ЖЮЛЬЕН ОФРЕ ДЕ ЛАМЕТРИ

ЖЮЛЬЕН ОФРЕ ДЕ ЛАМЕТРИ
(25 желтоқсан, 1709ж, Сен-Мало, Бретань –11 қараша, 1751ж, Берлин)

— француз дәрігері әрі материалист-философы.
Ол алғашқыда құдайсөзінің білгірі-богослов болса, содан кейін Бургаведегі Лейденде медицина саласында қызмет етті.

Философиялық шығармалары:

«Жан туралы трактат», «Адам-машина» және тағы басқа да ғылымда қызығушылық тудырған еңбектер жазды.

Философиялық көзқарастары:

Бұл философия өкілдерінің бірі Жюльен Офре де Ламетри Рене Декарт физикасын қолдаушы болған өзінің «Адам-машина» деген еңбегінде тіршілік процестерін тәжірибе арқылы зерттеуді талап етті.
Әрбір материяда өзінің созылымдылығын қатар сезімдік сезіну сияқты қасиеттер бар деді. Ол Спиноза уағыздаған барлық материя ойлай алады деген пікірді сынады. Сезіну тек ұйымдасқан денелерде ғана байқалады, деді. Ол органикалық емес, органикалық, жануар адам – бәрі бір-бірімен тығыз байланыста болады және органикалық өмір — органикалық емес дүниеден, өсімдік – органикалық дүниеден дегенді айтты.
Бірақ ол адамды машина деп қарады. Оның жоғары дамыған рухани интеллект екенін байқамады.

Философиялық афоризмдері:

 Тәрбие көрмеген адам қандай қабілеті күшті, ақылды болса да, оны құны болмайды.
***
 Дүниені толық тануға болады, таным көзі – сезім мүшелері.
***
 Материяның өз бітімі болғандықтан Құдайдың қажеті жоқ.
***
 Жеке меншік – адам еркіндігінің кепілдігі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *