Европалық отарлауға дейінгі Америка халықтары

Европалық отарлауға дейінгі Америка халықтары.
Жоспары:
1.Солтүстік Америка.
2.Мезоамерика.
3.Оңтүстік Америка.
4.Европалықтардың Американы басып алуы мен отарлауы.
Мақсаты: Американың байырғы халықтары, қоныстану прцесі, этномәдени ерекшеліктері, шаруашылығы, мәдениеті және еуропалықтардың жаулап алуын ашу.
Жиі кездесетін сөздер. Индейс тілдері, арктикалық аңшылар, ацтек, майя, инк, жер өңдушілер, Кортес, мулат.
Американың түпкілікті халықтары көптеген тілдерде сөйлеген. Бірақ олардың тілдерін зерттеу кейінгі кездерден басталады. Тілдерді зерттеушілердің кейбіруелері үндістер екі мыңдай тіл семьяларында сөйлеген деген пікірлерді айтады. Солай болса да, мамандар үндістердің тілдерін зерттеп, оларды он бес тіл семьясына топтайды, олар: эскимос – алеут, атапас, алгонкин – вакаш, хока- сид, оңтүстік — ацтек, майя – соке, чипча, аршбак, кариб, туни – гуарани, кечу, аймара, араукаи, пуэльче. Осы аттары аталған тіл семьясы түпкілікті халықтардың аттарымен аталған. Әрбір семья генеологиялық және морфологиялық жақтан ұқсастықтарына қарай отырып, тіл топтарына бөлінгендіктен, бір тіл семьясына бірнеше туысқан тайпалардың кіруі мүмкін. Осынша тілдердеп сөйлеген сан жағынан үлкенді – кішілі халықтар, хасырлар бойы өздерінің заттай және рухани мәдениетін қалыптастырған.Америка жеріне қоныстанған көптеген тайпалардың шаруашылықтарын 10 үлкен топқа бөлуге болады: Арктиканың аңшылары мен балықшылары, орман аңшылары, Колифорнияның терімшілері мен аңшылары, Американың далалық аймақтарындағы аңшылары, солтүстік батыс жағалаудың үндістері, отты аралдардың тұрғындары, Солтүстік Американың шығыс және оңтүстік-шығыс егіншілері, Орталық және Оңтүстік Америкада құрылған мемлекеттер. Оңтүстік Американың басқа егінші халықтары.Америка халықтарының тарихын екі дәуірге бөлуге болады. Біріншісі, Американы алғашқы рет адамдарының қоныстануынан басталса, екінші, Американы ХV ғасырда еуропалық Христофор Колумб және оның серіктерінің ашу кезеңінен бастауға болады. Ұлы географиялық ашуларға дейін де Америка құрлығында халықтар өмір сүрген. Колумб және оның серіктері Американы тауып, ХV-ХVІ ғасырларда Америка тайпаларының бүтін әлем халықтарымен байланыс жасауына жол ашты.
Еуропалықтар келгенге дейін Америка аборигендерінің еуразиямен байланысы болды ма? Бұл мәселе аз зерттелген. Ал бізге белгілі ІХ-Х ғасырларда нормандар Гренландияны жаулап алып, мың жылдай Солтүстік Америкада бодандықтың негізін салды. Бірақ кейінгі ғасырларда нормандықтар жөнінде деректер жоқ. Оларды эскимостар қиратқан болуы мүмкін. Нормандармен байланысы болғаны жөнінде Америка мен Скандинавия халықтарының тарихында да деректер қалмаған. Француз этнографы П.Риведен кейін маорилік ғалым Те Ранги Хироа ХІІ ғасырда полинезиялық су жолы арқылы Оңтүстік Америкаға, қазіргі Перу жеріне жеткен деген пікір айтады. Солтүстік Американы қоныстану 1497 жылдан ХVII ғасырдың басына дейін жалғасқан.ХVI ғасыр мен ХVII ғасырдың алғашқы жылдары Солтүстік және Оңтүстік Американы отарлаудың шұғыл жүрген кезі болып табылады. Солтүстік Американың ХV ғасырда жаңадан ашылған кезеңі болса, ағылшын қызметіндегі итальяндықтар Джовании Габото мен оның баласы Севастьян теңізде жүзіп жүріп, осы жерге келгеннен кейін, олардың ізімен испандықтар Оңтүстік Американың жағлауларына келіп жетті. Испан отаршылдары үнділерге күш көрсетіп, оларды тұтқындап, үйлерін өртеді. Бұларға қарсы үндістер қатты қарсмылық көрсетті. Олардың көпшілігі отаршылар қолынан қаза тапты.ХVII ғасырдың басынан бастап, Батыс Еуропа елдерінде капитализмнің дамуына байланысты, Солтүстік Американы отарлау күшейе түмті. ХVII ғасырдың алғашқы он жылдарында-ақ Солтүстік Американың Атлант жағалауында Англияның Массачусетс, Вергиния, Францияның (Канадада), Голландияның Манхеттен аралы, Гувдзон өзенінің сияқты отарлары пайда болды. 1641 жылы барлық Голландиялық отарлар Англияның қарауына өтті. Жаңа Амстердам қаласы, кейін Нью-Йорк деп аталды. ХV ғасырдан бастап Орталық және Оңтүстік Америкаға құл–үндістердің орнына Африкадан негрлерді әкелді. Себебі отыашылдардың шаруашылығында жұмыс істеуден үндістер бас тартқан. Сондықтан еуропалықтар Африкадан негрлерді сатып әкелген. Сол дәуірде Англиядан, Голландиядан, Франциядан келген саудагерлер үндістердің жерін арзан бағаға сатып алып, ол жерлерді игеруде құлдардың еңбектерін пайдаланған. Солтүстік Американы ағылшындар отарлап алған соң, олар құлдардың тегін күшімен жаңа қоныста кәсіпкерлікті, майдагерлікті, фермерлік шаруашылықты дамытты. Англиядан келушілер молайған соң, бұл құрлықта капиталистік қарым – қатынас дамып, жаңадан американ ұлты пайда болып, Солтүстік Америка Респуьликасы құрылды. АҚШ ұлты сырттан келгендер мен жергілікті халықтардан құралды. Алайда американ ұлтының көпшілігі ағылшындар. Бұған Англиядағы көптеген аграрлық реформаға байланысты себеп болды. Солтүстік Америкада 1625 жылы Англиядан саны 1980 келімсектер болса, 1641 жылы олардың саны 50 мыңға жетті. Осыдан 50 жылдан кейін тұрғындар саны 200 мыңға дейін өсті. Олардың жергілікті үндістерді аямай құруының салдарынан көптеген тайпалар жойылып та кетті. Отаршылардың Америкаға келуі үндістердің көбінің құрып кетуіне алып келді. Африкадан әкелген негрлер де аяусыз қаналды. Әсіресе, бұл құрлықтың оңтүстігінде өте қатты болды 4 млн. негр-құлдар мен үндістер Америка ұлтына айналды. Африкадан әкелінген негрлер өздерімен бірге алып келген мәдениетінен, әдет – ғұрпынан, тілінен айырылды. Олар ағылшын, испан, француз және португал тілдерін үйренуге мәжбүр болды. Негрлер өздерінің азаттығы үшін талай рет отаршылдарға қарсы бас көтерді. Америка елдерінің тарихында азаттық үшін күрестегі шешуші күштер де сол негрлер еді. 1663 жылдан 1863 жылдар арасында негрлердің 250-ден астам көтерілісі мен бас көтеруі болды. Қазіргі Америкада американдық доллар демократиясы жағдайында негрлер экономикалық, саяси жағынан қаналулушы, американ еңбекшілеріунің ең кедей тобына жатады. АҚШ – тың 13 штатында мыңдаған негрдің сайлауға құқықығы жоқ. Осы уақытқа дейін оңтүстік штатта сайлау тәртібі ақша төлеу тәртібіне негізделген, ол сайлау салығы деп аталады. Бұл жағынан да көптеген негрлер сайлауға дауыс беруге қатыса алмады. Негрлердің тағдары қаланың шет аймақтарындағы кішігірім аудандарға орналасқан. Олардың 70%-ға жуығы өте ауыр жағдайда өмір сүреді. Бұған себеп еңбек ақының аздығы мен тұрмыстарының өте ауыр болуы. Дәрігерлік жәрдемді ақтармен салыстырғанда 14 есе төмен алды. Әр жылы АҚШ-та тамағын табу үшін еңбек етіп, миллиондаған негр балалары мектеп қабырғасынан тыс қалды. Мәселен, Миссисипи штатында мектепке барушылардың саны 45%-ға еш уақытта жеткен емес. Негрлер үшін жоғары білім алу өте қиын, ал жұмысқа орналасу одан да ауыр. Рухани мәдениеті және халық өнері. Аңшылықпен айналысып, көп жерді аралап жүретін эскимостар жер жағдайын өте жақсы меңгерген. Аркиканы зерттеушілерге эскимостар көп жәрдем берген.Эскимостарға тән өнердің басты бір түрі сүйек пен мүйіздерге ою-өрнек салу болып табылады. Олар пышақтың сабын, белдікті оюлап, сүйектен, мүйізден жасайды.Әр түрлі заттың бетіне аңшылықты бейнелейтін күрделі суреттер сала білген. Оларда сурет өнерінің дамуы әр түрлі тері киімдері, мерекелік маскаларды әсемденуінен-ақ көрінеді. Сол сияқты таңбалар салу мен әсем өрнектер сызу өнері дамыған. Әсіресе, әйелдердің бұл саладағы өнерлі ерекше жеңіл босанады, не болмаса о дүниеде жұмаққа кіреді. Эскимостарда ән мерекесін өткізіп тұрған, оған ерлер де, әйелдер де қатысқан. Әсіресе, олардың ән салып, өнер жарыстыруы өте қызық. Екі ер адам, не екі әйел көршілерінің алдына шығып, кезекпен ән салады. Бұл қазақтардың айтысына ұқсайды. Бос уақыттарында эскимостар ән салу мен бірге әр түрлі ойын ойнайды. Ер адамдар доп, «аң аулау» ойындарын ойнаған.Эскимостардың мекендеріне үш не төрт отбасы сиып кететіндей ептіп бірнеше юаспана етіп салады. Үйлері жаздық, қыстық болып, негізінен, екіге бөлінеді. Қыста тастан қаланып, төбесі тюлень терісімен жабылған, жартылай жертөле ғып салынған үйде тұрған. Мұнан басқа төртбұрышты ағаштан жасалған жеркепеде де тұрған. Ал жазда олар бұрын да, қазір де шатырда өмір сүреді. Ал Беринг бұғазында тұратын эскимостар жеңіл ағаш үйлерде тұрады.Эскимостардың діні бір үлкен сыртқы күшке сенуге негізделген. Ол табиғат құбылыстарының әсеріне туған. Жануарлардың ерекше жаны бар деп түсініп, оларға арналған әдет – ғұрып дамыған.
Солтүстік –Батыс Америка жағалауынджағы тайпалар.Американың солтүстік –батыс жағалауында көптеген, әр түрлі тіл топтарына жататын үндіс тайпалары өмір сүреді. Солтүстігінде — тлинкит, хайда, цимшиан, оңтүстігінде – квакиютель, нутка, семш, гинкуктар мекен етеді. Бұл тайпалардың еуропалықтар келгенге дейінгі негізгі кәсібі теңізбен тығыз байланысты болған. Балық аулау жақсы дамыған. Басты қорегі ретінде балықты көп аулап, қысқы қор етіп сақтаған. Сонымен қатар, үндістерде терімшілік те басты кәсіптерінің бірі болған. Балық аулау шаруашылығында еңбек өнімділігін үнемі ілгері дамытып отырған. Соған байланысты олар артық өнімді көп жинап, оны айырбастау арқылы басқа қажетін шығарып отырған.Бұл аймақтағы үндіс тайпаларының қоғамдық құрылысына келетін болсақ, қазіргі этнографиялық – тарихи деректерге сүйене отырып, отарлау дәуірі кезінде олардың да рулық құрылыстан өтіп кеткенін көреміз. ХVIII ғасырдың аяғында аналық — рулық қатынастың орнына үлкен әулеттік қауым келе бастаған. Жеке байлықтардың пайда болып, патриархалды құлдық кезең келгеннен соң, әкелік иелік басым бола бастаған. Сонымен, егін шаруашылығымен айналысушы тайпалардағы ауылдық қауымның пайда болуы секілілді, бұларда көп рулы ауылдық қауым дүниеге келді. Бұл кезеңде солтүстік — батыс үндіс тайпалары таптық қоғамда өмір сүрген жоқ. Өндіріс көзіне (жер, су, т.б.) ұжымдық меншік болды да, жеке меншіктік қатынас соның ішінде пайда бола бастады.Солтүстік Американың алгонкин және атапаскі тайпаларының тіршіліктері біраз зерттелген. Олар – аңшылар мен балықшылар тайпасы. Алгонкин тайпасына кри, монтанье, наскопи және тағы басқалары жатады. Олар көпшілігінде етпен қоректенген. Аңшылар тобы бірнеше үлкен әулеттерден құралған. Бұлар – аталық жағынан топтасқасн экзогамдық ұжымжар. Ру қыс кезінде бірлесе отырып, аңшылықпен айналысса, жаз кезінде барлық рулар бір жерде қоныстанып, балық аулаумен әрі аңшылықпен шұғылданады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *