жаттығулар және оны шешу жолдары
2.1 Мына көрсетілген оксидтерді жіктеңіз: SiO2, MnO2, CO2, Cr2O3, MnO3, MnO, K2O, PbO, Al2O3, Mn2O7. (§1).
Негіздік оксидтерге: K2O, PbO, MnO
Қышқылдық оксидтерге: SiO2, CO2, MnO3, Mn2O7
Екідайлы окидтерге: Al2O3, Cr2O3, MnO2
2.2 Мына қышқылдың H3PO4 натриймен, кальциймен, алюминиймен барлық мүмкін болатын тұздарының формулаларын жазып, атаңыз.
Kt An H2PO4 (I) HPO4 (II) PO4 (III)
Na (I) NaH2PO4 Na2HPO4 Na3PO4
Ca (II) Ca(H2PO4)2 CaHPO4 Ca3(PO4)2
Al (III) Al(H2PO4)3 Al2(HPO4)3 AlPO4
Аталуы дигидрофосфаттар гидрофосфаттар фосфаттар
2.3 Мына негіздің Al(OH)3 мүмкін болатын нитраттарының, сульфаттарының және фосфаттарының формулаларын жазып, атаңыз.
Kt
An Al(OH)2 (I) AlOH (II) Al (III)
NO3 (I) Al(OH)2NO3 AlOH(NO3)2 Al(NO3)3
SO4 (II) [Al(OH)2]2SO4 Al(OH)SO4 Al2(SO4)3
PO4 (III) [Al(OH)2]3PO4 (AlOH)3(PO4)2 AlPO4
аталуы алюминийдің дигидроксонитраты (сульфаты, фосфаты) алюминийдің гидроксонитраты сульфаты, фосфаты) алюминий нитраты (сульфаты, фосфаты)
2.4 Кешенді ионның зарядын, координациялық санын қосылыс формуласын жазып, оларды жіктеп атаңыз.
а)
Na[BiJ4] – анионды кешенді қосылыс (натрийдің тетраиодовисмутаты (ІІІ))
ә)
[Cr(NH3)5Cl]2+Cl2 – катионды кешенді қосылыс (хромның (ІІІ) хлоропентааммин хлориді).
б)
K3[Ag(S2O3)2] – анионды кешенді қосылыс, калийдің дитиосульфато аргентаты (І).
2.5Мына генетикалық байланысты жүзеге асыру үшін жүргізілетін реакциялар теңдеуін құрыңыз.
Cu → CuO → CuCl2↓ → Cu(OH)2 → CuSO4
Cu + O2 = 2CuO (қосылу реакциясы).
CuO + 2HCl = CuCl2 + H2O (алмасу реакциясы)
CuCl2 + 2NaOH = Cu(OH)2 + 2NaCl (алмасу реакциясы)
Cu(OH)2 + H2SO4 = CuSO4 + 2H2O (алмасу реакциясы).
Бұл тараудан (ІІ) не білесің?
1. Бейорганикалық қосылыстардың анықтамалары (оксид, негіз, қышқыл, тұз).
2. Қосылыстардың жіктелуі.
3. Қосылыстардың графикалық формулаларын жазу.
4. Қосылыстардың номенклатурасы.
5. Металдар мен бейметалдардың генетикалық қатарын пайдаланып, заттардың алыну әдістері мен химиялық қасиеттеріне қатысты реакция теңдеулерін жазу.
6. Кешенді қосылыстар (қосылыс құрылымын анықтау, формулаларын құру алгоритмімен танысу, кешенді қосылыс түзуші және кешенді ионның зарядтарын анықтау, номенклатурасы, жіктелуі, изомерия түрлері.
7. Тарауға қатысты типтік есептермен танысып, шешу әдістерін үйрену.
а) химиялық элемент пен қосылыстарына олардың генетикалық қатарын пайдалану арқылы толық сипаттама беру,
ә) элементтің периодтық жүйедегі орнына байланысты олардың оксидтері мен гидроксидтерінің негіздік-қышқылдық қасиеттерін сипаттай білу,
б) кешенді қосылыстардың құрам бөліктерін, зарядтарын анықтап атай білу,
в) тұздарға (орта, негіздік, қышқылдық) толық сипаттама бере алу.