ИМРЕ ЛАКАТОС (ЛАКАТОШ, АВРУМ ЛИПШИЦ)

ИМРЕ ЛАКАТОС (ЛАКАТОШ, АВРУМ ЛИПШИЦ)
(9 қараша 1922ж, Дебрецен – 2 ақпан 1974ж, Лондон)

— венгр-британ философы және ғылым тарихшысы. Постпозитивизм өкілдерінің бірі. Өзінің зерттеулерінің мақсаты деп, білімнің өзгеру үрдісінің логика-нормативті қайта құрылуын және ғылыми теориялардың даму логикасын құру деп білген.
Нацизм кезінде өзінің ұлтын (Липщиц) Мольнарға (Диірменшіге), ал коммунистер билігі жүріп тұрған кезде Лакатошқа (Ағаш ұстасына) ауыстыруға мәжбүр болған.

Философиялық шығармалары:

«Дәлелдеу мен жалғандау», «Фальсификация және ғылыми-зерттеу бағдарламаларының методологиясы» және т.б.

Философиялық көзқарастары:

Имре Лакатос тарихи-ғылыми зерттеулерге ерекше көңіл бөлді. Ол былай деп жазды: «Ғылым философиясы ғылым тарихынсыз бос; ғылым тарихы – философиясыз бұлдыр».
 Кез келген ғылыми-зерттеу бағдарламасының ғылымилығын анықтаудың методологиялық анализі мына кезеңдерге бөлінеді:
 Рационалдық реконструкцияны (қайта жаңғыртуды) ұсыну;
 Осы рационалдық қайта жаңғыртуды берілген ғылым дамуының кез келген кезеңіндегі тарихи-ғылыми деректерімен салыстыру;
 Рационалдық қайта жаңғыртудың тарихилығы мен шынайы тарихының болмауы – рационалдықтың болмауы үшін сынауының белгісі.

Негізгі идеялары:

Нормативтік, методологиялық ереже-реттеулер, олар алдағы зерттеулердің қайсысы оңтайлы болатын жолдарын («оң эвристика»), қайсысы оңтайлы емес («теріс негативті эвристика») жол екенін көрсетеді;
Ғылыми-зерттеу бағдарламасы дамуының негізгі кезеңі – «қанығу пункті», яғни прогресс пен регресс, осы стадиялардың шекарасы болып табылады;
Жаңа бағдарлама ескінің түсіндіре алмағанын түсіндіре алуы керек;
Негізгі ғылыми-зерттеу бағдарламаларының ауысуы дегеніміз ғылыми революция;

Жалпы, «Ғылыми-зерттеу бағдарламасы» (ҒЗБ) – Имре Лакатостың ұғымы, ғылым дамуының тұжырымдамасы. Ғылыми-зерттеу бағдарламасы – бәсекелесуші ғылыми-зерттеу бағдарламаларының сериясы, іргелі, фундаменталдық идеялар мен методологиялық принциптер жиынтығын біріктіретін, бірін-бірі ауыстырып тұратын теориялар.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *