакция теңдеулерін жазып, осы процестің қайда қолданылатындығын көрсетініз.

3. а) Құмырсқа қышқылының пропил эфирі гидролизінің ;
ә) метилбутаноат синтезінің;
б) натрий гидроксидінің қатысында қүрамында пальмитин қышқылы болатын май гидролизінің реакция теңдеулерін жаз.

4. Қатты және сұйық майлардың құрамында қандай айырмашылық болатынын көрсет. Олардың қайсысы жеңіл тотығады? Неге?

5. Сабындар деген не? Сұйық және қатты сабындардың құрамындағы өзгешелікті көрсет. Олардың қайсысының жуғыштық қасиеті күштірек? Неге?

6. Майлар гидролизінің қандай түрлерін білесіз? Олардың айырмашылықтары неде?

7. Кермек суда сабынның жуғыштық мүмкіндігі төмендейді? Жауапты реакция теңдеулерімен дәлелде.

8. Күрделі эфирлердің қолданылу аймақтарын ата. Олар табиғатта қайда кездеседі?

9. Сабын дайындауда қандай қышқылдардың қандай тұздары қолданылады?

10. Майлар қайда қолданылады? Олар табиғатта қайда кездеседі?

Есептер:
№ 1. Массасы 221 г болатын майдың (үшолеат) сілтілік гидролизінде түзілетін глицериннің массасын есепте
Жауабы: 23 г

№ 2 Массасы 90 г сірке қышқылы метанолмен әрекеттескендә 100г күрделі эфир түзілді. Эфирдің шығымының массалық үлесін (%) есептеңіз
Жауабы: 90 %

№ 3. Реакция өнімнің шығымы 85% -ті құрайтын болса, 37,4 г этилацетат алу үшін қандай масса таза этил спирті қажет?
Жауабы: 23 г.

№ 4. Реакция өнімнің шығымы 80 % -ті құрайтын болса, массасы 29,6 г сіркеметил эфирін алу үшін қышқыл мен спиртің қандай массасы қажет?
Жауабы: 30 г; 16 г.

№ 5. 23 г құмырсқа қышқылының метил спиртімен әрекеттесуінде 24 г күрделі эфир алынды. Эфирдің шығымының массалық үлесін (%) есепте.
Жауабы: 80 %.

№ 6. 4,8 г метанол мен 7,2 г сірке қышқылының әрекеттесуінен 7,4 г күрделі эфир алынды. Эфир шығымының массалық үлесін (%) есепте.
Жауабы: 0,833 немесе 83,3 %.

№ 7. Құрамында (массасы бойынша) көміртегі 54,4 %, оттегі 36,4 % және сутегі 9,1 % болатын күрделі эфирдің молекулалық формуласын тап. Оның буының сутегімен салыстырғандағы тығыздығы 44. Осы молекулалық формулаға сәйкес келетін барлық күрделі эфирлердің құрылыс формулаларын жаз.
Жауабы:

№ 8. Массасы 5 кг ( үшолеатты) майды қатты майға айналдыру үшін (қ.ж.) қандай көлем сутегі жұмсалады, егер сутегінің көлемдік үлесінің өнеркәсіптік шығыны 8% құрайтын болса?
Жауабы: 413,15 л.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *