ЛЮДВИГ ЙОЗЕФ ИОГАНН ВИТГЕНШТЕЙН

ЛЮДВИГ ЙОЗЕФ ИОГАНН ВИТГЕНШТЕЙН
(26 сәуір, 1889ж, Вена – 29 сәуір, 1951ж, Кембридж)

— австриялық-ағылшын философы, логик, математик, аналитикалық философияның негізін қалаушылардың бірі және XX — ғасырдағы атақты ойшылдардың бірегейі.
1989 жылы Венада еврей отбасында дүниеге келген. 14 жасына дейін тек үй тәрбиесін ғана көрген. 1908-1911 жылдары Манчестер университетінің техника факультетінде оқиды. 1912 жылы Кембридж университетіне түседі. Философияға мойын бұруы осы кез. Бір жылдан соң мүлдем оңаша тірлікті таңдайды. Норвегияда өз қолымен тұрғызылған шошалаға (хижинаға) орнығып алады да, емін-еркін тек жазумен айналысуға көшеді. Бұл жағдай жылдан астам уақыт сақталады. Бірінші дүниежүзілік соғыс басталғанда Австро-Венгрия армиясы қатарына шақырылып, майданға араласады. Соғыстан кейін өзінің әкесінен мұраға қалған бүкіл дүние-байлығын түгелдей қайырымдылыққа жұмсауымен көзге түседі. 1920-1926 жылдары Төменгі Австрияның шалғай деревняларында бала оқытумен айналысқан. 1928 жылы Кембридж университетінде сабақ бере бастайды. Кейін тағы да елден оқшауланып, Ирландияның бір фермасына көшіп кетеді. Екі жылдан соң бойында жаман дерті бар екендігі анықталып, көп ұзамай бұл дүниедегі ғұмыр сапары аяқталады.
Витгенштейннің ұяты оның өмірлік бейнесін, тағдырының сұлбасын анықтайды, ал бұл философияның да бейнесін анықтайды деген сөз. Ол Кембриджде математиканың философиясынан Рассельдің дәрісін тыңдай жүріп, шығармашылық математикадан бастады. Үлкен ойшылдың ықпалында болды, бірақ өзінің жеке біртуар идеяларын туғыза отырып, алғашқы философиялық еңбегін жазады. Бірінші дүниежүзілік соғыс оның жұмысын тоқтата алмады. Витгенштейн соғыста жүрсе де, қолжазбалары онымен бірге болды. Витгенштейн итальяндықтардың тұтқынына түссе де, қолжазбаларынан айырылмайды.
Соғыстан кейін Витгенштейн философияға деген қызығушылығын қойып, оқытушылық жұмыспен айналысады. Алдымен Венада, кейін Австрия деревняларында. Бірақ бұл қызмет те оны қанағаттандырмады. Ол монастырде бағбан болды, өз әпкесіне үй салып береді, мүсін өнерімен айналысты.
Оның жаны философтың жаны болып қалады. Тек себеп керек болды. Ондай себеп белгілі математиктің математиканың философиялық негіздеріне арнап оқыған дәрісі болады. Дәрістен кейінгі кешті кафеде бірге өткізген философтың достарының бірі былай деп еске алады: «бұл кеш Витгенштейннің терең философиялық қызығушылығы мен қызметіне оралуының белгісіндей болды». Витгенштейн Кембриджде математиканың философиясынан диссертация қорғайды, сөйтіп қалған барлық өмірін Англияда өткізеді – алдымен Тринити колледжінде математика философиясынан дәріс оқиды, кейін Кембриджде Дж.Мурдың орнына философия кафедрасының меңгерушісі болады. Бірақ паң Англияның өзінде де ол қатаң тәртіп пен дәстүрге бағынбайды. 1936 жылы ол бірнеше ай Норвегия тауында бір лашықта, кейін мұхиттың жағасындағы балықшылар кентінде тұрады. Университет профессорының байыпты өмірі болмыстың басқа бір аумағына, табиғатқа, қарапайым халыққа жақын жерде өтіп жатады.
Екінші дүниежүзілік соғысы уақытында тыныш дәріс оқуын жалғастыра беруге Витгенштейннің ұяты жібермеді. Белгілі ғалым, профессор, жасы келсе де, ол Лондон госпиталінде санитар жұмысына тұрады, кейін Ньюкаслде медицина лобораториясында жұмыс істейді.
… Алпыс жасқа келгенде, жазылмайтын дертке шалдығып, өмірінің соңы жақындағанын сезген Витгенштейн, Кембридждегі дәрістерін қалдырып, өзінің философиялық ізденістерін жалғастырады, оның нәтижесі аяқталмай қалған «Дәйектілік туралы» деп аталатын еңбегі еді. Соңғы жазу «1951 жыл, 27 сәуір» деп жазылған – сонда дүниеден өтуіне бір күн қалған болатын.

Философиялық шығармалары:

«Логикалық-философиялық трактат» (1921), «Философиялық зерттеулер» (1953), «Математика негіздеріне қатысты ескертпелер» (1956), «Көгілдір және қоңыр кітап» (1958), «1914-1916ж.ж. жазба кітапшалар» (1961) және т.б.
Витгенштейннің шығармашылығы екі кезеңге бөлінеді. Бірінші кезеңде ол «Логикалық-гносеологиялық трактат» деген еңбегімен аналитикалық философия идеясының негізін қалайды. «трактаттың» басты идеясы-табиғи сөйлеу тілінің кемшіліктері мен әлсіздігінен ада, адами құмарлықтармен-махаббатпен, жек көрумен, қызғанышпен, азап шегумен ерекшеленетін тілдің мүмкіндіктерін негіздеу және дәлелдеу. «Мінсіз тіл, — деп жазды Витгенштейн, – өмір жағдайларымен ешқандай қатынастарға түспейтін логикалық құрылымдарды жаңғыртуы керек».
Өмірінің екінші кезеңінде Витгенштейн өзінің бастапқы бағдарламасын сынайды. Ол адам қарым-қатынасындағы тірі тіл ғылымға қызмет ететін барлық логикалық құрылымдардан әлдеқайда бай деген ойға келеді. Адам тек қана танып, ойлап қана қоймай, сонымен бірге сезеді, азап шегеді және қуанады. Бұл екінші теорияны ол «тілдік ойын теориясы» деп атайды.
Витгенштейннің батыс философиясында тұтастай екі бірдей төңкеріс жасағанын баршасы мойындаған.
Витгенштейн үшін аса маңызды мәселе тілдік белгілер мәніне талдау жасау болып табылады. Әрбір сөз немесе сөйлемді оқшаулағанда олардың жасырын мәні болады, ал белгілі бір контекстке орналастырғанда олар нақты мәнге ие болады. Мән контекстке бағынышты. Мұндай жағдайда сөйлемдердің де контекстке бағынышты көп түрлі мәні болады. Демек, философтың міндеті тіл қолданудың нақты контекстін іздеуде, кәдуілгі тілге талдау жасауда.

Философиялық көзқарастары:

Витгенштейн «Философиялық зерттеулер» деген еңбегінде тілдік ойын ретіндегі тіл идеясын дайындайды. Философтың пікірінше, тілді қолдану мен тілдің өзі белгілі бір тұтастықты құрайтын әр түрлі нақты лингвистикалық контексттерді талдау қажет. Әрбір зерттелетін құбылыс тілдік ойынның белгілі бір ұғымдарымен сипатталады. Ұғымдардың өзі тілдік ойын контекстінде ерекше немесе бірнеше тілдік мәнге ие болады. Әр түрлі тілдердің лингвистикалық көрінісі ерекше немесе бірнеше тілдік ойындар үшін жалпы болуы мүмкін. Соңғы жағдайда оларды отбасылық ұқсастық ретінде белгілеуге болады. Осылайша, Л.Витгенштейн тілдік ойындар сипатын үйелмендік ұқсастықтар көмегімен түсіндіре алады.
Табиғи тіл қисындық құрылымға келтірілмеу тиіс. Ол әлдеқайда бай, мазмұнды және өзара тең емес әрекеттің, қарым-қатынастың, байланыстың алуан түрлі формаларымен, яғни өмір формаларымен байланысты «тілдік ойындардың» сансыз көптігін біріктіреді. Логиканың кристаллдай таза болуы мүмкін емес дейді Витгенштейн.
Витгенштейннің философиясы күш біріктірудің жаһандық мәселесін және ортақ рухани білім берудің мәселесін шешіп жатқан адамзат үшін ешқашан дәл бүгінгідей өзекті болған емес. Витгенштейн тілдердің әртүрлі болуын мойындаған, сонымен бірге олардың өзара әрекетін де құптаған. Өйткені тілдік қатынаста ғана адамдар өзара түсіністікке қол жеткізе алады.

Философиялық афоризмдері:

 Философиялық делініп жүрген сөздер мен мәселелердің дені жай ғана жалған емес, мүлдем мәнсіз.
***
 Нақтылық жетпегенде мүмкіндікті пайдаланамыз. Жоққа шығару мүлдем сөйлемнің мағынасын өзгертіп жібереді.
***
 Мүмкін болатын жағдайдың бәрінде өз орны бар затты өзіне-өзі қожа деп есептеуге болады.
***
 Талғам таңдандыра алғанымен, бойыңды билеп кете алмайды.
***
 Байлық билікке де қол жеткізетіндігіне қарамастан, билік пен байлық – бір нәрсе емес.
***
 Сенуіміз – бойға сіңіруімізге байланысты.
***
 Сөйлемде мағына емес, түр ғана сақталады: мағынаны деректер ғана жеткізе алады.
***
 Істің бәрі қалауыңа байланысты.
***
 Көріп отырғанымыздың бәрі мүлдем басқаша да болуы әбден мүмкін еді ғой.
***
 Қартайған кезде де, жас уақыттағыдай, проблема деген жалынан сипатпайды: оларды шешу түгел, қолға тұтып қалудың өзі барып тұрған машақат.
***
 Данышпандық – дарынның жасайтын ерлігі.
***
 Болашақ оқиғаларды бүгінгі оқиғаларға қарап бағамдау мүмкін емес. Наным дегеніміз – осындай себеп-салдарлы байланысқа сену.
***
 Философиялық сайыстарда жұрттың бәрінен жай жүгіретіндер озады. Болмаса мәреге ең соңғы боп жеткен ұтып шығады.
***
 Жақсылық пен жамандық субьект арқылы ғана енеді.
***
 Ең алғашқы шабыт орта тұстағы көп шабыттан гөрі қымбаттырақ.
***
 Егер адам баласы ешқашан ешқандай ақымақтық жасамайтын болса – ақылды да ештеңе дүниеге келе қоймас еді.
***
 Жануар да атын атап шақырсаң, қайырылады. Кісілер сияқты.
***
 Өмір – байсалды, өнер – жеңілтек келеді.
***
 Егер істің түйінін шеше алмайтын болсаң, ең дұрысы – қолыңнан келмейтінін білу, ал ең лайықты әрекет – соны мойындай алу.
***
 Ойлануға ұмтылу – бір нәрсе де, ойлау дарынының иесі болу – екінші нәрсе.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *