ЛЕВ НИКОЛАЕВИЧ ТОЛСТОЙ

ЛЕВ НИКОЛАЕВИЧ ТОЛСТОЙ

(28 тамыз (9 қыркүйек), 1828ж, Ресей империясы, Тула губерниясы, Ясная Поляна – 7 (20) қараша, 1910ж, Ресей империясы, Тамбов губерниясы, Астапово станциясы)

— атақты орыс жазушылары мен ойшылдарының арасындағы әлемдік деңгейдегі биік тұлға, граф. Севастополді қорғау шайқасына қатысушы. Ағартушы, публицист, діни ағымдағы ойшыл, оның беделді көзқарастары жаңа адамгершілік-имандылық бағыттағы – толстовстваның пайда болуына әкелді. Императорлық ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі (1873), сөз қорын сақтау бойынша (изящная словесность) құрметті академик (1900).

Шығармалары:

Л.Н.Толстой «Соғыс және Әлем», «Анна Каренина» сияқты еңбектерді жазды, оның «Царство Божие внутри вас» еңбегінде жазып-көрсеткен күш көрсетпеу идеясы кейін Махатма Ганди және Мартин Лютер Кинг сияқты қоғам қайраткерлерінің істеріне айтарлықтай ықпал етті.

Жазушы философиясының басты мәселелері – адамның руханилығы мен адамгершілігі мәселелерін талдады және бұл тақырыпты өзін қатты мазалаған, өмірінің соңына дейін санасы мен жанына тыныштық бермеген экзистенциалдық мәсел адам өмірінің мәні контекстінде қарастырды. Өз өмірінің негізгі кезеңдеріне шолу жасай отырып, өмірінің мәні туралы сұраққа жауап іздеуге тырысқан Л.Толстой өз жанының күйзелісі арқылы бізге осы мәселенің бүкіл трагедиялық сипатын жеткізеді. Адамзат тарихынан өшпес орын алған тұлға, керемет классикалық дүниелердің авторы ретінде өзін әлемге танытқан ұлы жазушы «Не үшін өмір сүрдім?» деп қиналады, сұрағына жауап таба алмай аласұрады, ғылыми-философиялық тілмен айтсақ, гиперрефлексияға ұшырайды. Өзінің бұл жағдайын жазушы өте дәл суреттейді: «…сұрақтарға жауап бере алмай қор болдым. Өмірім тоқтады. Мен дем ала алмадым, тамақ іше де, ұйықтай да алмадым. Өмір мені тойдырды, одан құтылғым келді. Өзімді өлтіргім келді деп айта алмаймын, бірақ мен өмірден қаштым».
Жазушыны таңдандырған бір нәрсе – осы мазасыз өмірмәндік қиналыстың оның бақытты өмір сүруіне қажетті нәрсенің бәрі жеткілікті кезеңде – сүйікті әйелі, тамаша балалары, бай имениесі бар, ортасына сыйлы, рухани күшті, дені сау, әлі 50 — жасқа толмаған кезеңде мазалауы. Философиялық тұрғыдан талдасақ, ол заңды құбылыс. Гиперрефлексия ой еңбегімен айналысушы адамдарға көбірек тән, сондықтан да Толстой секілді ғұламаның жан күйзелісі түсінікті. Бұл жазушының рухани дүниесінің тереңдігін көрсететін өзін-өзі танып, білу қызметінің ерекшелігінің дәлелі. Мұндай адам өмірінің мәні мәселесінің тұңғиығына бойлаған сайын өзіне көңілі толмаушылық пен мазасыздық күшейе түседі, шым-шытырық ойлар мен түсініктер әлемінде шарқ ұрған жан тығырыққа тіреліп, өмірдің шекаралық жағдайына душар болады. Ол адам үшін қауіпті, себебі тұлға қалыптасқан құндылықтар бағытынан адаса бастайды, күнделікті практикалық қызметке деген қабілеті төмендейді. Осы кезде адамға даналыққа, парасатқа негізделген философия ғылымының көмегі қажет. Әрине, философия өмірдің мәні мәселесін түбегейлі шешіп береді деуге болмайды, бірақ философия құбылысты түсінуге, оған белгілі бір көзқарас қалыптастыруға көмектесіп, өмірге деген жаңа талпыныс, күш береді.
Л.Толстойдың өзі өмірмәндік мәселені сенім категориясы арқылы шешеді: «Менің ойымша, өмірдің мәні – сенім. Сенім адамға күш береді». Сенім категориясын қалыптасқан пікір бойынша діни сеніммен шектеуге болмайды. Толстой өз шығармаларында сенім категориясының бай мазмұнын көрсетеді, өмірмәндік мәселені дін, руханилық, адамгершілік мәселелерімен байланысты қарастырады. Жазушы туындыларының негізгі желісі де осы, яғни Л.Толстой үшін өмірдің мәні сенімде.

Философиялық көзқарастары:

Л.Н.Толстойдың қайшылықты өмір жолы, оның патриотизмі және халықтар достығы үшін күресі, оның философиясының объективтік-идеалистік мәні, тарихи прогрестің қозғаушы күші туралы мәселесі және Отан тақырыбындағы халықтың алатын орны, «Жексенбі» және публицистикалық шығармаларында ресми діннің догмалары жоралғыларын өткір сынауы, ғылыми социализмге жаулық қатынасы және «Өнер деген не» трактаты және эстетикалық көзқарастары әлемдік философия ғылымында айшықты орны бар жаңалық болып қала береді.
Қалай десек те, Л.Толстойдың өмірдің мәні туралы философиялық ойлары саналы адамды ойландырмай қоймайды, себебі ол адамды қазіргі қоғамда жетіспей жатқан мәңгілік құндылықтар Мейірімділік, Махаббат, Руханилыққа, бір сөзбен айтсақ, Адамгершілікке шақырады.

Философиялық афоризмдері:

 Ашумен басталған іс абыройсыз аяқталады.
***
 Басқа адамның әрқашан да жаман жағын емес, жақсы жағын ізде.
***
 Ақылыңа азықты көп беруге тырыс.
***
 Өзіңнің борышыңды орындауға тырыс, сонда сен өзіңнің неге тұратыныңды дереу біліп аласың.
***
 Өмірде шүбәсіз бір-ақ бақыт бар, ол өзгелер үшін өміріңді арнау.
***
 Бақыт … өзіңнің рухани және дене күшіңнің қоғамдық өмірге жұмсалғандығын толық сезіне білу.
***
 Адам бақытты болуға тиісті, ал бағы жанбаса, оған сол адамның өзі ғана кінәлі.
***
 Еңбек етпесең не қорлықта қаласың, не ұрлыққа барасың.
***
 Дене еңбегі ой еңбегінің қасиетін арттыра түскенімен қоймай, оны мадаққа бөлейді.
***
 Бір күнімді ғана жұмыссыз өткізсем, мен өзімді өзім өлтірер едім.
***
 Бірдеңе істейді екенсің, оны жақсы істе. Егер қолыңнан келмесе, немесе жақсы істегің келмесе, онда істемей-ақ қой.
***
 Адам игілігі – өмірде, өмір – еңбекте.
***
 Өзіңнің де, өзгенің де сөзіне сенбе, ісіне сен.
***
 Тіл – миллиондаған ұрпақ жасаған жанды зат.
***
 Тіл – ұлттың жаны. Тіл – идеяның, сезімнің, ойдың жанды көрінісі.
***
 Халық сөзі қандай әсем. Соншама көркем, жан тебірентерлік, зор мағыналы.
***
 Ұят – адам өміріндегі сенімді жол басшы.
***
 Жұрттан ұялған жақсы, ал өзіңнен ұялу бәрінен де жақсы.
***
 Қарапайымдылық – моральдық сұлулықтың басты шарты.
***
 Қарапайымдылық, жақсылық пен ақиқат жоқ жерде ұлылық та жоқ.
***
 Арман – жарық жұлдыз, онсыз айқын бағдар жоқ, бағдар болмаған соң, алға басу да жоқ, тірлік те жоқ.
***
 Барлық өмірің үшін мақсатың болсын, шағын мақсатты жоғары мақсатқа құрбан ете отырып, өміріңнің кезеңі, белгілі мақсаты үшін, жыл үшін, ай үшін, апта үшін, күн үшін, сағат, минут үшін мақсатың болсын.
***
 Зат неғұрлым салмақсыз бос болса, соғұрлым орынды көп алады … Мақтаншақ та сондай.
***
 Адам өзіне-өзі неғұрлым көп мәз болса, оның бойында мәз боларлық нәрсе соғұрлым аз болады.
***
 Күн сайын әлемнің ең дана адамдарымен тілдесуден қымбат не болуы мүмкін.
***
 Құнды сөз құнарлы ойдан туады.
***
 Сөз көмескілігі – ой пікір көмескілігінің айнымас белгісі.
***
 Өз өмірін қиудан тартынбайтын аяулысы болмаса, адамның күні қараң.
***
 Ұялу – жақсы сезім, ең жақсысы – өзіңнен өзің ұялу.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *