ЛОРЕНЦО ВАЛЛА
(1407ж, Рим немесе Пьяченца – 1457ж, Рим, Папа өңірі)
— итальяндық гуманист, тарихи-филологиялық сынның көшбасшысы, тарихи эрудиттер мектебінің өкілі. Өзінің еңбектеріндегі басты идеяларды эпикуреизм рухында топтастырды.
Философиялық шығармалары:
«Ақиқаттық игілік тұрғысындағы ләззаттану туралы» деген трактаттың авторы. Сондай-ақ, орыс және басқа да европа тілдерінде жарыққа шыққан «Об истинном и ложном благе» (1519), «О подложности Константинова дара», «О монашеском обете», «История деяний Фердинанда», «О подложности Константинова дара» және «Константинов дар», «О красотах латинского языка» (1544) деген еңбектердің де авторы.
Философиялық көзқарастары:
Біріншіден – шіркеуді терістеді, схоластиканы жасандылығы үшін сынады; Екіншіден – адам мүмкіншілігі мен парасатына сенді;
Үшіншіден – адам мәселесін жете зерттеді, оны әлем орталығы деп санады; Төртіншіден – әйел мен ер адамдар еркіндігін жақтады;
Бесіншіден – белсенді іс-әрекетке, күреске, дүниені өзгертуге шақырды; Алтыншыдан – аскетизмді теріске шығарды;