ЗИГМУНД ФРЕЙД (СИГИЗМУНД ШЛОМО ФРЕЙД)

ЗИГМУНД ФРЕЙД (СИГИЗМУНД ШЛОМО ФРЕЙД)
(6 мамыр, 1856ж, Фрайберг, Австро-Венгрия (қазіргі Пршибор, Чехия) – 23 қыркүйек, 1939ж, Лондон)

— австриялық психолог, психиатр және невролог, психоаналитикалық мектептің негізін қалаушы.

Философиялық шығармалары:

«Түсті жору», «Күнделікті өмірдің психопатологиясы», «Психоанализ туралы» және т.б.
Алғашында фрейдизм невроздарды түсіндіретін және емдейтін ілім ретінде қалыптасты, кейін келе дау-жанжал жағдайға тап болған саналық пен бейсаналық арасындағы қарым-қатынасты, бейсаналықтың өзіндік заңдылықтары мен әрекетшілдігін түсіндіруге бағытталған теорияға айналды. Фрейд адам технологиясының өсіңкілігін (динамикасын) түсіндіру үшін, оның психологиялық үш түпнегізін (субстанция) қарастырады. Олар: «Мен», «Жоғарғы Мен» және «Ол». «Мен» сыртқы және ішкі әлемдердің және «Жоғарғы Мен» мен «Ол» -дың арасында байланыстырушы қызметін жүзеге асырады. «Мен» әрекет-қылықтың реттілігін және үздіксіздігін қамтамасыз етеді, осының арқасында өткен оқиғалар қазіргі және болашақ оқиғалармен қабысып жатады. «Мен» психикаға да, денеге де жатпайды. Ол өзінің даму процесінде, әсіресе қауіп төнгенде, ауырғанда және өмір сүру жағдайларына байланысты бүкіл өмір бойына өзгеруі мүмкін. «Меннің» іс-әрекеттерінің түріне және эффектілігіне қарай адамдар бір-бірімен айрықшаланады.
«Меннің» бұл қасиеттерін Фрейд оның қасиеттері деп атайды. «Мені» күшті адамдар мынадай мінездемелермен ерекшеленеді: ол қоршаған ортаны және өзін бағалауда әділетті болады, ол қабылданған шешімді ешқайда жалтақтамай жүзеге асыра алады, т.б. ол өз талаптарының құлы емес, сондықтан оларды қоғамға пайдалы жағына қарай бағыттауға мүмкіндігі бар, күштердің қысымына қарсы тұрып, өз бағытын таңдай алады, т.б. Ал «Мені» әлсіз адамдардың мінез-құлқы, іс-әрекеті бала сияқты тұрақсыз келеді де, нақты орта мен өзін бұрмалап, қате түсінеді. Ол барлық қайрат-күшін өзі туралы қате, бұрмаланған түсінігін қорғау үшін жұмсағандықтан, невроз ауруларына шалдығып, жұмыста ешқандай жақсы нәтижеге жете алмайды. Жеке адамның даму процесінде «Мен» ұсақ бөлшектерге бөлінеді де, «Жоғарғы Мен» дамиды. «Жоғарғы Мен» адам психикасының ішкі құрамына айналған ата-аналардың және қоғамның берген маңызды қағидаларына сүйене отырып, табиғи инстинктерді («Ол») тыюға және бақылауға талпынады. Сөйтіп, «Жоғарғы Мен» мен «Ол» — дың арасында қарама-қайшылық пайда болады. Осы екеуінің ортасында жарастырушы қызметін «Мен» атқарады. «Менді» қалыптастыруда және қоршаған ортаны танып-білуде сананың рөлі өте зор. Ал санамызбен қорытпаған, түсінбегеннің барлығы бейсаналық болып табылады. Саналық бейсаналыққа және керісінше болып алмаса беруі мүмкін.
Бейсана санадан жеке адамдардың өзінің елестету және жан күйзелісін әртүрлі саналық сатысында түсінумен ерекшеленеді. Бейсаналық түстерде, гипноздық жағдайда, адамдардың әртүрлі қалаптасқан әдет-қылықтарында көрініс табады. Бұл төменгі сатыдағы бейсаналық. Ал жоғарғы сатыдағы бейсаналық санадан тыс жатқан инстинктерден, физиологиялық құштарлықтардан, әуестіктерден көрінеді. Осы жоғарғы сатыдағы бейсаналық адамдардың агрессиялық бейімділігінің қайнар көзі. Бірақ қоғамда бұл бейсаналықтың түрі өзін көрсете бермейді, себебі ол «сананың түкпіріне» жасырынады да, «рұқсат» етілмеген іс-әрекет ретінде ұзақ уақыт сақталады.
Фрейд өзінің басты идеясын жеке адамның «психосексуалдық дамуы» жөніндегі теория төңірегінде өрбітеді. Бұл теория бойынша, бейсаналықтың негізін сексуалдық инстинктер (либидо) қалайды. Олар көп жағдайда адамдардың психикалық іс-әрекеттеріне, сонымен қатарбарлық тарихи және қоғамдық оқиғаларға себепші болады. Мысалы, тереңде жатқан адампсихикасының өзара жанжалдары моральдың, өнердің, ғылымның, діннің, мемлекеттің, құқықтың, соғыстардың, т.б. себебін және мазмұнын құрайды.
Сексуалдық инстинктер жалпы инстинктермен байланысты сублимация (басып-жаныштау) және комплекс (жинақ) ұғымдарымен айқындалады. Сублимация дегеніміз, Фрейдтің пікірінше, тежелген, «жасырынған» сексуалдық инстинктің (либидоның) бейсексуалды (әдеби шығармашылық, саяси және қоғамдық іс-әрекеттер, т.б.) іс-әрекет түріне ауысуы.
«Комплекс» ұғымы адамдардағы салыстырмалы тұрақты механизмдердің (әдептілік, саяси, т.б. қағидалары), олардың психикасының барлық түрлерінің бұзылғандығын көрсетеді. Осы ойын дәлелдеу үшін Фрейд «Эдип» туралы аңызды мысал ретінде келтіреді. Бұл грек аңызы бойынша, Эдип білместіктен өз әкесін өлтіріп, туған анасына үйленген. Осы аңыз негізінде Фрейд «Эдип комплексі» ұғымын қалыптастырып, оның мәні ретінде баланың анаға деген сүйіспеншілігі мен махаббаты және әкесіне деген қызғанышы мен өшпенділігі сияқты инстинктердің қабысуы арқасында Эдиптің психикасының бұзылғандығын арқау етіп алған. Осы ойын әрі қарай жалғастырып, Фрейд бейсаналылық адамдар мен қоғам іс-әрекеттеріне зор әсер етеді деген қорытындыға келеді. Жалпы алғанда, адамдардың барлық іс-әрекеті әлеуметтік, табындық (топтасу) инстинктерінің көрінісі болғандықтан, осы негізде «бұқаралық психология» қалыптасады. Фрейд бұл идеясын өрбіте келіп, «тобырлар» мен «көсемдер» туралы саяси-әлеуметтік концепциясын ұсынды. «Тобырлардың» тарихи дамуға тигізер жөнді әсері жоқ. Керісінше, «көсемдер» тобырлардың ең төменгі инстинктеріне әсер ете отырып, олардың соқыр инстинктке негізделген іс-әрекеттерін өздеріне қажетті бағытқа бұрып, тарихты ілгері дамытады. Фрейдтің бұл ілімі соңғы кездегі көптеген саясатшылардың басшылыққа алған теориясына айналды.

Философиялық көзқарастары:

Ол сананы мүлде адам өзін қоршаған айналаны түсінеді, өзінің «мен» екенін пайымдайды. Сондай-ақ ол тағы да екі түрлі сана құрылымын мойындайды: бірі – «шектен тыс мен» және санасыздықтың микродүниесі. Санасыздық пен саналылық бірге жүреді, айырмашылығы жарық пен қараңғылық секілді. З.Фрейдше, біздің білмейтініміз бұлыңғыр, күңгірт сана, бірақ оны анықтауға, айқындауға болады. Санасыздық дегеніміз жаттандыға айналдырылған, дағдыланған, автоматтандырылған сана. Оған кейбір ойланбай-ақ атқаратын әрекеттер жатады. мәселен, жаңылыс, не абайсыз айтылған сөз, байқамай істелген іс, не көрген түс, т.б. Санасыздықтың ең жоғары түрі – шығармашылық, кенеттен келген ой, интуиция, инстикт, т.б. Сөйтіп З.Фрейд классикалық философия көтермеген, олардан қалтарыс қалған мәселелерді қозғайды. Бұл жөнінде З.Фрейдке ой салған А.Шопенгуаэр, Ф.Ницше топшылаулары еді.
Әрине, ғылым санасыздықты жоққа шығармайды. Бұл жөнінде З.Фрейдтің сіңірген зор. Бірақ оның санасыздыққа көп орын бергеніне, оны кейде санадан жоғары санағанына қосылуға болмайды.

Философиялық афоризмдері:

 Ешбір пенде құпияны сақтап қалуға қабілетсіз. Еріндері үндемегенімен, саусақтары айтып қояды.
***
 Адам баласының ең күшті деген екі сезімі бар – жыныстық қарым-қатынас пен өзі шыққан төбешігін төбеге балау, өз маңыздылығын сезіну.
***
 Егер біреу өмірдің мағынасы немесе құндылығы туралы сұраса – ол ауру.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *