Кешенді қосылыстың құрамдас бөліктерінің зарядтарын анықтау, формулаларын құру алгоритмдері
Кешенді ион зарядын екі тәсілмен анықтайды
1.Сыртқы сферадағы ион зарядына таңбасы жөнінен қарама-қарсы, ал абсолюттік мәндері бірдей болады, себебі қосылыс электробейтарап.
Мысалы:
2· (+1) + х = 0
+2 + х = 0
х = -2
2. Ішкі сфераға кіретін иондар зарядтарының алгебралық қосындысына тең болады.
Кешен түзушінің зарядын да екі тәсілмен анықтайды
1.Егер кешенді қосылыс формуласы берілсе, мына ережеге сүйенеді:
Кешенді қосылысты құрайтын бөлшектер зарядының алгебралық қосындысы нольге тең.
2.Егер кешенді ион заряды белгілі болса, ол құрамдас бөліктерінің зарядтарының қосындысына тең болады деп есептеп анықтауға болады.
Кешенді қосылыстар формуласын құру алгоритмі
1. Кешен түзушілер таңбаларын, тотығу дәрежелерін көрсетіп жазу.
Pt2+ Cu2+ Fe3+
2.Кешен түзушінің координациялық санын ескеріп, ішкі сфераның формуласын құру:
а) бейтарап кешен формуласын құру үшін кешен түзуші зарядын бейтараптағанша теріс зарядты лигандтарды жазып, соңынан координациялық санын қанықтырғанша бейтарап лигандтар жазу;
ә) катионды кешен үшін кешен түзуші жанына координациялық санын қанықтырғанша бейтарап лигандтарды жазу;
б) анионды кешен үшін кешен түзуші жанына координациялық санын қанықтырғанша теріс зарядты лигандтарды жазу;
3. Кешенді ионның зарядтарын анықтау:
4. Кешенді қосылыстың сыртқы сферасын жазу:
5. Кез келген қосылыс электрбейтарап екендігін ескеріп, қосылыстардың формуласын жазу: