ЖАН БОДРИЙАР
(7 шілде 1929ж, Реймс, Франция – 6 наурыз 2007ж, Париж, Франция)
— француз социологы, культурологы және философ-постмодернист, фотограф.
Белгі-рәміздік обьектілер және коммуникация саласында айрықша философиялық теория жасаушы. Постиндустриялық қоғам мәселелерін зерттеумен шұғылданады.
Философиялық шығармалары:
«Заттар жүйесі» (1968), «Өндіріс айнасы» (1975), «Өнбейтін стратегиялар» (1983), «Общество потребления» (1970), «К критике политической экономии знака» (1972), «Символический обмен и смерть» (1976), «Соблазн» (1979), «Симулякры и симуляция» (1981), «В тени молчаливого большинства, или конец социального» (1982), «Америка» (эссе) (1986), «Прозрачность зла» (1990), «Пароли. От фрагмента к фрагменту» (2000) және т.б.
Философиялық афоризмдері:
Түкке тұрмайтын бірдеңенің бәсін көтеру үшін – оның маңайында едәуір бос қуыс жасалады.
***
Адам – заттан, зат – адамнан еркін бола алмайды.
***
Кеңістікте – айна қандай рөл атқарса, сағат – уақыт үшін сондай рөл атқарады.
***
Қашан да дайын тұрушылықтың соңы сөзсіз үрейге ұласады.
***
Зат – қоршаған ортасын қалыптастыруға келгенде адамның өзінің алдына түсіп алады да, оның әлдебір қадамдар жасауына ұйтқы болады.
***
Зат – адамның оған қатысты жасайтын қадамдарынан да гөрі күрделеніп барады.
***
Көзқарас – бойға бітер қасиеттің ең қатерлісі.
***
Орын алмастыра алмаушылық бар екенін бадырайта білдіру мен иерархиялық рәсім зат біткеннің бәріне де тән.
***
Негізінде, робот – қашан да құл болып қала бермек.
***
Молшылықта заттың аздығы емес, тез бүлінетіндігі мұңға айналады.
***
Үй-ішілік ахуал – өмір үшін мазасыздықтың бір көрінісі.
***
Кез-келген көне дүние осы күнге аман-сау жеткені үшін ғана сүйкімді.
***
Бөлме сағаты – біздің жүрегімізді артық мазаланудан сақтайтын темір жүрек.
***
Бояулардың әдетте моральдік-психологиялық мағынасы болады.
***
Тұтынудың шегіне шыға алмайсың.
***
Әлдебір міндет атқарушы адам – әуел бастан-ақ жалыққан адам.
***
Жайлы орындықтың жалғыз мұңы – ешқашан жападан жалғыз қалып қоймау, сол сияқты ешкіммен бетпе-бет те келіп қалмау.
***
Адам кеңістікті бағындыру арқылы өзінің нарцистік болмысының кескіндемесін жасайды.
***
Тұтынудың жойылмайтын себебі мынада жатса керек: ол әлдебір жетіспеушіліктерге негізделеді ғой.
***
Коллекционер міндетті түрде «тамаша статуэтка» екен демейді, «тамаша зат» екен дейді.
***
Несие жүйесі адамның өзінің алдындағы шыдамсыздығын шегіне жеткізе алады.
***
Толық жетілген қалып адамға өз құдырет-күшін сырттан бақылаушы рөлін ғана қалдырады.
***
Зат нақты тәжірибиелік қолданыстан шыққан сәтте-ақ мінез-құлық тәжірибиесі саласына өтеді.
***
Оған қажет болмай қалған нәрсе – бізге қажет болуы мүмкін.
***
Заттың әлсіздігі мен ажалы емес, соларға көзсіз елту –қасірет.
***
Туристік сапар қашан да жоғалған уақытты іздеумен өтеді.
***
Адамдарды жеңген кеңістіктен гөрі жеңілген кеңістік көбірек бөліп тұрады.
***
Қозғалыс – қажеттілік, жылдамдық – ләззат.
***
Біз мәңгі өз заттарымыздан оза алмай әуреге түсіп жүреміз.
***
Сатып алмаған зат біздің қолымыздан уақыт тұрғысында алғанда ғана сытылып шығады: ол ешқашан сіздікі болған да емес.