ЕКІ ТЫШҚАН

ЕКІ ТЫШҚАН ⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Бірде екі бірдей тышқан әртүрлі ыдыста тұрған сүтке түсіп кетіпті. ⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Бірі — пессимист,⠀екіншісі — оптимист болса керек. ⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Пессимист өз әдетіне салынып: «Ойбай-ай, не іс істедім?! Біткен жерім осы екен. Енді не істеймін?! Өмірі осы ғой. Қайғыдан көз аша алмайтын болдық қой. Өмір неткен қатал еді. Бұл тығырықтан енді МЕНІ КІМ ҚҰТҚАРАДЫ?» деп, байбаламға салынып, өзегін өртеген өкінішпен отырып, аяғында сүтке тұңшығып өліп кетсе керек.⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Ал, екіншісі оптимсит болса, сүтке түсе салысымен: «Қобалжуға алданбауым керек. Қолда бар мүмкіншілікті қолдана отырып, МЕН БҰЛ ТЫҒЫРЫҚТАН ҚАЛАЙ ҚҰТЫЛА АЛАМЫН?» деп өкініш пен қобалжуға, өзгені отырып кінәлауға жол берместен бірден аман қалудың жолын іздестіре бастайды. Сөйтіп ойлана келе, сүт араласқан ыдыстың ішін тоқтамай айналып жүгіре беріпті. Ақыр соңында, сүт қоюланып, өз өмірімен өзгеге үлгі болған тышқан мырза аман есен өз ініне жетіпті-міс.⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Бұл жәй ғана мысал. Тышқантану пәнін оқымадым. Бірақ бұл мысал екеш мысалдан сығып алар сабағы мол. ⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Біріншісі, ол кез келген тығырыққа тірелгенде шешімді өзінен емес, өзгеден күтіп жүріп өліп кететін (бұл жерде өлім деп адамның Алладан сый ретінде берілген ішкі қабілетін де атап өтуге болады) жандар жайлы айтылған болса, екіншісі, кез келген қиындыққа тап болғанда эмоцияға берілмей, ақылмен таразылап, жағдаятты өзгертуге қолынан не келетінін сараптап әрекет қылатын жандар жайлы айтылса керек.⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
«Әрбір қиындықпен бірге, сөзсіз, жеңілдік бар» 94:5⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Дастан Тынымбай @dastan_tynymbay мырзаның ФБ парақшасынан алынды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *