Көпатомды спирттер
Жаттығулар.
1. Көпатомды спирттердің біратомды спирттерден қандай айырмашылығы бар: а) құрлысында; ә) химиялық қасиеттерінде?
2. Молекула құрамында үш көміртегі атомы болатын көп атомды спирттердің формуласын құрастыр. Оларды ата.
3. Келесі өзгерістерді жүзеге асыруға болатын реакция теңдеулерін жаз:
метан → ацетилен → 1,2 – дихлорэтан → этандиол – 1,2.
4. Этанолдан этандиол алуға болатын реакциялардың теңдеулерін құрастыр.
5. Келесі өзгерістерді жүзеге асыруға болатын реакция теңдеулерін жаз:
этанол → этилен → этиленгликоль → натрий этиленгликоляты.
6. Глицерин келесі заттардың қайсысымен әрекеттеседі: йод, сутегі, натрий, азот қышқылы? Мүмкін болатын реакциялардың теңдеулерін жаз.
ЕСЕПТЕР:
№ 1. Массасы 45,4 г глицеринтринитрат (үшнитроглицерин) алу үшін қандай көлем 90% — ті (р = 1,483г/мл) азот қышқылы қажет?
Жауабы: 28,32 мл.
№ 2. Этиленгликольді екі бөлікке 1:3 бөлді. Аз бөлігін артық мөлшердегі азот қышқылы мен өңдегенде 76 г күрделі эфир түзілді. Этиленгликольдің көп бөлігіне 59,80 г натрий қосқанда қандай көлем сутегі бөлінеді?
Жауабы: 29,12 л.
№ 3. Көпатомды спирттердің бірі төменгі температурада қататын сұйықтар – антифриздер дайындауға қолданылады (қысқы уақытта автомильдер двигательдерінде пайдаланылады). Элементтердің массалық үлестері осы спирт молекуласында С – 38,7%, Н – 9,7 %, О – 51,6 % құрайды. Спирт буының сутегімен салыстырғандағы тығыздығы 31. Спирттің құрлыс формуласын жазып, атаңыз.
Жауабы: этиленгликоль
№ 4. 1 моль глицерин мен 30 г натрий әрекеттескенде қандай көлем (қ.ж.) сутегі бөлінеді?
Жауабы: 14,6 л.
№ 5. Массалық үлесі 80% (р = 1,45 г/мл) азот қышқылының қандай көлемі массасы 22,70 г глицериннің үшнитратын алу үшін жұмсалады?
Жауабы: 16,3 мл.
№ 6. Массасы 250 г этилен оксиді мен 90 г судан қандай масса этандиол – 1,2 алынады?
Жауабы: 310 г.