ЖАҢА ДӘУІР ФИЛОСОФИЯСЫ

ЖАҢА ДӘУІР ФИЛОСОФИЯСЫ

XV-XVIII ғасырларда Батыс Европа елдерінде феодалдық өндіріс әдісі төңірегінде жаңа капиталистік өндіріс әдісі қалыптаса бастады. Осыған дейінгі үшінші сословие арасынан өз алдына ерекшеленіп феодалдық өкіметке наразыларды топтандырып бастаушы тап ретінде буржуазия дүниеге келді.
Ол феодалдық құрылысты құлатып, жаңа өндірістік қатынстарды орнатуды мақсат етті, ал бұл мақсатты іске асыру үшін буржуазиялық революция жасамақшы болды. Айталық, XV-ғасырда Нидерланды, XVII-ғасырда Ағылшын, XVIII-ғасырда Франция революциялары бірінің бастамасын бірі жалғастырды. Германияда шаруалар, Францияда жалаңаяқтар көтерілістері соның жаңа жаршылары болды.
Дүниеге келген тап – буржуазия ғылым табыстарына сүйенуді қажет етті, схоластиканы қатты сынға алды. Ең алдымен олар схоластиканың басты кемшілігі тәжірибеден бас тартып, бақылау, эксперименттерге сүйінбейтін шыдамсыздықпен жасалған догмалық топшылауларға негізделген, жалған тұрлаусыз әдісінде деп есептеді. Бұл жаңа тап материализмге сүйенді.
Бірақ ол метафизикалық материализм болатын.
Ал метафизикалық материализмге үш күрделі кемшілік тән болды:
 ол механика ілімдеріне негізделді, яғни дүниедегі барлық өзгерістерді механика заңдарымен дәлелдеуге тырысты;
 дүниені қатып қалған, қозғалмайтын, өзгермейтін құбылыс деп қарады. Оны ұдайы дамудағы процесс екенін мойындамады;
 қоғам өмірін ғылыми тұрғыдан түсіндіре алмады, сондықтан ол идеалистік көзқараста қала берді (Кішібеков Д. Сыдықов Ұ. Философия. «Қарасай», —Алматы: 2008).
Нақтырақ айтқанда, Дж.Беркли сияқты басқа да идеалистік көзқарастағы философиялық тұлғалардың материалистік көзқарастағы ойшылдарға қанша кедергілер жасағанымен, оның әрі қарай ойдағыдай дамуына ешбір кедергі жасай алмады.
Жаңа заман философиясының өзге де көрнекті тұлғалары: Джон Толанд, Энтони Коллинз, Бернард Мандевиль, Фрэнсис Хатчесон, Энтони Шефстбери, Дэвид Гартли, Христиан Вольф, Леже Мари Дешан, Иоганн Гердер және т.б. болды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *