Ақтолқын Солтанхан,
М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дің
студенті
Жәрмеңкеден басталған тарих
Халқымыз ежелден елді мекендердің, жер, су, өзен-көл атауларының мән-мағынасына, тарихына ерекше көңіл бөлген. Тайынша ауданының орталыгы-Тайынша қаласының да тарихы бай.
Қазақ хандығы жойылған кезде Қазақстан жерлерін қайта ұйымдастыру Ресей үкіметінің кұзырында болды. Атқамінерлердің шешімімен еліміздегі барлық елді мекендер мен қалалар округгерге бөлініп, генерал-губернаторлықтарға қарады. Патша саясаты жүргізіле бастаған кезеңде Ресейдің жерсіз қалған шаруалары біздің өңірге де келіп қоныстанды. Соның нәти-жесінде Петропавл, Ақмола, Буқтырма, Омбы бекіністері пайда болды. Уақыт өте келе бұл аймақтар ірі сауда және мәдени орталықтарға айналды. XIX ғасырдың ба-сында жәрмеңкелер ұйымдастырылып, Тайыншаға Қытай, Ресей саудагерлері ат басын бұрған. Сауда-саттық орындары кейін басқа облыстарда да пайда болып, елдің түкпір-түкпірінен өңірімізге керуендер келе бастаған. Осылай сауда саласы қызып турған шағында біздің ауданның жерінде тауар ақысын малмен өтеу кең таралыпты. Жергілікті қазақтар да төрт түлігін сатып, өздеріне қажетті заттарға қол жеткізген. Мәселен, жергілікті тұрғындар тарапынан Ресейден әкелінетін самзуыр, балта, пышақ сияқты түрмысқа қажетті тауарларға сураныс зор болған. Орта Аэиядан — жеміс-жидек, Қытайдан шай, мата жеткізілген. Сөйтіп, жәрмеңке бір айдан артық уақыт бойы өткізіліп, қазіргі Тайынша қаласының аумағы халық көп шоғырланған жерге айналған саудагерлер тауар ақысы ретінде жинаған малдарын беріп, табысқа кенелген. Ауданымыздың көнекез қариялары қаламыздың Тайынша атауы осыдан пайда болды деп болжам жасайды.
Тарихта белгілі сауда орындарының бірі — Тайынша көлі маңындағы жәрмеңке. Халық арасында ол «Сентябрь базары» деген атауға ие болған. Бул жәрмеңке ресми түрде 1 шілде мен 25 қыркүйек арасында өткенімен, кей жылдары қыс басталғанша жалғасқан. Ал атақты Тайынша көлі аудан орталығынан 50 шақырымдай жердегі Киров ауылының маңында орналасқан. Жыл өткен сайын сауда жасауға келген азаматтардың көбі суы мол, шөбі шүйгін, табиғаты да жайлы мекенге тұрақтап, кішкентай ауыл ірі қалашыққа айнала бастаған. Кейбір тарихи деректерге сүйенсек, Тайыншадағы бұл атақты жәрмеңкені пет-ропавлдық Ганьшин деген көпес ұйымдастырған. Бұл елді мекеннің айналасындағы жердің мал жаюға қолайлы екенін сезген көпес төрт түлік айырбасына да ден қойған. Сөйтіп бұл жерде мал саудасы өрбіген. Кейбір деректерде бір жәрмеңкенің өзінде 800 мың қой, 30 мың қара мал сатылып, құны 2 млн. рубльге жеткен деген ақпарат кездеседі. Бұл жәрмеңке тек сауда-саттықпен шектелмеген, оның барысында жан-жақтан жиналған би-шешендер жер дауын, жетім мен жесір мәселесін де шешуге кемектескен. Ауыл ақсақалдарының айтуынша, осы кезеңде барымта да белең алған.
Тайынша жәрмеңкесі нагыз өнер ордасы ретінде де тарихқа енді. Балуан Шолақ пен Қажымұқан күрес ұйымдастырса, белгілі ақын-жыршылар Орынбай. Шөже, Арыстанбай, Біржан сал, Ақан сері және тағы басқа дүлдүлдер халыққа өз өнерле-ріи паш етіп, дүйім елді тәнті қылған. Балуан Шолақ шығармаларының бірінде Тайыншада ұйымдастырылған сентябрь базары туралы жыр жолдары кездеседі:
«Бұл күнде қырық тоғызда менің жасым,
Қамалдың бузып жүрмін тау мен тасын.
Кешегі сентябрьдің базарында,
Көтердім 51 пұт кірдің тасын».
Тарихшылар Тайынша қаласының атауын осы жәрмеңкемен тығыз байланысты-рады. Олардың пікірінше, сауда-саттық кезінде көбіне жас мал, яғни тайыншалар ең көп сатылымға шыгарылған.
1920-шы жылдары Петропавл-Көкшетау темір жолы салынып, ол біздің аудан арқылы өткендіктен, стансаға Тайынша жәрмеңкесінің атауын беру ұйғарылған. Өкінішке қарай, Тайынша қаласының атауы 1962 жылы Красноармейск болып өзгертілді. Кейін еліміз егемендікке ие болған түста ежелгі атауы қайтарылды. Төрт түлігін түлетіп, алқабын жайқалтып, шаруасын өрге сүйреп отырған елді мекен бүгінгі күні де бурынғы кейлінен айырылган жоқ.
// Солтүстік Қазақстан.- 2019.- 24 желтоқсан.